Кейіпкерлердің бейнесі. Көркем еңбек, 3 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2 Бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен (жарық пен қараңғы)

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Кейіпкерлердің бейнесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.3.1

Орындау техникасын негіздеп таңдай отырып шығармашылық идеялар мен сезімдерін (көңіл-күйі, мінезі) көрсету

Сабақ мақсаттары

  • Ертегі кейіпкерінің образын зерделеу, оған тән қасиеттерді анықтау;
  • Ертегі ке»пкерінің образын көрсету үшін шығармашылық идеялар жасау;
  • Әртүрлі техниканы қолданып ертегі кейіпкерінің суретін салу (топтық жұмыс).

Бағалау критерийлері

  • Ертегі кейіпкерінің образын берілген материалдар бойынша зерделейді:
  • Ертегі кейіпкеріне тән қасиеттерді дұрыс анықтайды;
  • Ертегі кейіпкерін бейнелеу үшін шығармашылық идеялар ұсынады;
  • Әртүрлі материалдармен ертегі кейіпкерінің суретің орындайды.

Тілдік мақсаттар

  • Ертегі кейіпкерінің образын сипаттайды;
  • Ертегі кейіпкерлерінің образдарын салыстырады, олар туралы өз ойын айтады.

Диалог құруға арналған сұрақтар:

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Суретте қандай кейіпке бейнеленген?
  • Суретші кейіпкердің образын көрсету үшін қандай көркем құралдарды пайдаланған?
  • Жағымды кейіпкерлерді қалай бейнелеуге болады?
  • Жағымсыз кейіпкерлер образын көрсету үшін қандай түстік шешімдерді қолдануға болады?
  • Неліктен екенін айта аласың ба?

Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық

Пәнаралық

байланыстар

Әдебиет

АКТ қолдану

дағдылары

АКТ-ны сабақ барысында қолданбайды.

Бастапқы білім

Оқушылар іс жүзінде үйренгендерін қолданады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Сыныпта оқушыларға таныс ертегі кейіпкерлерінің суреттерін іліп қойыныз. Оқушыларға сол суреттке назар аударуын сұраңыз. Оқушыларды бағыттау мақсатында келесі сұрақтарды қойыныз:

  • Ертегіні жақсы көресіндер ме?
  • Тақтадағы ертегі кейіпкерлері сіздерге таныспа?
  • Олар қандай кейіпкерлер? Жағымды кейіпкер ме, әлде жағымсыз кейіпкер ме?

Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.

Алдар Косе. ҚАЗАҚША ЕРТЕГІЛЕР https://www.youtube.com/watch?v=ldWteo0rkwg

Алдар Косе. БАЙ МЕН ТӘУІП.

https://www.youtube.com/watch?v=q6VHglC9b50

Сабақтың ортасы

5 минут

10 минут

22 минут

Тапсырма №1

Қазақтың халық ертегісін оқыңыз немесе аудио/бейне ролик қойыныз (мысалы Алдар-Көсе). Ертегіні тындап болғаннан кейін сұрақтар қойыңыз:

-Ертегі қалай аталады?

-Сіз қандай кейіпкерлермен таныстыңыз?

-Қай кейіпкер жағымды, ал қай кейпкер жағымсыз болып табылады? Неліктен?

-Жағымды кейіпкерді бейнелеу үшін сіз қандай түстерді қолданар едіңіз?

-Жағымсыз кейіпекрді ше?

Тапсырма №2,

Шығармашылық жұмыстарды талдау

Оқушыларды топқа бөліңіз. Әртүрлі суретші иллюстраторлар салған Алдар –Көсе ертегісінің кейіпкерлерінің суреттерін таратып беріңіз.

Сұрақтар қойыңыз:

  • Суреттерден қандай кейіпкерлерді көріп тұрсыз?
  • Олардың киімдері қандай түсті?
  • Суретші бұл түстерді неліктен қолданған?
  • Суретшілер өз кейіпкерлерінің (мінезін)
  • образын қалай көрсеткен?
  • График-суретшілер қандай материалдар қолданады?
  • Графикалық жұмыстар мен кескіндеменің айырмашылығы қандай?

Тапсырма №3

Тәжірибелік жұмыс

Оқушыларға ертегі кейіпкерінің суретін салуды ұсыныңыз. Оқушылар суреттерін графикалық материалдармен орындайды.

Оқушыларды дұрыс бағытта жұмыс жасауы үшін келесі сұрақтарға жауап беруін сұраңыз:

  • Қандай кейіпкердің суретін саласыз?
  • Өз жұмысыңды неден бастайсың?
  • Өз жұмысыңда қандай түстерді қолданасың?
  • Өз жұмысыңды қандай графикалық материалдармен орындайсың?

Толағай.

https://www.youtube.com/watch?v=FLa-04OfeeY

Қазақша ертегілер жинағы

https://www.zharar.com/kz/ertegi/

А4 немесе А3 форматтағы қағаз, графикалық материалдар (қарандаш, түшь, гельді қалам және т.б.)

Сабақтың соңы

Бағалау

Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды

Рефлексия:

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

Үй тапсырмасы:

Келесі сабаққа қажетті материалдарды дайындау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу