Жеке бөлшектерді өңдеу. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, дидактикалық материал.


3 Бөлім. Дизайн және технология

Сабақ тақырыбы: Жеке бөлшектерді өңдеу.

Оқу мақсаттары:

8.2.3.1 қол мен тігін құрал-жабдықтарын және олардың құрылғыларын қолдана отырып, тоқыма материалдарын өңдеу мен сәндеудің тиімді әдістерін анықтау және қолдану;8.2.3.2 әртүрлі конструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) қолдана отырып, өз бетінше құрастырған технологиялық құжат арқылы күрделендірілген бұйымдар дайындау;

Сабақ мақсаты:

Оқушылар тігін бұйымының жеке бөлшектерін өңдеу ережелерімен танысады, тәжірибелік жұмыс кезінде таңдаған материалы мен қажетті құрал-жабдықтарды қолданады және иық бұйымының бөлшектерін өңдейді.

  • Ұйымдастыру кезеңі:

Бұл үшінші тоқсанның жетінші сабағы. Мұғалім оқушыларды сабақ басында «Дәйексөзді тап» тәсілі арқылы оқу барысына ынталандыру үшін, белсенді оқу іс-әрекетіне бағыттайды. Белсенді оқу іс-әрекетіне ынталандыру үшін электронды презентация слайдтарын немесе қазақ тіліндегі аудармасымен ағылшын тіліндегі әртүрлі дәйексөздерден флипчарт дайындауға болады.

 Мысалы, A dream becomes a goal when action is taken toward its achievement. жетістікке жетуге ұмтылғанда, арман мақсатқа айналады. The future belongs to those, who believe in beauty of their dreams. - Болашақ өз арманына сенетіндерге тиесілі. Success doesn't come to you. You go to it. - Табыс (жетістік) сізге өзі келмейді, сіз оған ұмтыласыз. Success is not in what you have, but who you are - Жетістік сендегі бар дүние емес, өзіңді қалай елестетуіңізде. Fortune favors the brave. - Батылдарға тағдырдың өзі жол ашады.

Мұғалім сайттағы ақпараттарды қолдана отырып, басқа сөздерді де қолдануына болады: https://statusycitaty.ru/statusyi-na-angliyskom/motiviruyuschie-tsitatyi-na-angliyskom-s-perevodom.html

Оқушылар бірнеше топқа бірігіп, өз таңдауларын дәлелдей отырып, өз таңдауына сәйкес дәйексөзді таңдайды. Әр топ таңдаған дәйексөз мағынасын осы сабақтағы іс-әрекетпен салыстырады.

  • Мақсатты тұжырымдау

Оқушылар сынып тақтасында жазылған сабақтың тақырыбымен және мақсатымен танысады және бірлескен талқылауда бір-біріне оның мәнін түсіндіреді.

  • Миға шабуыл

Мұғалім белсендендіру үшін оқушыларға сұрақ қойып, жауап беруін сұрайды:

Бұл сабақта тігін бұйымының қандай жеке бөліктерін өңдеу қажет?

Оқушылар топта бұл туралы өз ойлары мен идеяларын үлкен қағаз бетіне немесе флипчартқа жаза отырып, талқылайды және бір-біріне айтады. Мүмкіндігінше бұл ақпаратты кабинеттегі көрнекті жерге орналастырған жөн және оған сабақ барысында қажеттілігіне қарай қарауға болады.

  • Жаңа ақпарат. Топтық жұмыс.

 Мұғалім бұл белсенділікті өткізу үшін алдын ала артқы бетінде тігін бұйымын өңдеу түрінің атаулары жазылған карточкалар дайындауы қажет.

Қолтық ойындысы немесе жең аузын өңдеу

Мойын ойындысын өңдеу

Бұйым қиықтарын өңдеу

 Оқушылар карточка бойынша топтарға бірігеді және топта тәжірибелік жұмысты орындаудың кезеңдік реттілігі берілген нұсқаулық-технологиялық картаны қарастырады. Әр топ жаңа ақпаратты қарастырады және өз сыныптастарына ұсынады. Сұрақтар туындаған жағдайда мұғалім оған түсініктеме береді.

  • Жұмысқа дайындық

Оқушылар тігін бұйымының жеке бөлшектерін өңдеу бойынша қажетті операцияны орындау үшін, қажетті материалды, құрал-жабдықтарды таңдап, дайындайды.

  • Тәжірибелік жұмыс. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма.

 Тәжірибелік жұмысты орындау кезінде оқушылар таңдаған тәсілдері мен құрал-жабдықтарды қолдана отырып, тігін бұйымының жеке бөлшектерін өңдейді.

Маңызды: мұғалім жұмысты орындау алдында оқушыларға келесілерді:

  • орындау ұқыптылығы;
  • бұйымның жалпы қолданылуына таңдалған операцияның сәйкестігі;
  • жұмыс кезінде техника қауіпсіздігін сақтауды ескере отырып, жұмысты бағалау критерийлерін бірлескен әңгімеде талқылауды ұсынады.
  • Ылғалды-жылумен өңдеу.

 Мұғалім бұйымды ылғалды-жылумен өңдеу тәсілдері туралы ақпаратпен таныстырады. Бұл тәсілдің қаншалықты маңызды әрі қажеттілігін түсіндіреді.

  • Өзіндік бақылау

Оқушылар өзіндік бақылау кезінде өз жұмыстарында келесілерді:

  • қаттама енінің бірдейлігін;
  • тігісінің түзулігін;
  • ылғалды-жылумен өңдеу сапасын тексеруі қажет.
  • Бағалау

Өзіндік бағалау: Оқушылар өз жұмыстарының ерекшелігін түсіндере отырып, бір-біріне көрсетеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу