Электр қуатының негізгі көздері туралы жалпы мәліметтер. Көркем еңбек (ұлдар), 5 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары 1

Бөлім: Бөлім 5А «Үй мәдениеті»

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Электр қуатының негізгі көздері туралы жалпы мәліметтер.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.2.5.3 Электр энергиясы көздері туралы айтып беру.

 Сабақ мақсаттары

Электр энергиясы көздері туралы олардың түрлері мен қасиеттерін, құрылысын анықтап, зерттеу

 Жетістік критерийлері

  • Электр энергиясының көздері туралы мәліметтерді айтып беру.
  • Электр энергиясының түрлерін ажыра білу.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәндік терминология

Электр энергиясы, электр тоғы, электротехникалық арматура, электр энергисының көзі.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

- оқушылар тапсырманы талқылау барысында бір-бірімен ынтымақтастық қарым-қатынаста болады

- жаңа тақырыпты меңгеруде жауапкершіліктің болуы ескеріліп отырады.

Құндылықтарды дарыту сабақта электр қуатының негізгі көздері туралы жалпы мәліметтерді талқылау арқылы жүзеге асады.

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі (диалектика, талдау )

Орыс тілі (терминология )

 АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта. Интернет желісінен электр қуатының негізгі көздері туралы жалпы мәліметтерді іздестіру.

Бастапқы білім

Оқушылар бастапқыдан электр энергиясының көздері туралы мәліметтерді білуі керек? (негізгі ұғымдар, фактілер, формулалар, терориялар)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақ басында:

Қыздыру : кіріспе, сөйлесу.

Сабақ тақырыбымен танысу

- оқу және сабақ мақсаттарын анықтап алу

- плакаттардан, интербелсенді тақтадан сабақ тақырыбына сай материалдарды көрсету

- мұғалім оқушыларға көрсету үшін ток көздерін батареяның түрлері көрсетеді. Оқушылармен әңгіме барысында жәнеде басқа ток көздерін естеріне түсіреді.

Суреттер, плакаттар, интербелсенді тақта,ток көздері үлгілері

Сабақтың ортасы

Электр тоғы дегеніміз не?

Электр энергиясының көздерімен танысу.

(МК) Телевизор, компьютер, кір жуу машинасы, қол шамы, тоңазытқыш, қысқы толқынды пеш, ұялы телефон жұмыс жасау үшін не қажет?

Оқушыларға біздің үйімізге электр тоғы қалай келетіндігін атап айтып бер.

Тақырыппен танысу үшін «Электр тоғы» және «Генератор-ток көзі» тақырыбындағы таныстырыл және бейнебаянды көрген жөн.

Оқушыларға сұрақ қойыңыз, мысалы;

  • Аккумулятордың генератордан қандай айырмашылығы бар?
  • Егерде телевизордың штепсельді айырын суырып тастасақ, ол өшіп қалады, ал егерде ноутбук айырын алып тастасақ, ол жұмыс жасай береді. Неге? (ноутбукте автономды аккумулятор батареясы бар).

Оқушылар топпен немесе жұппен зерттеу жұмыстарын жасай отырып Электр көзі дегеніміз не?

талдайды және оларды анықтайды.

Тоқ көзі

Көрнекілік және таныстырылым материалдары

Электр тоғы:

http://infourok.ru/prezentaciya_

http://infourok.ru/prezentaciya_

tok._elektrichestvo_doma.-469747.htm

Сабақтың соңы

Мұғалім практикалық жұмыстың критерийлері көрсетілген бағалау парақтарын оқушыларға ұсынады. Зерттеу жұмыстарын қорытындылай келе оқушылар топтар арасында ток көздерінің қасиеттерін талдап және олардың неден жасалғанын қасиеттерін талдауы, олардан қай жерде қолданылуын талдап, зерттеп бағалау парақтарына өзара бағаларын қояды.

Рефлексия жүргізу мақсатында мұғалім оқушылардың алдына кері байланыс парақтарын қояды. Оқушылар:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет деген тармақтарды толтырады

Тоқ көзі – генератор:

https://www.youtube.com/watch?

v=DM1O2GbKQv4&ebc= ANyPxKrpnOcjFZAJWfh5Jp

W6gORm3VQuSl3rHv4uDtRn51

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу