алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Интерьерді жарықтандырудың жобасын даярлау (тұрғын үй бөлмелері, өндірістік, қоғамдық орындар). Көркем еңбек (ұлдар), 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқамерзімді жоспар

Ұзақмерзімді мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп:

Үй мәдениеті Мұғалімнің аты-жөні:

Күні: Қатысқандар саны:

Сынып: 9 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Интерьерді жарықтандырудың жобасын даярлау (тұрғын үй бөлмелері, өндірістік, қоғамдық орындар))

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

9.2.5.2

Жарықтандырудың типтік және әртүрлі түрін сипаттау мен анықтау.

9.2.5.3

Функционалдық, эргономикалық және эстетикалық талаптарды ескере отырып, интерьердегі жарықтандыруды ұйымдастыру бойынша шығармашылық шешімдер дайындау.

Сабақ мақсаттары

Функционалды, эргономикалық және эстетикалық талаптарды (бөлменің түсін, айналар мен шағылысу беттердің болуын) ескере отырып, жарықтандырудың түрлері мен типтерін және ішкі жарықтандырудың қалай ұйымдастырылғанын қарастырады;

Жетістік критерийлері

Жарықтандыру шырақдандардың түрлерін , ерекшеліктерін ажырата алады.

Жарықтандыру жасау талаптарын біледі.

 Тілдік мақсаттар

Тақырыпқа қатысты сөздік және терминология: шам, галоген, диод, люминесцен, буферлік газ, вольфрам, ҚТ және Е, люкс,люмен, фаза.. сөздерінің мән-мағынасын ашып, танысу.

 Құндылықтарды дарыту

Оқушылар арасында өзара сыйластық қарыма-қатынас;

Отанына деген сүйіспеншілікті нығайту;

Азаматтық жауапкершілік пен патриотизм сезімін тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Физика, информатика..

АКТ қолдану дағдылары

Бейнебаяндар, слайдтық таныстырылым..

Бастапқы білім

Оқушылар электр қуаты сияқты ұғымдармен таныс.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин.

Ұйымдастыру бөлімі Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріледі. Оқушылар алдына сабақтың тақырыбы, мақсаты көрсетіліп, баяндалады.

Сабақтың ортасы

35 мин.

Интерьерді жарықтандыру жобасын әзірлеу (эскиз, жарықтандыру жоспары).Бөлме аумағына жарық беруді есептеу.

«Пәтерлерді жарықтандыру.Жарықтандыруды жобалау» бейнебаянын көру, содан соң талқылау.

Талқыланатын мәселелер:

• жарықтың үш түрі қандай? (жалпы, жұмыстық, сәндік)

• жалпы, жұмыстық және декоративті жарықтандыру функциялары қандай?

Сәндік жарықтандыруда қандай шамдар қолданылуы керек?

• Жарықтың дұрыс ұйымдастырылу жағыдайы, адамның денсаулығына әсер ету мүмкіндігін сіз қалай ойлайсыз : шамдардың орналасуы, жарық ағынының бағыты, күші, жарықтығы және т.б.

Оқушыларға кеңсе мен тұрғын үй бөлмелерінің жарықтандыру стандарттарының есептеу кестелерін таратып, кестені қалай қолдану керектігін түсіндіру. Сондай-ақ, A4 парақтарына өз пәтерлерінің эскизін және жоспарын масштабқа сәйкес қалай орындауды, кейін пәтердің бір бөлмесінің жарықтандыруының есептелуін көрсету (зал, балалар бөлмесі, ас балмесі, дәліз).

Тәжірибелік жұмыс.

Оқушыларға пәтерлердің әр бөлмесінің ауданын өлшеу үшін үй тапсырмасы берілген.

Тәжірибелік сабақта оқушылар (жеке немесе жұп) A4 парақтарында өз пәтерінің жоспарын жасайды, содан кейін арнайы үстелдерді пайдаланып, жарық көзінің санын және түрін көрсетіп, бөлмелердің бірінің жарықтандыруын есептейді.

Тапсырманы аяқтағаннан кейін оқушылар өз жұмыстарын бүкіл сыныпқа ұсынады.

https://samelectrik.ru/kakoj-dolzhna-byt-osveshhennost-v-kvartire-i-dome.html

Сабақтың соңы

3 мин.

Оқушыларға үй жұмысы ретінде өз үйлерінің әр бөлмесінің ауданын есептеп келу тапсырмасы беріледі.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы