Көлік құралдарының түрлеріне жалпы мағлұмат (Өздігімен зерттеу). Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, қосымша материал 3.


Әдістемелік нұсқаулық

3 бөлім: Дизайн және технология

Сабақ тақырыбы: Көлік құралдарының түрлеріне жалпы мағлұмат.

Сабақ мақсаты:

6.1.3.1

шығармашылық идеяларды іске асыру мақсатында ақпарат көздерін өз бетінше таңдап, қолдану

Сабақ барысы

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстыру.

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Мұғалім оқушыларды оқу іс-әрекетіне бағыттандырады;
  • Оқу үдерісінде мотивацияның туындауын қалыптастырады.

Оқу мақсаты мен сабақ тақырыптарын анықтау.

  • Оқушылар мұғаліммен алдын ала орналастырылған көлік құралдарының түрлерін қарастырады және сабақтың тақырыбын анықтайды(Үлестірмелі материал №1)
  • Көлік құралдары суреттерімен оқушылар бірнеше топтарға бірігеді. Әрбір топқа мұғалім қағазда сабақтың оқу мақсаты жазылған парақтар таратады. Оқушылар оқу мақсаттарына сәйкес сабақтың мақсаттарын анықтап, оқу іс-әрекеттерін өзара талқылап, сыныптастарына таныстырады.
  • Мұғалім аталмыш активитидің нәтижесін шығарып, сабақтың оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстырады.

Жаңа тақырыпты меңгеру.

Мұғалім мен оқушылардың өзара әңгімелесуі. Тақырып: көлік құралдарының түрлері.

  • Адамдар түрлі көлік құралдарын неліктен ойлап тапты?
  • Сізге таныс қатынас көліктерін айтып шығыңыз?
  • Транспорт дегеніміз не екендігін анықтап қағазға жазып шығыңыз?

Тапсырма №1

  • Түрлі ақпарат көздері және қолда бар материалдарды қолданып, құрастыру қажет:
  • 1-2 топ «Біздің өміріміздегі көлік» тақырыбына коллаж.
  • 3-4 топ: «Менің қаламдағы көлік» тақырыбына инфрокарта жасау.
  • Сыныпқа таныстыру. Топтық жұмысты бағалау. Критерийлер:
  • Коллаждың ақпараттылығы;
  • Таныстырылымның креативтілігі.

Ақпараттық карта бұл – материалдың логикалық схема бойынша жүйелі түрде орналастыру.

Әрбір коллаждың негізінде аппликация жатыр. Коллаж шығармашылық жұмыс үшін қолданылып, түрлі материалдармен икемделеді. Журнал, газет, түрлі иллюстрациялардың қиындылары. Коллаж фломастер, түрлі түсті қарындаш, бояулар және өзге де көркемдік материалдар.

Сыныпқа арналған сұрақ.

  • Қалай ойлайсыздар, көлік құралдарын қандай белгілері бойынша жіктеуге болады?

Тапсырма №2

Топта оқушылар көлік атаулары жазылған карточкаларды алып, оларды

  • Түрі;
  • Міндеті.
  • Атқаратын міндетіне қарай.

бойынша жіктейді. Тапсырма жарыс түрінде ұйымдастырылады. Талқылау барысында мұғалім бағыттаушы сұрақтар қояды.

Тапсырма №3

Венн диаграммасы бойынша көлік құралдарының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын сипаттаңдар. Зерттеу нәтижесін Венн диаграммасына орналастырыңыдар.

Сұрақтарға жауап бер.

  • Велосипедті көлік құралдарына жатқызуға болады ма?
  • Жегін малға жегілген арба, шананы көлік құралына жатқызуға болады ма?
  • Қандай көлік құралдары өздігінен, жегін малдың, қозғалтқыштың көмегімен қозғала алады?

Практикалық тапсырма

А-3 форматындағы қағазға болашақ көлігі моделінің эскизін орындаңыз.

1 топ – жолаушы көлігі;

2 топ – жүк көлігі;

3 топ – арнайы көлік.

Көліктеріңіздің ерекшелігі сипатталатындай етіп, идеяларыңызды таныстырыңыздар.

Тапсырманың критерийлері:

  • Ұқыптылық;
  • Сонылық(оригинальность);
  • Қауіпсіздік техникасын сақтау.

Бағалау

Оқушылар дайын жұмыстарды бағалайды. Және оларды бағалайды.

  • Ұқыптылық – жасыл түсті карточка;
  • Сонылық – сары түсті картчока;
  • Қауіпсіздік техникасын сақтау – қызыл түсті карточка.

Сұрақтарға жауап бер.

  • Не білдім, нені үйрендім.
  • Маған не түсініксіз қалды.
  • Нені үйренуім керек.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу