Модельдің жеке бөлшектерін дайындау. Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, қосымша материал.


Әдістемелік нұсқаулық

3 бөлім: Дизайн және технология

Сабақ тақырыбы: Модельдің жеке бөлшектерін дайындау

Сабақ мақсаты:

6.2.3.1

орындалған өлшем мен белгілеу негізінде бұйым дайындау үшін материалдарды электрлік қол құралдарымен өңдеу

6.2.3.2

ажырайтын және ажырамайтын біріктіру әдістерін қолданып, бірнеше бөлшектерден тұратын бұйым жасау

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Өткен сабақты қайталау.

Сабақтың тақырыбы, сабақ мақсаты мен бағалау керитерийлерін анықтау.

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге анықтаңыз.

Сыныппен талқылау.

Сұрақтарға жауап бер:

  • Қауіпсіздің техникасының ережелері не үшін қажет?
  • Егер де қауіпсіздік техникасын сақтамаса, қол электрлік құралдармен жұмыс істеу барысында қандай қауіпті жағдайлар туындауы мүмкін?
  • Қол аспаптарымен жұмыс істеудегі электроқауіпсіздік шаралары жайында айтып өтіңізші.

Практикалық жұмыс.

1 кезең. Жұқа арамен аралау үшін дайындаманы дайындау.

Дайындамаға суретті көшіргіш сурет арқылы салып көріңіз. Қарындаш арқылы белгілеуге болады. Содан кейін бұйым бөлшектерін аралауға кіріседі.

2 кезең. Жұқа араны жұмыс істеуге дайындау.

Алдымен егеуді араға орналастыру қажет. Ол үшін астыңғы қысқышты винтті шешу қажет. Егеудің тістері араның тұтқасына қарай тұрған күйі бекіту қажет.

Мақсат: фанерден қол/электрлік арамен контур бойынша бұйымды аралау.

Жұмысты орындау кезеңі.

  • Қажетті өлшемдегі дайындаманы дайындаңыз.
  • Суретті дайындамаға желімнің көмегімен түсіреміз.
  • Таңдалған құралдың көмегімен көлік құралы моделінің бөлшегін кесіп алыңыз.

Аралап болған соң, қағаз суретті алады, желімді губка немесе ветоштың көмегімен алып тастайды.

Суретті сондай-ақ, желім қарындаштың көмегімен де желімдеуге болады.

  • Сыртқы және ішкі контурларды белгілеп, біз арқылы тесік жасаңыз.
  • Араны жұмысқа дайындаңыз.
  • Контурдан 1 мм арақашықта арамен бұйымды аралауды бастаңыз.
  • Бұйымның контурын тазалаңыз.
  • Жұмыстың сапасын бақылаудан өткізіңіз.

Қауіпсіздік техникасын сақтау жөніндегі инструктаж.

  • Аралауға арналған үстел верстакта немесе үстелде мықты бекітілуі қажет.
  • Аралауды отырып жасайды. Түзу отырыңыз, аралау орнына жақын отырмаңыз.
  • Саусақтарды егеуге жақын орнатпаңыз.
  • Жұмыс уақытында алаңдамыз, өзге сыныптастарыңызға кедергі жасамаңыз.
  • Дайындамадан жоңқаны қолмен емес, арнайы щеткамен сыпырыңыз. Үрлемеңіз, қолмен сыпырмаңыз.

Сабақ соңында оқушылар сұрақтарға жауап беріп, рефлексия өткізеді.

Кері байланысқа қажетті сөйлемдер тақтаға жазылады.

  • Мен бүгін білдім...
  • Қиын болды....
  • Қызықты болды....
  • Менің түсінгенім...
  • Мен енді жасай аламын....
  • Мен үйрендім...
  • Мен жасай алдым..

Мені таңқалдырғаны....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу