Сәулеттік нысанның макетін орындауға қажетті материалдарды анықтау және таңдау. Көркем еңбек (ұлдар), 9 сынып, сабақ жоспары, 4 сабақ.


Сабақ жоспары (4 сабақ)

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2

Мектеп: ХББ НЗМ, Петропавл қ.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Садвакасова Н.С.

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Сәулеттік нысанның макетін орындауға қажетті материалдарды анықтау және таңдау

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.6.2 бұйымды дайындау мен безендіру барысында заманауи және дәстүрлі емес материалдарды қолданудың өзіндік (оригиналды) шешімдері мен жолдарын ұсыну; 

 Сабақ мақсаттары

  • Жоғары технологиялы құрылыс материалдарын зерттеу;
  • Жобаға құрылыс материалдар нұсқасын ұсыну;
  • Қолданатын материалдардың құрылыс материалдарына имитациялау жолдарын ұсыну.

 Бағалау критерийлері

  • Жоғары технологиялы заманауи құрылыс материалдарын зерттеді;
  • Зерттеуге негізделіп, өзінің жобасында қолданатын құрылыс материалдарын ұсынды;
  • Макет жасауда қолданатын материалдарды имитациялаудың жолдарын, балама (альтернативті) нұсқасын ұсынды;

 Тілдік мақсаттар

 

- салалық терминологияны қолдану;

- сұрақтарға жазбаша және ауызша жауап беру;

Пәндік лексика және терминология

ландшафттық дизайн, қала архитектурасы

екі өлшемді, үш өлшемді дизайн, компьютерлік жобалау бағдарламасы, жобалау бөлімі, қасбет, құрамбірліктер

экологиялық мәселелер, орнықтылық, жаһандық және мәдени бірегейлік, эстетика, дизайн элементтері

Тұрақты дамудың мақсаты (БҰҰ бойынша)

Климаттың өзгеруіне қарсы күрес, экологиялық мәселелер.

 Құндылықтарды

 дарыту

 

Ынтымақтастық – топта бір келісімге, шешімге келе отырып, шығармашылық жобаға қатысты материалдарды зерттеу, оларды имитациялаудың балама нұсқасын ұсыну кезінде бірігіп жұмыс жасайды.

 Кілттік

 дағдылар

Коммуникативті - оқушылар өз жұмыстарының нәтижелерімен бөліседі, сыни тұрғысынан ойлау-креативті, стандартты емес идеялардың ұсынуы.

Бастапқы білім

Оқушылар өздерінің ұсынған идеяларының негізінде спецификацияға сай құрылыс материалдарын алдыңғы сабақта жоспарлады, болжады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин.

Сабақ тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстыру.

РРТ 1-2

Сабақтың ортасы

5 мин

3 мин

15 мин

10 мин

Әр топқа 2 мин.

(W) Бейнематериал көру.

- Экологиялық тұрғыдан құрылыс материалдары құрамында пластиктің болуы қаншалықты тиімді?

- Бүгінгі таңда қандай смарт-материалдары жайлы білесіңдер?

- Олардың ерекшелігі неде?

(G) Зерттеу жұмысы

Оқушылар өткен сабақта мақсатты топтарға бөлінген.

Әлемде бар жоғары технологиялы заманауи материалдарды (мөлдір алюминий, биодинамикалық бетон, арболит және т.б.) зерттеңіз (АКТ көмегімен). Егер болашақта жобаны іске асырсаңыз, қандай материалдардың нұсқасын ұсынасыз? Сонымен қатар, өз макетіңізді жасау үшін материалдарды имитациялаудың балама нұсқасын ұсыныңыз. Ақпаратты сайт немесе шағын презентация (1 слайд) арқылы көрсетіңіз.

Зерттеу жұмысы төмендегі сұрақтарды қамтуы тиіс:

  • Сіздің ғимаратыңыз үшін қандай материалдар қолайлы, әрі тиімді? Неге?
  • Сіз ұсынған материалдың ерекшелігі неде?
  • Оларды пайдалануда қандай тәуекелдер мен кемшіліктер болуы мүмкін?
  • Өз макетіңізді жасау үшін материалдарды имитациялаудың балама нұсқасын ұсыныңыз.

(W) Презентация

Джигсо әдісі бойынша презентациялау (1 спикер таңдау).

https://www.youtube.com/watch?v=z935YxU4pyE

Интернетке қосылған ноутбук, скетчбук

скетчбук, ноутбук, сайт немесе презентация арқылы ұсынған презентация материалдары

Сабақтың соңы

4 мин

Рефлексия.

  • Қай топтың идеясы ұнады? Несімен?
  • Қандай ақпарат сен үшін жаңалық болды?
  • Өзіңнің жобаңда сыныптастарыңның ұсынған материалдар жайлы ақпаратты қолданасың ба?

Бағалау.

Жасалған жұмыстың қорытындысы ретінде бағалау критерийлері бойынша мақсатқа жеткенін атап өту.

Оқушылар скетчбукке қосымша өзгертулер енгізе алады.

Саралау - оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетті жоғары қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

(смайликтер, тағы басқа)

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

-

Өзара сындарлы кері байланыс беру арқылы түзету, өзін-өзі бағалау.

Оқушылар кеңсе пышағымен жұмыс істеу қағидаларын біледі, сонымен қатар, жұмысын аяқтағаннан кейін жұмыс орнын жинау.

Сабақбойыншарефлексия

Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылғанба? ОқушылардыңбарлығыОМқолжеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақтасаралаудұрысжүргізілдіме? Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма?

Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен?

Бұлбөлімдісабақтуралыөзпікіріңіздібілдіруүшінпайдаланыңыз. Өзсабағыңызтуралысолжақбағандаберілгенсұрақтарғажауапберіңіз.

Жалпыбаға

Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу