Өнер фестивалі. Көркем еңбек, 1 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8D-бөлім: Дені саудың – жаны сау

Мектеп: Көкшетау қаласы, физика- математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Сынып: 1

Мұғалімнің аты-жөні: Рахимова А.С

Күні:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ тақырыбы

Өнер фестивалі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.1.1 Жұмысын қарапайым тәсілдермен таныстыру

 Сабақ мақсаттары

 Оқушылар өздерінің шығармашылық жұмыстарын талдайды, талқылайды және түсініктеме береді.

 Бағалау критерийлері

- жұмыстарын ұқыпты және жауапкершілікпен орындайды;

- жұмыс барысында сыныптастарын тыңдап, құрметтейді.

 Тілдік мақсаттар

 

Түйін сөздер:

көрме, cахналық көркемділік, паспарту.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Құрмет көрсету

Сыныптастарымен ынтымақтаса жұмыс істеу

Сыныптасының ойын құрметтеу және тыңдау

Еңбек және шығармашылық

 Пәнаралық байланыстар

Өнер.

Шағын-спектакльді, көлеңкелер театрын, биді музыка сүйемелдеп тұрады.

 АКТ қолдану дағдылары

Презентациямен таныстыру барысында АКТ-ны қолдану

Бастапқы білім

Жұмыстарды аяқтау және дайындықты бастау.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

  • Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, көңіл-күйлерін сұрау және назарларын сабаққа аудару.

 Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту:

 Оқушылар өздерінің шығармашылық жұмыстарын талдайды, талқылайды және түсініктеме береді.

Сабақты өткен сабақта репетиция кезінде түсірілген бейнематериалдан бастауға болады. (Бейнематериалды көріп шығу.)

АКТ- презентация

Сабақтың ортасы

30 минут

Оқушылардын қойылымның қай фрагменті ұнағанын сұрау.

Кері байланыс.

  • Қойылымды жақсару үшін не істеуге болады?
  • Қай топтың сахналауы сендерге ұнады?
  • Бәрінен бұрын қойылымның қай сәттері сендерге көбірек ұнады?
  • Қойылым кезінде қандай қиындықтар кездесті?
  • Топтық қойылымда қай тұстарын жақсартуға болар еді?
  • Тапсырма алды жұмысы. Ұжымдық талқылау. 5 минут

 Әрі қарай орындайтын тапсырма оқушылардың талдай білу және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытады. Оқушылар өздерінің оқу жылының басындағы, ортасындағы, оқу жылының соңындағы жетістіктерін салыстыра алады. Көрмеге оқушылардың оқу бағдарламасы бойынша әр түрлі тақырыптарға қатысты, әр түрлі техникада жасалған жұмыстары қойылады. Оқушыларға жұмыстарды салыстыруды тапсыру. Оқушылар жұмыстарға қарай отырып, жұмыстың орындалу сапасында қандай өзгешелікті байқағандарын айтады.

Кері байланыс.

Өзгешелік неден байқалады?

 

  • Дайындық жұмыстары, 10 минут:

  Бидің, шағын спектакльдің және көлеңкелер театрының қойылымына соңғы дайындық өткізу. Кері байланыс.

 Оқушыларға көрермендер туралы сұрақтар қою:

 Көреремендер сен туралы не ойлауы мүмкін?

 Егер сахна көркемділігін көрсете алсаңдар, көрермендерге ұнауларың мүмкін бе?

Сахна көркемділігі дегеніміз адамның сахнадағы шынайы, ашық мінезі екенін түсіндіру. Осылайша көрермендерді өзіңе баурап алуға болатынын айту. Сахнада шынайы, ақ жарқын және жымиып тұру керек екенін тағы бір рет ескерту.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа жетелеу.

Презентация-дағы суреттерді көрсету.

Сабақтың соңы

5 минут

  • Рефлексия:

Оқушылар жұмыстарын көрмеге шығарады. Сонымен қатар алдыңғы сабақтардан жасап келген декорацияны, сахналық костюмді және силуэттерді бағалауға болады.

Оқушыларға осы сабақтың биылғы жылдың соңғы сабағы екендігін айтып, жасаған жұмыстары үшін алғыс айту және кішігірім сыйлықтар тарту етуге болады.

Шағын сыйлықтар ретінде қалам, қарындаш немсе ұштағыш сияқты құралдар болуы мүмкін.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Кейбір оқушыларға мұғалімге көмек ретінде топтарға қажеттілігінше қолдау көрсетулерін ұсыну.

Оқушылар бір-бірлерін "екі жұлдыз, бір тілек" әдісі арқылы бағалай алады.

Жұмыс барысында техника қауіпсіздік ережесін сақтап отырулары керектігін ескеру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу