алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Интерьерді аудандарға бөлу және жоспарлау (тұрғын үй бөлмелері, өндірістік, қоғамдық орындар). Көркем еңбек (ұлдар), 9 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

4А Бөлім. Үй мәдениеті. 1 сабақ

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Интерьерді аудандарға бөлу және жоспарлау.

(тұрғын үй бөлмелері, өндірістік, қоғамдық орындар)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.4.1. Жұмысты орындаудың реттілігі мен ұтымды (оптималды) әдістерін анықтай отырып, шығармашылық әрекеттерін жоспарлау.

 

 Сабақ мақсаттары

- Оқушылар интерьер дизайнын жасау бойынша іс-әрекеттерін жоспарлайды.

- Оқушылар жұмыс істеудің ұтымды әдісін таңдайды.

 

 Бағалау критерийлері

-Оқушылар оқу кабинетін жобалау бойынша жасайтын әрекеттерінің жоспарын құра алады;

- Оқушылар оқу кабинетін аймақтарға бөле алады;

- Түске сәйкес аймақтың нобай суретін жасай алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар пәндік сөздікті және арнайы терминологияны пайдалана отырып, аймаққа бөлу және ішкі көрінісін жоспарлау туралы өз ойын айта алады.

Пәнге қатысты арнайы сөздік пен терминология:

• Ішкі көрінісі (Интерьер)

• Сыртқы көрінісі (Экстерьер)

• Әшекей (декор) элементтері.

• Шағын сәулет пішіндері.

Диалог пен жазылым үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

• Мен осы декор элементтерін таңдадым, себебі ...

• Өз дизайнерлік жобамда мен ... қолдандым.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Тұлғаның кәсіби бағдарын жүзеге асырудың негізі ретінде денсаулық, мәдениет, жалпы және функционалдық сауаттылық құндылықтарын сіңіру.

Жайлы ортаны жасау үшін кез- келген ішкі көріністе аймаққа сауатты бөлу арқылы құндылықтарды сіңіру жүзеге асады.

 Пәнаралық байланыстар

Биология: адамның көңіл- күйіне түстің әсері.

Математика: Жоспарланған нысанның ішкі көрінісінің ауданы мен көлемін есептеу.

Сурет салу: бөлме жоспары

 АКТ қолдану дағдылары

Аймаққа бөлудің тиімді нұсқалары мен идеяларды іздеу үшін ғаламторды, ресурстарды пайдалану.

Бастапқы білім

8-сынып оқушылары осы бөлім барысында бақылау- өлшеу аспаптарымен танысқан және оларды есептеу мен өлшеуді орындау үшін таңдап, қолдана алады.

Сондай-ақ олар бөлім бойынша тұрғын үй экологиясы мен микроклиматы туралы негізгі бағыттарды оқыған және оны аймақтың ішкі көрінісін жоспарлауда қолдана алады.

Өз бетімен шығармашылық идеяларын дамыту және зерттеу үшін зерттеу жұмысы барысында әртүрлі ақпарат көздерін қолдана алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

Сабақтың ортасы

7 мин

7 мин

15 мин

1. Кіріспе тапсырма (фронтальды жұмыс).

- Бөлмелерді аймақтарға бөлу нұсқаларын қарастырыңыз.

- Қандай нысандар сізге ерекше әсер қалдырды? - Неліктен?

- Сіз өз жобаңызда қандай нысандарды қолданғыңыз келеді?

2. Мақсатты орындау (алдын-ала жұмыс).

Оқушылар сабақ тақырыбын болжап, оның мақсаттарын тұжырымдайды:

• интерьер дизайны бойынша іс-шараларды жоспарлау;

• жұмысты орындаудың ұтымды әдісін таңдау.

3. Бағалау критерийлерін анықтау (фронтальдік жұмыс)

Оқушылар ішкі көрініс дизайны бойынша жұмыстарды жоспарлауға бағытталған бағалау критерийлерін анықтайды.

4. Тақырыпты талқылау (фронтальдік жұмыс):

- Бейнежазба көру.

- Сұрақтарға жауап беріңіз:

• Аймаққа бөлу дегеніміз не және ол не үшін орындалады?

• Тұрғын үйдің қызметтік аймақтарын атаңыз?

• Сіз осы бейнежазбалардан тұрғын үйді аймақтарға бөлудің қандай тәсілдері туралы білдіңіз?

  • Бөлмені аймақтарға бөлу кезінде қандай элементтер қолданылады?

• Аймақтарға бөлуде қолданылатын сәндік элементтерді атаңыз.

Оқушылар бейнебаянды көріп, сұрақтарға жауап береді.

Аймаққа бөлу нұсқаларының тізімін жасайды.

5. Әрекеттерді жоспарлау (ТЖ)

- Оқу бөлмесінің дизайнын жасау бойынша жоспар құрыңыз.

- Дизайн әзірлеу кезінде нені ескеру керектігін талқылаңыз.

Оқушылар топта дизайнды жасаудың кезеңдерін талқылайды, қарапайым жоспар құрады.

Бағалау критерийлері:

  •  Оқушылар оқу кабинетінің дизайнын жасау бойынша іс-әрекеттерінің жоспарын құра алды.

6. Оқу кабинетін аймақтарға бөлу (ТЖ)

- Оқу бөлмесінің жоспарын қарастырыңыз.

- Онда қандай аймақтарды бөліп белгілеуге болатындығын анықтаңыз.

- Бұл аймақтарды қалай белгілеуге болады?

- Сіздің бөлмеңіздегі әртүрлі аймақтардың нобай- суретін жасаңыз.

- Сыныпқа өз идеяңызды таныстырыңыз.

Оқушылар оқу бөлмесінің жоспарын зерттейді, аймақтарды анықтайды және оларды бөліп- белгілеу мүмкіндіктері туралы идеяларды талқылайды. Содан кейін әрқайсысы бұл бөлменің бір аймағының нобай- суретін жасайды. Дайын жұмысты сыныпқа таныстырады және сұрақтарға жауап береді.

Бағалау критерийлері:

- Оқушылар оқу кабинеттерін аймақтарға бөле алады;

- Түске сәйкес аймақтың нобай суретін жасай алады.

Интерьердегі үй-жайларды аймақтарға бөлу: https://yandex.kz/video/search?filmId=1735850058798291395&text=зонирование%20помещений%20в%20интерьере

Дизайнда бөлмелерді аймақтарға бөлу https://yandex.kz/video/search?filmId=1339362786205509320&text=зонирование%20помещений%20в%20интерьере

Әртүрлі аймақтарды бөлетін суреттер

А4 парақшалары

Оқу кабинетінің жоспары

Түрлі -түсті қарындаш

А4 парағы

Сабақтың соңы

4мин.

Рефлексия.

«Менің түсініктемелерім»

 - Сөйлемді толықтырыңыз:

Мен аймақтарға бөлу ... білдім.

Мен өз жұмысымда аймақтарға бөлудің келесі түрлерін қолдандым:

Мен жоспар құра алдым ...

Стикерлер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар аудиторияға арналған аймақтарды құру жоспарын жасайды, бір аймақты тиісті түстермен суреттейді.

Ұсыныс әдісі күтілуде

Құрал-жабдықтармен жұмыс жасауда денсаулық және техника қауіпсіздігін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Тақырыптың ашылуына сабақ мақсаты дұрыс алынды. Сабақ барысында оқушылардың барлығы белсенді қатысты. Сабақ соңында қойылған мақсатқа барлық оқушылар жетті. Алайда скетчбуктың титул парағын безендіру бойынша оқушыларға уақыт жетпей қалды. Осы себептен өз идеяларын толық көрсетуге үлгермеді.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1 Бөлменің қызметтік аймақтары және оның түрлері туралы презентацияны талқылау. Барлық оқушылар белсенді талдап, өз ойларын, көңіл-күйлерін де жеткізе білді.

2. Бір бөлмелі пәтерді қызметтік аймаққа бөлу бұл оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен қиялын дамытуға үлкен септігін тигізді.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Еңбек сабағына уақыттың көбейтілуі тапсырмаларды тереңірек түсінуге және практикалық жұмыстар орындауға көмек берер еді.

2: Оқушылардың ашық сұрақтарға жауап беру дағдыларын дамыту.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сабақ барысында барлық оқушылар белсенді қатысты. Бұл сабақтың қызықты әрі танымдық деңгейде жоғары болғандығын дәлелдеді. Келесі сабақта тапсырмаларды күрделендіру жоспарлануда.


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы