Интерьерге арналған 2D/3D сәндік бұйымдарды жасау. Соңғы өңдеу. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, дидактикалық материал.


 4 Бөлім. Үй мәдениеті

 Сабақ тақырыбы: Интерьерге арналған 2D/3D сәндік бұйымдарды жасау. Соңғы өңдеу.

 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

 8.2.5.3 өз бетінше материалдар мен техниканы анықтап, таңдай отырып, эстетикалық және техникалық талаптарға сай келетін интерьерге арналған сәндік бұйымдар дайындау;8.3.4.1 өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және адаптациялауда қолданылған идеяларды талдауда және бағалауда негізінделген сыни ұсыныстар жасау;8.2.6.1 техника қауіпсіздігін қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану.

 

 Сабақ мақсаты: интерьерге арналған сәндік бұйымды соңғы өңдеу және безендіруді орындау. Бұйымды жасау үшін қолданылған идеялар мен тәсілдерді бағалау

 Сабақ барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, назар аударту.

2. Сабақ тақырыбы және мақсатымен танысу: оқушыларды сабақ тақырыбы және мақсатымен таныстырыңыз, олармен бірге бағалау критерийлерін талқылаңыз.

3. Тірек білімдерін белсенділендіру

 Оқушыларға сұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз:

  • Сәндік бұйым жасаудың соңғы кезеңінде қандай операцияларды орындау қажет?
  • Бұйымның дайын түріне не әсер етуі мүмкін?
  • Безендірудің қандай тәсілдерін ұсына аласыз?

 Жұмысты аяқтау кезеңінің өте маңызды екеніне назар аудартыңыз, дұрыс безендіру шығармашылық жұмыстың құндылығын арттыра түседі.

4. Интерьерге арналған сәндік бұйымды соңғы өңдеу және безендіру тәсілдерін көрсету.

 Оқушылармен бірге бұйым жасау кезеңдерін қайталаңыз, дайындаудың таңдалған техникасына байланысты соңғы кезеңінің мазмұнын талқылаңыз. Бұйымды безендіру мен соңғы өңдеу қажеттілігі ортақ болып келеді. Оқушыларға өңдеудің – қоршаған ортаның сыртқы ықпалынан қорғау және оның сыртқы түрін жақсарту мақсатында құрастырылған бұйымды соңғы өңдеу екенін түсіндіріңіз. Әрлеу беттерді эстетикалық және қорғау қасиеттерін жақсарту үшін өңдеу болып табылады. Сәндік әрлеу оның сыртқы түрін жақсарту үшін, бұйымның бетінде әдемі текстура, түс немесе сурет қалыптастырады. Сәндік әсерге бетін бояу арқылы қол жеткізуге болады. Бояудың технологиялық процесі бояу қабатын жағу және әрлеу дайындығынан тұрады. Мөлдір әрлеу, яғни лактау кезінде, бетке лак жағылады.

 Бояу үшін әртүрлі көркем материалдар, аэрозольді бояулар қолданылады. (http://fdecor.blogspot.com/2016/11/blog-post_94.html

  Субүркігіш үлгілері; https://kraska.guru/kraski/vidy/aerozolnaya.html Бояу баллонын таңдау кезінде неге назар аудару керек?).

 Аэрозольды бояулар негізіне байланысты бөлінеді.

 Акрильді бояулардың төзімділігі жоғары және ұзақ жылдар бойы түстің ашықтығын сақтайды.

 Алкидті бояулар сәндік-безендіру жұмыстарында сирек қолданылады, алкидті спрей шыны немесе металдарға сурет салу үшін қолданылады.

 Аэрозольді бояулар алынған әсерлері бойынша бөлінеді:

  • күңгірт, бірқалыпты реңк беретін;
  • жылтыр, жалтыраған және күнге құбылатын;
  • металданған, металл әсерін беретін;
  • құбылмалы, жарыққа байланысты түсі өзгеріп тұрады;
  • көне (кракелюрный), ескінің әсерін беретін;
  • флуоресценттік, жалтыраған түрлі-түсті палитрасы бар, қараңғыда сурет жылтырап көрінеді.

 «Борлы спрей» бояуы сәндік-қолданбалы шығармалшылыққа арналған су негізді сия, пигмент, акрильді эмульсия, тазартылған судан тұрады. «Борлы спрей» зиянсыз, кислотасыз, қағаз, картон, ДВП, ағаш, матамен және бояу қабаты жағылған кез келген бетте жұмыс жасауға қолданылады. Кепкен кезде борлы әсермен күңгірт-жібек тәрізді түрге енеді. Бояудың баллон түрінде қолданылуы қарапайым және қолайлы, бірақ оны қолдана отырып, органикалық негіздегі спрей тез тұтанатынын ескеру қажет. Оларды ашық отқа жақын қолдануға болмайды.

 Бояуды қолдану кезінде еденді және сәндеуге жатпайтын басқа беттерді жауып қою керек. Жұмыс кезінде респиратор қолдану қажет. Ұсақ бөліктер тыныс алу жолдарына түсіп, тітіркендіруі мүмкін. Жұмыс орнын дайындап, көркемдік сәндеуге кірісуге болады.

 Бояу баллонын жоғары-төмен бес секунд шайқаймыз, шайқау арқылы негіздегі металл шарик біркелкі құрамды қамтамасыз етеді. Бояуды боялатын беттен 30 см алшақ және аздап қисайта ұстау керек. Бояуды айқыш-ұйқыш етіп жағу, егер бірінші қабат ұзынынан жағылса, онда келесі қабат көлденеңінен жағылуы керек.

 Ұсақ сәндік заттарды көлденеңінен орналастырған дұрыс, бұл бояудың ағып кетуінен сақтайды.

Аэрозольды бояулар тез кебу жылдамдығымен ерекшеленеді. 5-10 минуттан соң екінші қабатты немесе сурет элементін салуға болады.

 Деко глазурь – сәндік-қолданбалы шығармашылыққа арналған су негізді жартылай мөлдір жылтырақ бояу. Кез келген бетке қолдануға болады. Кепкен соң жылтырайды, түсі ашық, текстурасы мурмандық түрлі-түсті әйнекке ұқсайды. Кіріктірме шүмегімен мөлдір флаконда шығарылады. Қолдану тәсілі: бірден флаконнан немесе қылқаламмен жағуға болады.

 Слайдтар таныстырылымын немесе суреттер көрсету кезінде интерьер стилімен сәндік бұйымның безендірілуінің үйлесімді кірігуі керектігіне оқушылардың назарын аудару қажет. Жұмысты безендіруді дұрыс таңдау, түс үйлесімділігі, фактурасы және т.б. бұйымның ерекшелігін көрсетеді. Оқушылармен өңдеу және безендіру тәсілдерін, қауіпсіз жұмыс жасау аспектілерін талқылаңыз.

5. Тәжірибелік жұмыс. Сәндік бұйымды соңғы өңдеу және безендіру

 Оқушылар жұмыс орнын дайындайды, онда материалдар мен бұйымды орналастырады. Оқушыларға өзара ақылдасып, бір-біріне көмектесуі үшін өз жұмыс орнын ұқсас техникамен жұмыс жасайтын сыныптастарымен қатар орналастыруға ұсыныс жасаңыз.

Тапсырмаға арналған дескрипторды талқылаңыз.

Тапсырма дескрипторлары:

 - бұйым жасауда соңғы операциялар орындалған;

 - бұйым интерьерге орналастыру үшін безендірілген;

 - өңделуінде кемшіліктер жоқ;

 - қауіпсіздік техникасы ережелері сақталған.

 Оқушылар қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, жоспарланған кезеңдерге сәйкес сәндік бұйымды өңдеудің соңғы операциясын орындайды.

Оқушылардың тәжірибелік жұмысты орындау кезінде жұмыс орнының ұйымдастырылуын, қауіпсіздік техникасының сақталуын, орындау тәсілі мен өңдеу сапасын тексере отырып, мақсатты аралау, оқушылармен жеке нұсқаулық жүргізіңіз. Тәжірибелік жұмыс соңында оқушылар жұмыс орнын жинайды.

6. Жұмысты бағалау.

 Оқушылармен дайын жұмысты бағалау критерийлерін талқылаңыз, ұсынылған тізімді қарастыру және өз критерийлерін ұсынуды тапсырыңыз:

  • шығармашылық ойдың ерекшелігі;
  • материалды қолданудың дәстүрлі еместігі;
  • түстердің гармониялық үйлесімділігі;
  • композициялық шешім;
  • жұмыстың орындалу сапасы.

 Оқушылар сыныптастарының жұмысын қарайды, критерий бойынша бағалайды, бағасына түсінік береді.

 

 7. Рефлексия: «Рефлексивті экран»

 Оқушыларға рефлексивті экрандағы сөйлемнің басталуын таңдай отырып, бір сөйлеммен шеңбер бойымен пікірін айтуды ұсыныңыз:

  • Мен бүгін … білдім.
  • Маған … қызықты болды.
  • Маған … қиын болды.
  • Мен ... тапсырманы орындадым.
  • Мен ... екендігін түсіндім.
  • Енді мен… жасай аламын.
  • Мен ... сезіндім.
  • Мен … білдім.
  • Мен…үйрендім.
  • Менің қолымнан ... жасау келді.
  • Мен…жасадым.
  • Мен…тырысып көремін.
  • Мені… таңқалдырды.
  • Мен сабақтан өмірге қажетті ... алдым.
  • Мен …жасағым келеді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
» Мұғалімдер ұрлап жатыр: Петропавлда осындай жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды.
» 🏡Үй алуды мақсат еткендерге тағы бір жағымды жаңалық😍
Пікір жазу