Модельдің жеке бөлшектерін дайындау. Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, презентация.
Сабақ тақырыбы: Көлік құралын жасау.Модельдерін жеке бөлшектерін дайындау
3 БӨЛІМ: Дизайн және технология
Сабақ мақсаты:
Электрлік және қол жұқа араны қолданудың ерекшеліктерін біледі;
Қол және электрлік құралдардың ерекшеліктерін зерттейді.
Бағалау критерийлері:
Құрал-жабдықтарды қолдана алады;
Ажырайтын және ажырамайтын біріктіру әдістерін қолданады;
Бірнеше бөлшектерден тұратын бұйым жасайды.
Сұрақтарға жауап беріп А-1 форматтағы қағазға жаз.
2 группа электрлік және қол араларымен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасын не үшін сақтау керек?
1 группа – Көлік моделін жасау үшін материалдарды қалай дайындау қажет?
Практикалық жұмыс.
1 кезең. Жұқа арамен аралау үшін дайындаманы дайындау.
Дайындамаға суретті көшіргіш сурет арқылы салып көріңіз. Қарындаш арқылы белгілеуге болады. Содан кейін бұйым бөлшектерін аралауға кіріседі.
2 кезең. Жұқа араны жұмыс істеуге дайындау.
Алдымен егеуді араға орналастыру қажет. Ол үшін астыңғы қысқышты винтті шешу қажет. Егеудің тістері араның тұтқасына қарай тұрған күйі бекіту қажет.
Мақсат: фанерден қол/электрлік арамен контур бойынша бұйымды аралау.
Жұмысты орындау кезеңі.
1. Қажетті өлшемдегі дайындаманы дайындаңыз.
2. Суретті дайындамаға желімнің көмегімен түсіреміз.
3. Таңдалған құралдың көмегімен көлік құралы моделінің бөлшегін кесіп алыңыз.
4. Сыртқы және ішкі контурларды белгілеп, біз арқылы тесік жасаңыз.
5. Араны жұмысқа дайындаңыз.
6. Контурдан 1 мм арақашықта арамен бұйымды аралауды бастаңыз.
7. Бұйымның контурын тазалаңыз.
8. Жұмыстың сапасын бақылаудан өткізіңіз.
Кері байланыс
• Мен бүгін білдім...
• Қиын болды....
• Қызықты болды....
• Менің түсінгенім...
• Мен енді жасай аламын....
• Мен үйрендім...
• Мен жасай алдым..
• Мені таңқалдырғаны....
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру