Материалдарды және құрал-жабдықтарды таңдау және дайындау. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3 A бөлім: Дизайн және технология | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Материалдарды және құрал-жабдықтарды таңдау және дайындау | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.1.6.3 Тоқыма материалдары мен бұйымдарының қасиеттері мен фактурасын анықтау және зерделеу. 6.1.6.2 Бірқатар заманауи және дәстүрлі емес материалдарды білу, оларды өңдеу мен пайдаланудың тиімді жолдарын (немесе әдістерін) анықтау 6.2.2.1 Тігін машинасын қалыпты күйге келтіруді білу және орындау. | |||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар
| Пәнге тән лексика мен терминология: Фактура – texture Мата қасиеті – свойства ткани - tissue properties Талшық – волокна – fiber Тігін машинасы – швейная машинка - sewing machine Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Бұл матаның ... қасиеттері анықталды. Бұл матаны ... қолдануға болады. Гигиеналық қасиеті бойынша .... айтуға болады. Жасанды және табиғи материалдарды ... ажыратуға болады. Себебі, ... | |||||
Құндылықтарды дарыту | Осы сабақта балалардың бойына еңбек және шығармашылық, бір-біріне құрмет құндылықтары практикалық тапсырма орындау арқылы дарытады. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Химия (мата талшықтарының құрамы мен қасиетін анықтау тапсырмасы). | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақта оқушылар интернеттен мәлімет іздеу дағдыларын дамытады. | |||||
Бастапқы білім | Оқушылар алдыңғы сабақта тоқыма материалдарынан түрлі бұйым жасау туралы идеяларын дамыту бойынша жұмыс жасады. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы | Алдыңғы сабақта біз мата талшықтары мен түрлері туралы мәлімет алдық. Ал енді олардан бұйым дайындау үшін бөліктерін біріктіруге арналған құрыл, - тігін машинасымен жұмыс жасаймыз. | |||||
Сабақтың ортасы
| Материалдарды және құрал-жабдықтарды таңдау және дайындау. Оқушыларға қол тігістері мен машина тігістерімен орындалған бұйымды қарастыру ұсынылады. Екі тігістің қалай орындалғанын және қандай құрал-жабдықтар пайдаланғандығын анықтайды. Түрлі машина тігістерін қарастыруды ұсыну. Оқушылармен матамен жұмыс барысында тігістің қолданылуын, оның қалай жүргізілетінін, тігін машинасының қалай жұмыс жасайтынын талқылау. (К) Астыңғы және үстіңгі жіпті керетін реттегіштің қалай жұмыс істейтінін, ине нөмірін таңдауды, оны дұрыс орнатуды көрсету. Келесі іс-әрекеттерді кезеңімен орындау ұсынылады:
(Т) Тапсырма 2. Түрлі мата қиындыларында машина тігістерін орындау. Дескрипторлар:
Техника қауіпсіздігі ережесі 1. Жұмыс орнына жарық сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсу керек. 2. Отыратын орындық пен тігін машинасының ара қашықтығы 10-15 см болу керек. 3. Тігін машинасының айналатын бөлшектеріне тым жақындамаңдар. 4. Іске шашты жинап, женді қайырып немесе түймелеп кірісу қажет. 5. Жұмысқа кірісуден бұрын машина платформасындағы қажет емес заттарды тазалап, оның аяғының нық тұрғанына, инелерінің дұрыс орналасқандығына көз жеткізу керек. 6. Машина жұмыс істеп тұрғанда, машинаның қозғалып тұрған бөлшектеріне жақын еңкеюге болмайды. 7. Қол саусақтарын машинаның табанымен инеге жақындатпау керек. 8. Тігін машинасымен жұмыс істегенде машинаның қозғалысынан және айналып тұрған бөлшектерінен сақтан. 9. Жұмыс кезінде арнайы киім: алжапқыш, басқа орамал тарту керек. 10. Аяқтаған соң жұмыс орнын тазалау. - Үстіңгі жіптің керілуі қалай реттеледі? -Астыңғы жіптің керілуі қалай реттеледі? - Инешаншым ұзындығы неге байланысты? - Машина тігімінде кездесетін ақауларды ата. - Тігімдегі астыңғы немесе үстіңгі жіптің іркілуін қалай жөндеуге болады? Мұғалім жұмыс барысында жұмыстың ұқыпты орындалуын, тігін машинасымен тігіс жүргізу барысында қауіпсіздік техникасының сақталуын қадағалайды. Мұғалім қол және машина инесінің құрылысын қарастырып, оларды салыстыруды, ұқсастығы мен айырмашылығын анықтауды ұсынады. Оқушылар өз ой-пікірлерімен бөлседі. | https://www.youtube.com/watch?v=L_8b4hDrsLo Тігін машинасының жұмысы 0:47-3:30 слайд http://vce-tkani.ru/stati/vidy-i-primeneniye-mashinnykh-shvov http://www.milla-sidelnikova.com/varianty-strochek-petelnymi-stezhkami-chast-1.html тігін машинасы, мата қиындылары, қайшы, ине, басқа тағатын орамал Техника қауіпсіздігі туралы жадынама | ||||
Сабақтың соңы | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет | Екі жұлдыз бір тілек стикері | ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Оқушылардың орындаған практикалық тапсырмаларын таныстыру нәтижесі арқылы бағалау
| Техника қауіпсіздігі ережесі 1. Жұмыс орнына жарық сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсу керек. 2. Отыратын орындық пен тігін машинасының ара қашықтығы 10-15 см болу керек. 3. Тігін машинасының айналатын бөлшектеріне тым жақындамаңдар. 4. Іске шашты жинап, женді қайырып немесе түймелеп кірісу қажет. 5. Жұмысқа кірісуден бұрын машина платформасындағы қажет емес заттарды тазалап, оның аяғының нық тұрғанына, инелерінің дұрыс орналасқандығына көз жеткізу керек. 6. Машина жұмыс істеп тұрғанда, машинаның қозғалып тұрған бөлшектеріне жақын еңкеюге болмайды. 7. Қол саусақтарын машинаның табанымен инеге жақындатпау керек. 8. Тігін машинасымен жұмыс істегенде машинаның қозғалысынан және айналып тұрған бөлшектерінен сақтан. 9. Жұмыс кезінде арнайы киім: алжапқыш, басқа орамал тарту керек. 10. Аяқтаған соң жұмыс орнын тазалау. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||
Қосымша 1
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру