Материалдарды және құрал-жабдықтарды таңдау және дайындау. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.
Әдістемелік нұсқаулық
3 бөлім: Дизайн және технология
Сабақ тақырыбы: Материалдарды және құрал-жабдықтарды таңдау және дайындау
Сабақ мақсаты:
6.1.6.3
Тоқыма материалдары мен бұйымдарының қасиеттері мен фактурасын анықтау және зерделеу.
6.1.6.2
Бірқатар заманауи және дәстүрлі емес материалдарды білу, оларды өңдеу мен пайдаланудың тиімді жолдарын (немесе әдістерін) анықтау
6.2.2.1
Тігін машинасын қалыпты күйге келтіруді білу және орындау.
Сабақ барысы
Алдыңғы сабақта біз мата талшықтары мен түрлері туралы мәлімет алдық. Ал енді олардан бұйым дайындау үшін бөліктерін біріктіруге арналған құрыл, - тігін машинасымен жұмыс жасаймыз.
Материалдарды және құрал-жабдықтарды таңдау және дайындау.
Оқушыларға қол тігістері мен машина тігістерімен орындалған бұйымды қарастыру ұсынылады. Екі тігістің қалай орындалғанын және қандай құрал-жабдықтар пайдаланғандығын анықтайды.
Түрлі машина тігістерін қарастыруды ұсыну. Оқушылармен матамен жұмыс барысында тігістің қолданылуын, оның қалай жүргізілетінін, тігін машинасының қалай жұмыс жасайтынын талқылау.
(К) Астыңғы және үстіңгі жіпті керетін реттегіштің қалай жұмыс істейтінін, ине нөмірін таңдауды, оны дұрыс орнатуды көрсету. Келесі іс-әрекеттерді кезеңімен орындау ұсынылады:
1.Шарыққа (шпулька) жіп орау.
2.Үстіңгі және астыңғы жіпті сабақтау.
3.Мата қиығына тігім жүргізу.
4.Жіптің керілуі мен инешаншым ұзындығын реттеу.
(Т) Тапсырма 2. Түрлі мата қиындыларында машина тігістерін орындау.
Дескрипторлар:
1.Машинаның үстіңгі және астыңғы жібін дұрыс өткізеді;
2.Мата қиындысын тігін машинасына дұрыс орналастырады.
3.Инешаншым ұзындығын матаға байланысты дұрыс таңдайды;
4.Техника қауіпсіздігін сақтап, тігіс түрлерін орындайды.
Техника қауіпсіздігі ережесі
1. Жұмыс орнына жарық сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсу керек.
2. Отыратын орындық пен тігін машинасының ара қашықтығы 10-15 см болу керек.
3. Тігін машинасының айналатын бөлшектеріне тым жақындамаңдар.
4. Іске шашты жинап, женді қайырып немесе түймелеп кірісу қажет.
5. Жұмысқа кірісуден бұрын машина платформасындағы қажет емес заттарды тазалап, оның аяғының нық тұрғанына, инелерінің дұрыс орналасқандығына көз жеткізу керек.
6. Машина жұмыс істеп тұрғанда, машинаның қозғалып тұрған бөлшектеріне жақын еңкеюге болмайды.
7. Қол саусақтарын машинаның табанымен инеге жақындатпау керек.
8. Тігін машинасымен жұмыс істегенде машинаның қозғалысынан және айналып тұрған бөлшектерінен сақтан.
9. Жұмыс кезінде арнайы киім: алжапқыш, басқа орамал тарту керек. 10. Аяқтаған соң жұмыс орнын тазалау.
- Үстіңгі жіптің керілуі қалай реттеледі?
-Астыңғы жіптің керілуі қалай реттеледі?
- Инешаншым ұзындығы неге байланысты?
- Машина тігімінде кездесетін ақауларды ата.
- Тігімдегі астыңғы немесе үстіңгі жіптің іркілуін қалай жөндеуге болады?
Мұғалім жұмыс барысында жұмыстың ұқыпты орындалуын, тігін машинасымен тігіс жүргізу барысында қауіпсіздік техникасының сақталуын қадағалайды.
Мұғалім қол және машина инесінің құрылысын қарастырып, оларды салыстыруды, ұқсастығы мен айырмашылығын анықтауды ұсынады. Оқушылар өз ой-пікірлерімен бөлседі.
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
- немен жұмысты жалғастыру қажет
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру