![]() |
|
![]() |
Ойлап шығарылған тіршілік иелерін жасау. Көркем еңбек, 2 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4В-бөлім: Қоршаған әлем | Мектеп: Көкшетау қаласындағы, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||
Күні, сынып: 2 «А» 05.12.2017 «В» 06.12.2017 |
| ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Ойлап шығарылған тіршілік иелерін жасау. | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.2.2.1 Қарапайым әдістер мен техникаларды пайдаланып, материалдарды және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу. 2.2.4.1 Қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | Қауіпсіздік техникасын сақтай отыра, қиялдағы тіршілік иесін жасау. | ||||||||||
Бағалау дескрипторлары
|
| ||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Талқылауға арналған сұрақтар:
| ||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Құрмет көрсету; Жұптық және топтық жұмыс барысында бір-бірлеріне құрмет көрсету; Еңбек және шығармашылық; Ынтымақтастық. | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, ғылымға кіріспе пәндерімен байланыс | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентацияны көрсету барысында АКТ-ны қолдану | ||||||||||
Бастапқы білім | Қиялдағы әлемді зерттеу жұмыстары. | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 2 минут. | Сабақтың басы. 2 минут. Сабақтың тақырыбын айту және мақсатын қою. Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Ойлап шығарылған тіршілік иелерін жасау.»-деп аталады. Бүгін біз сабақта:
| Оқушыларды сабақтың мақсатымен және тақырыбымен таныстырған кезде, презентацияның алғашқы бетін ашып қою. | |||||||||
Сабақтың ортасы 33 минут
| Оқушыларға сұрақ қою: 5 минут Оқушылар шағын топтар немесе жұптарда келесі сұрақтарға жауап береді: - 3D нені білдіреді? - бұрын 3D, 2 деңгейде және 1 деңгейде нені орындадық? - сен 3D жұмыс жасаған кезде нені қиын деп және нені жеңіл деп ойлайсың? - өз ойларын сыныппен бөлісу. 1-тапсырма. Шығармашылық жұмыс: 28 минут Оқушылар жеке шығармашылық жұмыс орындайды. Әр оқушы қандай тіршілік иесін жасайтынын ойластырады. Ол үшін оқушылардың алдарына бағалау дескрипторларын ашып қою қажет. Оқушылар осы дескрипторларға сүйене отырып, өз жұмысын жоспарлайды. Оқушылар әртүрлі тіршілік ортасындағы тіршілік иелерінің текстураларына қарап, 3D форматында өзі ойлап шығарған тіршілік иелерін/кейіпкерлерін жасауды бастайды. Оқушылар құбыжық немесе қиялдан ойлап тапқан тіршілік иесін ермексаздан жасайды. Жұмыс барысында түрлі-түсті ермексаздарды қолданулары тиіс. Олар әр түрлі жануарлардың терілері, құстардың қауырсыны, рептилийлердің құйрықтары, шыбын-шіркейлердің көздеріне ұқсас бөлшектерді қолдана алады. Оқушыларға міндетті түрде жасап жатқан тіршілік иесінде қиял-ғажайып болу керетігін және көз, тіс, мүйіз, денесінің текстурасын көрсету керектігін түсіндіру. Оқушылар жұмыстарын аяқтап болған соң, сыныптастарына өз жұмысын көрсетеді. Бағалау дескрипторлары:
қауіпсіздік техникасын сақтайды. | Оқушыларды топтарға бөлу үшін, түрлі-түсті карточкаларды немесе жетондарды қолдану. Презентацияның екінші бетін ашу. Презентацияда көрсетілген құбыжықтарың үлгілерін қарастырыңыздар. | |||||||||
Сабақтың соңы 3 минут 2 минут | Өзін-өзі бағалау «Мен үшін....». Оқушылар сынып қабырғаларында ілініп тұрған смайлдардың жанына тұрып, өздерін бағалайды. Қызықты, түсіндім Сұрақтар пайда болды Қиын болды Әр оқушы өзінің жұмыс орынын жинастырады. | Сынып қабырғаларына берілген смайликтерді басып шығару және ілу. | |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Жұмыс барысында көмек қажет ететін оқушыларға мұғалім немесе сыныптасы көмек көрсете алады. | Оқушылар қабырғадағы суреттің жанына барып тұру арқылы өз-өзін бағалайды. | Әр түрлі материалдармен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік ережесін сақтайды. Ермексаз, үшкір немесе өткір заттар. | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023