Кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы. Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары, 2 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3. Түзулер мен жазықтықтардың перпендикулярлығы | Мектеп: Тараз қаласы ФМБ НЗМ | ||
Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||
Мұғалім: | |||
Сабақ тақырыбы | Кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 10.3.5 кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясының анықтамасын біледі; | ||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеу проекциясының анықтамасын біледі; перпендикуляр, көлбеу, көлбеудің проекциясы арасындағы байланысты нақтылап, есеп шығару барысында қолданады; | ||
Бағалау критерийлері | Оқушылар осы мақсатқа жетеді, егер - Кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеу проекциясының анықтамасын білсе; - Перпендикуляр, көлбеу, көлбеудің проекциясы арасындағы байланысты есеп шығару барысында қолдана алса. | ||
Тілдік мақсат | Оқушылар: – берілген тараудағы математикалық терминологияларды біледі; – Перпендикуляр, көлбеу, көлбеудің проекциясы; Берілген терминдерді қолданады: – Нүкте, түзу, жазықтық, кеңістік, перпендикуляр түзу, көлбеу, проекция | ||
Сабақтың түрі | Жаңа білімді бекіту. | ||
Құндылықтарды дарыту | Жауапкершілік. Құрмет. | ||
Бастапқы білім | Түзулердің өзара орналасуы, жазықтықтағы перпендикуляр мен көлбеу | ||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Ұйымдастыру кезеңі (5-минут) | Ұйымдастыру кезеңі(5 мин) Амандасу. Сыныпты түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Алдыңғы жоспардағы үй жұмысын тексеру, қиын деңгейін талдау. Сабақтың сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау, тұжырымдау және жазу Оқушылардан алдыңғы сабақтың мақсатын сұрау. Олай болса бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Перпендикуляр және көлбеу, көлбеу проекциясы».Сабақтың мақсаты: кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеу проекциясының анықтамасын білу; перпендикуляр, көлбеу, көлбеудің проекциясы арасындағы байланысты нақтылап, есеп шығару барысында қолдану; | ||||
Жаңа білімді бекіту (30-минут) | Білім жаңарту (5 мин) Ауызша сұрақ-жауап: Берілген нүктеден жазықтыққа түсірілген перпендикуляр дегеніміз не? Перпендикулярдың табаны дегеніміз не ? Нүктеден жазықтыққа жүргізілген көлбеуге анықтама беріңіз? Көлбеудің табаны дегеніміз не? Бір нүктеден түсірілген көлбеулер қасиеттері қандай? Бағалау: Мұғалім сұрақтарына жауап беріп, белсене қатысып отырған оқушыларға жұлдызша смайлик беріледі. Жаңа білімді бекіту (25-минут) Оқушылар 1,2,3 сандарын кезекпен санау арқылы 3 топқа бөлінеді. Әр топқа күрделі С тобынан 1 есептен беріледі. Оқушылар есепті топта бірлесіп шығарады. Есепті флипчартта орындайды. Топтық жұмыс: №1 топ. Қабырғасы 10 см ромбының сүйір бұрышы – 600. Ромбының бір қабырғасы арқылы жазықтық жүргізілген. Екінші қабырғасының жазықтыққа проекциясы 8 см. Ромбының диагональдарының осы жазықтыққа проекцияларын табыңыз. Жауабы: 8см; см №2 топ. АВС тік бұрышты үшбұрышы берілген. АС және ВС катеттері сәйкесінше 20 см және 15 см. Үшбұрыштың А төбесі арқылы өтетін және ВС қабырғасына параллель α жазықтығы жүргізілген. Катеттерінің біреуінің осы жазықтыққа проекциясы 12 см. Гипотенузаның осы жазықтықтағы проекциясының ұзындығын табыңыз. Жауабы: см №3 топ. Тең бүйірлі үшбұрыштың табаны және оған түсірілген биіктігі 4м. Берілген нүкте үшбұрыш жазықтығынан 6 м қашықтықта және әрбір төбесінен бірдей қашықтықта орналасқан. Нүктеден үшбұрыш төбелеріне дейінгі қашықтықты табыңыз. Жауабы: 6,5 м Бағалау: Тапсырманы орындамас бұрын оқушыларға топты бағалау парағы таратылады. Тапсырманы орындауға 15 минут беріледі. Одан кейін топтар сағат тілі бағытымен 2 рет ауысып өзге екі топтың жұмысын тексереді, әр топтың есебін 5 минуттан бағалайды. Топтар бағалау парағын толтырып болғаннан кейін әр топ өз жұмысын тақтаға іледі. Әр топ өзге екі топқа бағалау парағындағы дескрипторлар бойынша қандай ұпай қойғанын және неліктен екендігін айтады, ұсыныстары мен тілектерін айтады. Жеңімпаз топ анықталады. Топтық жұмысты бағалау парағы | ||||
Сабақтың соңы 5-минут | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: 1.Нені үйрендім? 2.Нені білгім келеді? 3.Нені түсінбедім? Үйге тапсырма: Нүктеден жазықтыққа 10 см және 17 см болатын екі көлбеу жүргізілген. Осы көлбеулердің проекцияларының айырмасы 9 см. Көлбеулердің проекцияларын табыңыз. | ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Оқушылар сабақ бойы топпен жұмыс жасайды. Топтық жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді. Ашық сұрақтар беріледі, себебі білімі жоғары оқушылар оларды кең ауқымды мағынада түсінеді. | Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау. Топпен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесін бағалау. Топтар бір-бірін бағалайды. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру