Тоқу өнері. Ілмекпен тоқу. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2 Бөлім: Сәндік-қолданбалы өнер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тоқу өнері. Ілмекпен тоқу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.1

Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы білімі мен түсінігін көрсету.

 Сабақ мақсаттары

  • Тоқу өнерімен танысу.
  • Ілмекпен тоқудың ерекшеліктерін қарастыру.

 Бағалау критерийлері

  • Тоқу өнерінің түрлерін біледі.
  • Қазақ және әлем мәдениетіндегі ілмекпен тоқу өнерінің ерекшеліктерін қарастырды.

 Тілдік мақсаттар

 

Әртүрлі тоқыма өнерінің өздеріне тән ерекшеліктерін сипаттайды.

Оқушылар келесі сұраққа жауап береді:

  • Тоқу өнерінің түрлерін ата?
  • Тоқу өнері әртүрлі елдерде қалай көрініс тапқан?
  • Қазақ халқының қолөнерінде ілмекпен тоқу әдісі туралы не білесің?

 Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

 Пәнаралық байланыстар

Бұл сабақта пәнаралық байланыс қарастырылмаған.

 АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақ аясында АКТ дағдылары қарастырылмайды

Бастапқы білім

Тоқу өнері туралы оқушылар біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

Сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийлері айтылады.

Сабақтың ортасы

 Оқушылармен қазақтың ұлттық және әлемдік мәдениетіндегі сәндік қолданбалы өнерінің түрлері мен техникаларын қарастыруға болады. Сұрақтарға жауап бер:

  • СҚӨ түрлерін білесіңдер?
  • СҚӨ бұйымдарын жасау барысында қандай материалдар қолданады?
  • СҚӨ қандай техника түрлерін білесіңдер?

1 тапсырма:

 Оқушылар тоқыма техникасында (ілмек және шалма біз) орындалған бұйымдарының түрлерімен танысады.

1.Тоқыма түрлерін зерттейді;

2.Өз ойынан оқыған мәліметке таныстырылым жасайды;

Оқушылар танысқан материалдарымен өзге де сыныптастарын таныстыруы керек. Осылайша оқушылар арасында білім алмасу жүреді.

2-ші тапсырма

Үш топқа екінші тапсырма ретінде «Тоқыма өнері» деп аталатын қалыптастырушы тапсырма беріледі.Оқушылар зерттеу жұмысының нәтижесі ретінде постер дайындайды.

1-топ үшін: «Қазақ ұлттық өнерінде тоқыма өнерінің алатын орыны» атты тақырыбы

2-топ үшін: «Киімдердегі тоқыма өнерінің көрініс табуы» атты тақырыбы

3-топ үшін: «Инерьердегі тоқыма өнерінің көрініс табуы» атты тақырыбы

Бағалау жұмысы: Сағат тілімен жүреді. Топтар бір-бірін бағалайды.

Сабақтың соңы

Бағалау

Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды

Рефлексия:

Кері байланыс «Сабақтағы менің орыным» өздерінің орындарын белгілеп, қысқаша мәлімет береді.

Сабақ жайлы өз пікірлерін жазады

Сабақ соңында мұғалім кері байланыс береді.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу