Жеке бас гигиенасы, өзін- өзі күту. Көркем еңбек (қыздар), 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4В Бөлімі: Үй мәдениеті

Мектеп: Химия биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі. Ақтау қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Узакбаева Жулдызай Сапарбаевна

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жеке бас гигиенасы, өзін- өзі күту.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.2.5.3 Жеке гигиена ережелерін зерделеу және сипаттау, әртүрлі шаш пен тері түрін анықтау

5.2.5.4 Шектеулі қолдауда өз-өзіне қарау әрекеттері мен тәсілдерін таңдау және қолдану.

 Сабақ мақсаттары

  • Жеке бас гигиенасы не екенін біледі, түсінеді және анықтайды.
  • Шаш пен тері гигиенасын зерттеп, сипаттайды.
  • Жеке гигиена талаптарын біледі.

  Жетістік кр кретерийлері

  • Білу

Жеке бас гигиенасы не екенін біледі.

Шаш пен тері гигиенасын анықтай біледі.

  • Түсіну

Жеке бас гигиенасы, өзін- өзі қалай күту керектігін түсінеді.

  • Қолдану

Жеке бас гигиенасының ережелерін түсініп қолданады.

  • Талдау

Жеке бас гигиена ережелерін құрып, графикалық элементтерді пайдаланып салған суреттерін талдайды.

  • Синтездеу

Жеке бас гигиена ережелерімен таңдаған құралдарының арасындағы байланысты табу.

  • Бағалау

Өзінің және өзгелердің жұмыстарын бағалау.

 Тілдік мақсаттар

 

  • Гигиена, бактериялар, құрғақ/майлы/аралас тері, шаштың құрылымы, кептіру, шаш сәні, өсімдік шаруашылығы, жеміс, көкөніс дақылдары;
  • … үшін қандай тәсілдер қолдануға болады?
  • Жеке бас гигиенасы құралдарына … жатады.
  • Өсіру үшін … қажет.
  • Жеміс, көкөніс дақылдарына ... жатады.

Гигиена

Hygiene

Гигиена

Шаш құрылымы

Composition

Композиция

(қалыпты, аралас, құрғақ, майлы)тері

(normal, combination, dry, oily)skin

(Нормальная, комбинация, сухая, жирная кожа)

бактерия

bacteria

бактерии

(жұқа, қалың) шаш

(Thin, thick) hair

(Тонкие, толстые волосы)

Құндылықтарды дамыту

 

 

Жеке бас гигиена ережелерін үйрете отырып, оқушыны тазалыққа, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікпен ұлттық құндылықтарын дамыту.

Балалардың жұппен,топпен жұмыс жасау қабілетін, эстетикалық қажеттіліктерін дамыту.

Пәнаралық байланыстар

Биология, психология пәнімен байланысты.

АКТ қолдану дағдылары

Презентациялар, жобалар мен зерттеулер жасау үшін интернет-ресурстарын пайдаланады;

АКТны қолдану арқылы шығармашылық дағдыларын қалыптастыру және дамыту;

Белсенді оқыту тәсілдерін қалыптастыру үшін интерактивті тақтаны пайдалану.

Бастапқы білім

Оқушылар жеке бас гигиенасы мен өз-өзіне күтім жасау негіздерімен танысады. Түрлі тері мен шаш типтеріне күтім жасауды үйренеді. Жеке бас гигиенасы ережелерін сақтаудың қажеттілігін анықтайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

8 мин

Ұйымдастыру уақыты, сыныптағы атмосфераның құру.

Сабақтың тақырыбы: Жеке бас гигиенасы, өзін- өзі күту.

Сабақтың мақсаты: Табиғаттағы микро суреттердің бейнесі қалай құрылып, неге микро суреттерге тиесілі екенін біледі, түсінеді және анықтайды.

Бүгінгі тақырыпты аша түсу үшін оқушыларға Азбука здоровья - Личная гигиена мултьфильмін

|көрсетуге болады.

Сыныпқа арналған: Бейнежазба көру: бактерияларға байланысты 13 себептер туралы. Осы бейнежазбаға байланысты оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Оқушыларға сұрақ қою:

Бейнежазба не туралы? Бактерияның не екенін білесіздер ме? Адам ағзасында бактериялар мөлшерден тыс көп болған жағдайда не болады? Қалай ойласыздар, олардың аз мөлшерде болуы үшін қандай шара қолдануға болады?

Топқа бөлу:

Нөмірленген дайын пакеттер мен қорапшаларды (1, 2, 3) жекелеген топтардың таңдауы үшін арнайы оқушы үстелі үстіне жаю.

Топтық жұмыс.

Әр топ таңдалған тақырып бойынша өздерінің түсініктерін сыныппен бөліседі.

Интерактивті тақтаны пайдалану.

https://twitter.com/TVSmeshariki

Азбука здоровья - Личная гигиена

Фиксики - Микробы | Познавательные мультики для детей

http://lady-fit.org/dieta/sovmestimost-produktov-pri-razdelnom-pitanii.html

Дұрыс тамақтану, бет күтімі, гигиена тазалығы.

https://www.youtube.com/watch?v=X8cAoGVEbL0

Бактерияның 13 факторы

Бактерии - фотофильм, фото-презентация, видео из фотографий

http://www.mpweb.ru

https://www.youtube.com/watch?v=J30j5TkE8p4

Жеке бас гигиенасы.

Шаш күтім.

Сабақтың ортасы

10 мин

15 мин

1.Тапсырма:

Оқушылар А2/A3 форматта жеке бас гигиенасының ережелерін құрады, графикалық элементтерді пайдаланып тұжырымдамалық карталарға суреттерін салып және талқылай отырып, өз ойларын сыныппен бөлісіп қорғайды.

2.Тапсырма:

Оқушылар жеке бас гигиенасы ережелерінің суреттерін сала отырып, таңдаған құралдарымен салыстырады, өз- өзін күту және қолдану, оны тұжырымдамалық картада қорғайды.

Оқушыға

Мұғалімге

Оқушылар сыныпқа идеяларын айтып, сипаттау мен талдау дағдыларын дамыту үшін өз ойларын бір-бірімен бөліседі.

Қорапшалар/қалталарға алдын-ала жеке бас гигиенасы заттарын: сабын, тіс щеткасы, маникюр жинағы, тарақ және т.б. салып қойыңыз.

Оқушылармен қол, бет терісі (қалыпты, аралас, құрғақ, майлы), шаш (жұқа, қалың) типтері туралы талқылау.

Оқушыларға таңдалған заттардың жеке бас гигиенасына қатыстылығын түсіндіру. Мысалы, тарақ шаш күтіміне қолданылады және т.б. Ережелерді бейнелеудің визуалды үлгілері.

Сабақтың соңы

10 мин

Сабақ соңында оқушылар кері байланыс жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

А деңгейлі оқушылар жеке бас гигиенасы ережелерінің суреттерін сала отырып, таңдаған құралдарымен салыстырады, өз- өзін күту және қолдану, оны тұжырымдамалық картада қорғайды

В деңгейлі оқушылар жеке бас гигиенасы ережелерінің суреттерін сала отырып, таңдаған құралдарымен салыстырады

С деңгейлі оқушылар таңдалған заттардың жеке бас гигиенасына қатыстылығын түсінеді

Оқушылар жеке гигиена қол, бет терісі (қалыпты, аралас, құрғақ, майлы), шаш (жұқа, қалың) типтері туралы талқылауды, топтар өзара бағалайды..

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

1. Мұғалім нұсқауы бойынша ғана барлық әрекетті орындаңыз.

2. Жұмыс кезінде кенеттен кез келген қозғалыстар жасамаңыз.

3. Пән бойынша жұмыс орнында нұсқауларды орындаңыз.

4. Сабаққа қажетті бояулар мен материалдарды, абайлап қолданыңыз.

5. Мұғалімнің рұқсатынсыз жұмыс орнын қалдырмаңыз.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу