Бұйымды көркемдеп безендіру. Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Бұйымды көркемдеп безендіру

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.1.1

Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін анықтау, таңдау және қолдану.

 Сабақ мақсаттары

  • Өнердің көркем тәсілдерін бұйымды безендіру барысында қолдану;
  • Табиғи материалдан жасалған бұйымды безендіру.

 Бағалау критерийлері

  • Қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін табиғи материалдан жасалған бұйымды безендіру барысында қолданды.
  • Бұйымды безендірді.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Оқушылар орындай алады:

Бұйым туралы ауызша және жазбаша түрде баяндама жасап ойын түсіндіріп береді.

Пәндік тіл және терминология:

  • Табиғи материалдар, талдың қабығы,бұтақ, тал түбірі, құм ,жапырақ,гүл күлтелері, кепкен жемістер, сабан, құс қауырсындары, мүйіз, сүйек, тері.

Диалогқа/жазбаға қажетті тіркестер:

  • ............. бұйым жасауда қандай заңдылықтарды ескерген?
  • Мен бұл.........таңдау себебім, ...
  • Мен бұны ... материалдан жасалғанын білдім.
  • Мен ... ........пайдалы жақтарын білемін.
  • Мен ... материалдар мен құралдарды қолданғанын білдім.
  • Бұйым мынадай ............. тұрады

Құндылықтарды дарыту

Ғаламдық азаматтық жауапкершілік.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Оқушылардың жеке ізденіс жұмыстар жүргізу дағдысын дамыту.

Дәлелдемелер мен дәйектемелер келтіруде нақты мәліметтерді салыстыра білу .

Бастапқы білім

Дүниетану

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 мин

Сабақтың тақырыбы, сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлерін анықтау. Оқушыларды таныстыру.

РР 1-3

Сабақтың ортасы

5 мин

(С) Сұрақтарға жауап бер:

  • Бұйымды безендіру үшін неден бастаған жөн?
  • Бұйымды безендіру не үшін қажет?

Бейнематериал тамашалау.

  • Декоративті панно қалай безендірілген?
  • Безендіру барысында қандай материалдар қолданылған?

(С) Жұмысты безендіру бұл шығармашылық жұмысты жасаудың басты кезеңі болып табылады. Безендірусіз жұмыс сәтті/әсем көрінбеуі мүмкін.

Ойлан.

  • Жұмысыңды қалай әсемдеуге болады?
  • Әсемдеу, безендіруге қандай материалдарды қолданған жөн?

Безендірілетін материалдың түсі, пішіні, фактурасы, бұйымның идеясына жақын болуы тиіс.

Сұрақтарға жауап бер.

  • Табиғи материалдардан панноны қалай безендіруге болады?
  • Қандай құрал-жабдықтармен материалдар қолдануға болады?
  • Жұмысқа қандай желім қолданған дұрыс?
  • Желіммен жұмыс істеудің қауіпсіздік техникасы қандай болуы мүмкін?

Оқушылармен бірге материалдар және құрал-жабдықтармен жұмыс барысын талқылап өтіңіз.

Жұмыс барысының кезеңдерін талқыла:

  • Әсемдеу үшін сурет таңдау;
  • Безендіру үшін материал таңдау;
  • Панноңыздың өлшемін анықтаңыз;
  • Рамкаңыздың өлшемі;
  • Рамканың негізін сызғышпен өлшеп, содан кейін ғана кесіңіз.
  • Қажетті элементтермен әсемдеңіз;
  • Желімді абайлап қолданыңыз;

Қауіпсіздік техникасы туралы ұмытпаңыз.

Практикалық тасырма

Оқушылар табиғи материалдардан жасалған бұйымдарын әсемдеп, безендіруді жалғастырады.

Табиғи материалдардан жасалған бұйымдар:

Презентацияда.

Үлестірмелі материалдарда тастан бұйым жасаудың үлгісі көрсетілген.

http://www.allwomens.ru/44476-ramki-svoimi-rukami.html

Сабақтың соңы

2 минут

Бағалау

Оқушылардың тәжірибелік тапсырмасын тапсырманы орындауға арналған бағалау критерийлеріне сай бағалау жүргізу ұсынылады. Бұл бағалау бірін-бірі немесе өзін-өзі бағалау ретінде де өтуі мүмкін.

Рефлексия:

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

  • Не сәтті шықты? Нені түрлендіру қажет?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Сабақ барысында оқушылардың үйренгенін бағалау үшін сұрақтарды пайдалануға болады. Мысалы,

  • сабақтың бағалау критерийлері қандай?
  • Не сәтті шықты? Нені түрлендіру қажет?

жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;

оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;

құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;

бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;

жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;

жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;

басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;

жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу