Үшбұрыштың орта сызығы. Трапецияның орта сызығы. Геометрия, 8 сынып, презентация, 2 сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Трапецияның орта сызығы. Үшбұрыштың орта сызығы.
Оқушылар:
8.1.1.12 үшбұрыш орта сызығының қасиетін дәлелдеу және қолдану;
8.1.1.13 трапеция орта сызығының қасиетін дәлелдеу және қолдану;
Сабақтың мақсаты:
Жұптық жұмыс
Кез келген АВС үшбұрышын салыңдар. АВ, АС,ВС қабырғаларының ұзындықтарын табыңдар.
2) АВ және ВС қабырғаларының ортасын табыңдар (сәйкесінше М және N деп белгілеңдер)
3) МN кесіндісінің ұзындығын табыңдар
4) АС және ВС қабырғаларының ортасын табыңдар (сәйкесінше K және N деп белгілеңдер)
5) KN кесіндісінің ұзындығын табыңдар
6) MK кесіндісінің ұзындығын табыңдар
7) Қорытынды жасаңдар
Үшбұрыштың қабырғаларының орталарын қосатын кесінді үшбұрыштың орта сызығы деп аталады.
Үшбұрыштың орта сызығы бір қабырғасына параллель және сол қабырғаның жартысына тең болады.
Үшбұрышта үш орта сызық жүргізуге болады.
Теорема: Үшбұрыштың орта сызығы екі қабырғасының ортасын
қосады, үшінші қабырғасына параллель және оның жартысына тең болады.
Трапецияның бүйір қабырғаларының ортасын қосатын кесінді трапецияның орта сызығы деп аталады.
Теорема. Трапецияның орта сызығы табандарына параллель және олардың қосындыларының жартысына тең.
Рефлексия
Нені орындадым?
Нені орындай алмадым?
Нені ескермедім?
Нені жетілдіру керек?
Үйге тапсырма
Егер E, F нүктелері сәйкесінше AB, CD кесінділерінің, ал G, H нүктелері сәйкесінше BE, CF кесінділерінің орталары болса, GH, EF, кесінділерін табыңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру