Шығармашылық жұмысты орындау. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, дидатикалық материал.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

«Шығармашылық жұмысты орындау» тақырыбына арналған сабақ «Сәндік қолданбалы өнер» бөлімінің бесінші тақырыбы. Бұл сабақта оқушылар білу және түсіну дағдыларымен қоса қолдану дағдыларын пайдаланатын болады. Ол үшін өткен сабақта орындаған шығармашылық кезеңдерін одан әрі жалғастыратын болады.

 Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын және бағалау критерийлерімен таныстырып болғаннан кейін, тәжірбиелік жұмыс орындауға арналған құрал- жабдықтар мен материалдардың түгел екеніне көз жеткізіңіз. Одан әрі оқушылардың тәжірбиелік жұмыс жасауына мүмкіндік беріңіз.

Сабақ барысы.

Оқушылар өткен сабақтарда нобай әзірледіңдер, тәжірбиелік жұмысты орындау тәсілін таптыңдар және жұмыстың алғашқы кезеңін орындаған болатын. Ендігі уақытта оқушылар өздері таңдаған әдіс тәсіл арқылы жұмыстарын жалғастыратын болады.

Тапсырма .Тәжірбиелік жұмыс.

Оқушыларды техникалық құжаттары мен нобайларына сүйене отырып, өз жұмыстарына тиімді материалдар мен құрал жабдықтарды пайдаланып киіз басу немесе ши тоқу техникасында тәжірбиелік жұмыстарын жалғастыратын болады. Оқушылар 3-5 кезең бойынша жұмыс орындайды. Дискрипторлармен таныстырыңыз. Қажет болған жағдайда оқушыларды бақылап, көмектесіңіз.

Бағалау. Кері байланыс.

Төрт кезең бойынша орындалған жұмыстарын мальбертке немесе сыныптың бір бұрышына қойып, талдап, болашақта еңгізетін өзгертулер мен ұсыныстарды өз альбомдарына жазып алады. Сабақтың соңында оқушыларға рефлексия: «Сізге осы техникамен жұмыс істеген ұнады ма?- нені үйрендім, нені білдім- не түсініксіз қалды- немен жұмыс істеу керек»- деген сияқты сұрақтар көмегімен кері байланыс алуыңызға болады.

 Қосымша ақпарат.

Интер белсенді тақта болмаған жағдайда сізге Қазақ халқының киіз басу және ши тоқу техникаларының фото суреттері мен қолда бар көрнекі бұйымдарын алдын ала дайындап алу ұсынылады. Бұл сіздің сабағыңыздың өз дәрежесінде өткізуге септігін тигізеді.

 

 

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері.

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 

 

 

1 қосымша

 

 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  •  жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  •  оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  •  құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  •  бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  •  жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  •  жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  •  басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  •  жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 

 Қайшымен жұмыс жасау кезінде -

  •  жақсы қиятын қайшымен жұмыс жаса;
  •  қайшы басы жасық әрі дөңгелектенген болуы шарт;
  •  қайшыны ашық тастама;
  •  сақинасын алға қаратып қайшыны ұсын;
  •  қайшымен ойнама, бетіне тигізбе;
  •  қайшыны керек уақытында пайдалан.

 Инемен жұмыс жасау кезінде –

  •  инені дұрыстап ұстауды үйрен;
  •  жұмысты астына тақтайша қойып жаса;

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу