Көлік құралдарының түрлеріне жалпы мағлұмат (Өздігімен зерттеу). Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3 Бөлім: Дизайн және технология

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Көлік құралдарының түрлеріне жалпы мағлұмат (Өздігімен зерттеу).

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.3.1

шығармашылық идеяларды іске асыру мақсатында ақпарат көздерін өз бетінше таңдап, қолдану

 Сабақ мақсаттары

  • Көлік құралдары жайында түсініктерін қалыптастыру;
  • Көлік құралдарын классификациялау;
  • Шығармашылық жұмыс орындау.

 Бағалау критерийлері

  • Өзіндік шығармашылық идеяларын ұсыну;
  • Өзінің жұмыстарына талдау жүргізіп, бағалай алады;
  • Талқылау барысында пәндік терминологияны қолдана алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Әртүрлі көлік құралдарының өздеріне тән ерекшеліктерін сипаттайды.

Түсініктер: көлік түрлері.

Жазу мен сөйлеуге қатысты пайдалы сөз тіркестері:

  • Көлік түрлерінің классификациясын жасау кезінде.... маған қажетті ...
  • Бұл жұмыс...
  • Транспорт бұл -

 Құндылықтарды дарыту

  • Бір-бірімен жұмыс істей алу;
  • Топта жұмыс істеуде шыншылдықты дәріптеу.

 Пәнаралық байланыстар

Бұл сабақта пәнаралық байланыст қарастырылмаған.

 АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақ аясында АКТ дағдылары қарастырылмайды

Бастапқы білім

Информатика немесе робототехника үйірмелерінде робот түсінігімен таныс болуы мүмкін

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

1-2 мин

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстыру.

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Мұғалім оқушыларды оқу іс-әрекетіне бағыттандырады;
  • Оқу үдерісінде мотивацияның туындауын қалыптастырады.

Оқу мақсаты мен сабақ тақырыптарын анықтау.

  • Оқушылар мұғаліммен алдын ала орналастырылған көлік құралдарының түрлерін қарастырады және сабақтың тақырыбын анықтайды(Үлестірмелі материал №1)
  • Көлік құралдары суреттерімен оқушылар бірнеше топтарға бірігеді. Әрбір топқа мұғалім қағазда сабақтың оқу мақсаты жазылған парақтар таратады. Оқушылар оқу мақсаттарына сәйкес сабақтың мақсаттарын анықтап, оқу іс-әрекеттерін өзара талқылап, сыныптастарына таныстырады.
  • Мұғалім аталмыш активитидің нәтижесін шығарып, сабақтың оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстырады.

Көлік құралдары бейнеленген газет, журнал қиындылары.

Әрбір топқа біркелкі оқу мақсаты жазылған парақтар.

Сабақтың ортасы

10 минут

Жаңа тақырыпты меңгеру.

Мұғалім мен оқушылардың өзара әңгімелесуі. Тақырып: көлік құралдарының түрлері.

  • Адамдар түрлі көлік құралдарын неліктен ойлап тапты?
  • Сізге таныс қатынас көліктерін айтып шығыңыз?
  • Транспорт дегеніміз не екендігін анықтап қағазға жазып шығыңыз?

Тапсырма №1

  • Түрлі ақпарат көздері және қолда бар материалдарды қолданып, құрастыру қажет:
  • 1-2 топ «Біздің өміріміздегі көлік» тақырыбына коллаж.
  • 3-4 топ: «Менің қаламдағы көлік» тақырыбына инфрокарта жасау.
  • Сыныпқа таныстыру. Топтық жұмысты бағалау. Критерийлер:
  • Коллаждың ақпараттылығы;
  • Таныстырылымның креативтілігі.

Тапсырма №2

Топта оқушылар көлік атаулары жазылған карточкаларды алып, оларды

  • Түрі;
  • Міндеті.
  • Атқаратын міндетіне қарай.

бойынша жіктейді. Тапсырма жарыс түрінде ұйымдастырылады. Талқылау барысында мұғалім бағыттаушы сұрақтар қояды.

Тапсырма №3

Венн диаграммасы бойынша көлік құралдарының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын сипаттаңдар. Зерттеу нәтижесін Венн диаграммасына орналастырыңыдар.

Сұрақтарға жауап бар.

  • Велосипедті көлік құралдарына жатқызуға болады ма?
  • Жегін малға жегілген арба, шананы көлік құралына жатқызуға болады ма?
  • Қандай көлік құралдары өздігінен, жегін малдың, қозғалтқыштың көмегімен қозғала алады?

Практикалық тапсырма

А-3 форматындағы қағазға болашақ көлігі моделінің эскизін орындаңыз.

1 топ – жолаушы көлігі;

2 топ – жүк көлігі;

3 топ – арнайы көлік.

Көліктеріңіздің ерекшелігі сипатталатындай етіп, идеяларыңызды таныстырыңыздар.

Тапсырманың критерийлері:

  • Ұқыптылық;
  • Сонылық(оригинальность);
  • Қауіпсіздік техникасын сақтау.

Бағалау

Оқушылар дайын жұмыстарды бағалайды. Және оларды бағалайды.

  • Ұқыптылық – жасыл түсті карточка;
  • Сонылық – сары түсті картчока;
  • Қауіпсіздік техникасын сақтау – қызыл түсті карточка.

Электронды презентация

А-3 қағазы немесе флипчарттар, көркемдік материалдар

Классификацияны құруға қажетті таблица(Үлестірмелі материал)

Венн диаграммасын басып шығару.

Көркемдік материалдар және альбом.

Сабақтың соңы

Сұрақтарға жауап бер.

  • Не білдім, нені үйрендім.
  • Маған не түсініксіз қалды.
  • Нені үйренуім керек.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

  • Бірін – бірі бағалау.
  • Сұрақтар қою.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу