алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Интерьерге арналған 2D/3D сәндік бұйымдарды жасау. Соңғы өңдеу. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, дидактикалық материал.


 Сұрақтарға жауап беріңдер:

  • Сәндік бұйым жасаудың соңғы кезеңінде қандай операцияларды орындау қажет?
  • Бұйымның дайын түріне не әсер етуі мүмкін?
  • Безендірудің қандай тәсілдерін ұсына аласыз?

 

Тәжірибелік жұмыс. Сәндік бұйымды соңғы өңдеу және безендіру

 Жұмыс орнын дайындаңдар, онда материалдар мен бұйымды орналастырыңдар.

Соңғы өңдеуге арналған материалдарды таңдаңдар. Қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, жоспарланған кезеңдерге сәйкес сәндік бұйымды өңдеудің соңғы операциясын орындаңдар.

 Тәжірибелік жұмыс соңында жұмыс орнын жинаңдар.

Тапсырма дескрипторлары:

 - бұйым жасауда соңғы операциялар орындалған;

 - бұйым интерьерге орналастыру үшін безендірілген;

 - өңделуінде кемшіліктер жоқ;

 - қауіпсіздік техникасы ережелері сақталған.

 

 Аэрозолды бояуды қолдану ережелері.

 Бояуды қолдану кезінде еденді және сәндеуге жатпайтын басқа беттерді жауып қою керек.

 Құрамы біркелкі болуы үшін, бояу баллонын жоғары-төмен 5 секунд шайқау.

Бояуды боялатын беттен 30 см алшақ және аздап қисайта бұрыштап ұстау керек. Бояуды айқыш-ұйқыш етіп жағу, егер бірінші қабат ұзынынан жағылса, онда келесі қабатты көлденеңінен жағу керек.

 Ұсақ сәндік заттарды көлденеңінен орналастырған дұрыс, бұл бояудың ағып кетуінен сақтайды.

Аэрозольды бояулар тез кебу жылдамдығымен ерекшеленеді. 5-10 минуттан соң екінші қабатты жағуға болады.

 Жұмысқа респираторды қолдану керек.

 

Интерьерге арналған сәндік бұйымдарды безендіру үлгілері

 

 Ұсынылған тізімді қарастырыңдар және сәндік бұйымды бағалау критерийлерін ұсыныңдар:

  • шығармашылық ойдың ерекшелігі;
  • материалды қолданудың дәстүрлі еместігі;
  • түстердің гармониялық үйлесімділігі;
  • композициялық шешімі;
  • жұмыстың орындалу сапасы.

 

 Рефлексия: «Рефлексивті экран»

 Рефлексивті экрандағы сөйлемнің басталуын таңдап, оны жалғастырып аяқтаңдар:

  • Мен бүгін … білдім.
  • Маған … қызықты болды.
  • Маған … қиын болды.
  • Мен ... тапсырманы орындадым.
  • Мен ... екендігін түсіндім.
  • Енді мен… жасай аламын.
  • Мен ... сезіндім.
  • Мен … білдім.
  • Мен…үйрендім.
  • Менің қолымнан ... жасау келді.
  • Мен…жасадым.
  • Мен…тырысып көремін.
  • Мені… таңқалдырды.
  • Мен сабақтан өмірге қажетті ... алдым.
  • Мен …жасағым келеді.

 

 


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы