Интерьерге арналған сәнді бұйымдар (2D/3D форматта). Құрал-жабдықтар мен материалдарды дайындау. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, дидактикалық материал.


 4 Бөлім. Үй мәдениеті

 Сабақ тақырыбы: Интерьерге арналған сәнді бұйымдар (2D/3D форматта). Құрал-жабдықтар мен материалдарды дайындау.

 

 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты:

 8.1.6.2 бұйымды дайындау мен безендіру үшін заманауи және дәстүрлі емес материалдардың тиімді қолданылуын түсіне отырып өздігінен таңдау;8.1.6.4 шығармашылық жұмыстар жасау үшін әр түрлі технологиялар мен өнер материалдарын өз бетінше анықтау, таңдау және біріктіру.

 

 Сабақ мақсаты: интерьерге арналған сәндік бұйымды дайындау үшін заманауи және дәстүрлі емес материалдарды қолдану. Оны дайындауға арналған көркемдік материалдар мен әртүрлі техниканы үйлестіру.

 

Сабақ барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, сыныпта жақсы жағдай қалыптастыру.

 

 2. Білімді белсендіру мақсатында өткенді қайталау.

 Оқушылар жұптарға бірігеді, бір-біріне өткен сабақта орындаған эскиздерін, бұйым жасау үшін дайындаған материалын көрсетеді. Бұйым жасау үшін оның жеткіліктілігін, түстерінің үйлесімділігін және өзге материалдармен ауыстыру мүмкіндігін талқылайды.

Оқушыларға келесі сұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз:

  • Материал таңдауға қандай факторлар әсер етті?
  • Таңдалған материалдың өңдеу барысында қолданылуы, яғни бұйым жасау процесін жеңілдете ме, қиындата ма?
  • Бұйым бөліктері/бөлшектері/элементтері қандай тәсілмен біріктіріледі?

3. Сабақ тақырыбы және мақсатымен танысу:

оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстырыңыз, олармен бірге бағалау критерийлерін талқылаңыз.

4. Интерьердің сәндік бөлігінде қолданылатын материалдардың үлгілерін көрсету. Интерьердің сәндік бөлігін жасауда қолданылатын әртүрлі материалдардың үлгілерімен суреттер немесе таныстырылымын дайындаңыз. (https://dekorin.me/sovremennye-predmety-interera-6-trendov-dlya-dekora-doma/ Интерьердің заманауи бұйымдары – үйді сәндеуге арналған 6 тренд; http://www.tairtd.ru/information/dekorirovanie-mebeli-i-predmetov-interera/ Интерьер бұйымдарын сәндеу; http://www.tairtd.ru/information/master-class/Trafaretnaya-zhivopis.html Трафареттік көркем сурет. Сәндік панно; https://housechief.ru/panno-na-stenu.html Қабырғаға салынған панно: сіздің интерьеріңізді безендіруге арналған қалыпсыз және бюджеттік тәсілдеме).

 Бүгінгі таңдағы шығармашылықтағы жаңа бағыт «Аrt Trash» (арт треш), «Аrt Dump» (арт дамп) туралы әңгімелеңіз. Бұл – қалдықтардан жасалған өнер, әлем экологиясына зиян келтірмейтін және алдағы уақытта адамдар пайдасы үшін қолдануға болатын, қалдықтардан арт бұйымдар жасау (5-7 слайдтар).

 Оқушыларға ассамбляж – әр текті материалдар мен заттардың бірігу принципі бойынша құрылған, көркем туындыны белгілейтін термин екенін түсіндіріңіз. Өнеркәсіптік өндірістің дайын өнімдері қосылған танымал композиция. Мұндай шығармаларды поп-арт өкілдері жиі жасаған. Ассамбляж П.Пикассо мен Ж.Брактың коллаж, кубистік картиналарынан бастау алады. Кеңістікте әр түрлі заттарды біріктіру арқылы суретшілер туынды мен шынайы кеңістіктегі шекараны жояды (7 слайд).

 Таныстырылым/сурет көрсету арқылы оқушылардан көрсетілген үлгідегі материалдардың қалай өңделгенін және қолданылғанын түсіндіруді сұраңыз. Табиғи өсімдік материалы – бұтақ және сүрек (ағаштың қабық астындағы қатты бөлігі) (7-10 слайдтар), қағаз (11 слайд), айна (12 слайд), жіңішке арқан және бау (13 слайд), тоқыма (14 слайд), әртүрлі табиғи және жасанды материалдар – кесілген бұтақ, ұлу қабыршағы, компакт-дискілер және т.б. (15-17 слайдтар).

5. Тәжірибелік жұмыс: материалдарды жіктеу.

Сәндік заттардың атауы немесе суреті бар карточкалар дайындаңыз, оқушылар өздері таңдап, топтарға бірігеді.

 Оқушыларға сәндік заттарға арналған материалдарды жіктеуді ұсыныңыз, яғни белгілері бойынша реттеу, материалды жіктеудің сызбасын құру. Мысалы,

  • шығу тегі бойынша – табиғи (табиғи таза, органикалық немесе органикалық емес) және жасанды;
  • өңдеу тәсілі бойынша – табиғи немесе жасанды;
  • қолданылу тәсілі бойынша – дәстүрлі (классикалық) және дәстүрлі емес;
  • «жасы» бойынша – жаңа және бұрынғы қолданыстағы (органикалық емес тұрмыстық қалдықтар) және т.б.

Сұрақтарды талқылай отырып, оқушыларды тұрғын үй интерьерін сәндеуде материалдың экологиялық қасиеті және оның адам денсаулығына әсерінің өте маңызды екенін түсіндіріңіз/ескертіңіз.

Материалдың эстетикалық қасиеттерін қолдану (формасы, түсі, фактурасы, суреті мен текстурасы), интерьердегі сәндік бұйымның ерекшелігіне әсер етеді.

 

 6. Тәжірибелік жұмыс: материалдар мен құралдарды дайындау. Ағымдық нұсқау.

 Оқушыларға материал түрі бойынша жұп/топтарға бірігуді ұсыныңыз, мысалы, бұйым жасауға арналған негізгі материал – қағаз немесе сәндік бұйым түрі бойынша, мысалы, коллаж, панно, диван жастығы және т.б. болып табылады.

 Тәжірибелік жұмысты жеке орындауға болады. Тапсырмаға арналған дескрипторды талқылаңыз. Шығармашылық жұмыс түрі мен жасау техникасын таңдау бұйым дайындау реттілігіне әсер етеді. Оқушыларға бұйымның негізіне арналған материалдың қай кезеңде қолданылатынын, бөлшектерді біріктіру, сәндеу, сонымен бірге дайындау барысында құрал-жабдықтарды қолдану реттілігін анықтауды ұсыныңыз (19 слайд).

 Негізге арналған және бұйымды сәндеу материалдары келесілер: қағаздар (ескі журналдар, газеттер, картон және одан жасалған бұйымдар), пластик (пластикалық бөтелкелер, бір рет қолданылатын ыдыстар және т.б.), металл (қаңылтыр консерві банкілері, сусындардың алюминий банкілері), тоқыма материалдардың қиықтары, шыны (шытынаған бокалдар, стақандар, қажетсіз бөтелкелер) және т.б. болуы мүмкін. Бөлшектерді біріктіруге арналған материалдар: «Момент» желімі, ПВА желімі, екі жақты скотч, термопластикалық желім т.б. болуы мүмкін.

Оқушылар кестені толтырады.

№ р/с

Кезеңі/реттілік

Материал (атауы, саны, түсі)

Құрал-жабдықтар

1

2

3

4

Оқушылармен бірге шығармашылық жұмыстың орындау кезеңдерін, кездесетін қиындықтарды, таңдалған материалдың түстік гаммасы, олардың үйлесімділігі, құрал-жабдықтарды алудың экономикалық жақтарын талқылаңыз.

Оқушыларға бөлшектерді белгілеу, таңдалған материалдан бұйым бөліктерін немесе элементтерін дайындауды орындай отырып, материалдармен тәжірибе жасауды ұсыныңыз.

Оқушыларға өңдеу кезінде материал қасиеті өзгеріске ұшырауы, материалды басқаға ауыстыру қажеттігі туындауы мүмкіндігін ескертіңіз. Жұмыс орнын аралап, оқушылардың техника қауіпсіздігін сақтауын тексеріңіз, жекелеген кеңес беріңіз.

 

7. Жұмыс таныстырылымы:

Оқушылар кестеге енгізілген ақпаратты талқылайды, сыныптастарының жұмысына түсініктеме береді.

 

8. Рефлексия: «Плюс – минус – қызықты»

Оқушыларға жазбаша немесе ауызша орындауға ұсыныс жасаңыз (уақытқа байланысты). Жазбаша түрде оқушылар кестенің үш бөлігін толтырады. «П» - «плюс» бөліміне сабақта ұнағанның барлығын жазады, ақпараттар мен жұмыс формалары. «М» - «минус» бөлігіне не ұнамағанын жазады, оқушы көзқарасы бойынша оған қажет емес ақпараттар. «Қ» - «қызықты» бөліміне сабақтағы қызықты жағдайларды, тағы нені білгісі келетінін және мұғалімге сұрағын жазады.

Плюс

Минус

Қызықты

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу