Азаматтық қоғам түсінігі және жалпы сипаттамасы. Дүние жүзі тарихы, 11 сынып, дидактикалық материал, 2 сабақ.


Азаматтық қоғам институттары: тарихи-теориялық аспектілер

«Азаматтық қоғам» ұғымы арқылы қоғамдық байланыстар мен қатынастардың жағдайы бейнеленіп, белгілі бір мелекеттегі тұрғындардың азаматтық қайраткерлігінің қарқыны, мемлекет пе қоғамның əлеуметтік саладағы қызметтерінің бөліну деңгейі анықталады. Басқаша айтқанда, азаматтық қоғам демократиялық құрылысқа аса қажет əлеуметтік қатынаастардың өзін-өзі реттеу қызметіне жағдай туады: азаматтар саяси институттардың көмегіне сүйенбей-ақ, өздері реттей алатын қатынастарға мемлекеттің қол сұғуы тежеледі. Сондықтан да демократиялық сипаттағы саяси жүйесі бар құқықтық мемлекеттің дамуында азаматтық қоғамның алатын орны ерекше.

Азаматтық қоғамның біздің түсінігіміздегі нақты анықтамасы мынадай: ол – құрамындағы мүшелердің арасындағы экономикалық, мядени, құқықтық жəне саяси қатынастары дамыған, мемлекеттен тəуелсіз, бірақ онымен өзара əрекеттесуші қоғам, мемлекеттпен бірлесе отырып, дамыған құқықтық қатынастар құрушы, жоғарғы дəрежелі əлеуметтік, экономикалық, саяси, мəдени жəне моральдық мəртебелі азаматтар қоғамы. Азаматтық қоғамның шынайылығы  идеал мен идеалдық жобаның жəне осындай жобаны жүзеге асырушы қоғамның шын мəнісінде қол жеткізген жетістіктерімен анықталады.

Бүгінгі таңдағы көзқарас бойынша, азаматтық қоғам бұл айтылғандармен қоса, демократиялық заңдар, биліктің тармақтарға жіктелуі, заң жүзіндегі оппозицияның болуы, көппартиялық жүйе сияқты басқа да азаматтық өмірдің құндылықтарын, адамдардың саяси жəне əлеуметтік бостандықтарын жəне олардың ассоциацияға, топқа, партияға бірлесуін жүзеге асырушы тетіктерді қамтиды. Азаматтық қоғам заңды тіркелген, құрылымды бекітілген жəне психологиялық тұрғыда қамтамасыз етілген əлеуметтік-саяси қызметтің материалдық жəне идеялық плюрализммен ажырамас бірлікте. Ал адамның жеке өміріне ешбір қол сұғушылыққа жол берілмейді, ол тек заңды бұзып, оған қайшы келмесе болғаны. Адам құқығы басты орындағы мəселе.

Тарихи деректемелерге сүйене келе азаматтық қоғам ұғымының пайда болуы жөнінде ұлы ойшыл ежелгі жəне орта ғасыр ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп, нарықтық қатынастармен байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада болмасын болған дейді.

Еңбек туындыларына сілтемелі нысанда қарастыратын болсақ, азаматтық қоғам идеясы  өте ертеде пайда болған. Ұлы Грек əлемінің данасы Аристотель еңбектерінің өзінде бір азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлерін, жеке тұлғаға байланысты мағлұматтарды кездестіреміз.

Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адамгершіліктің де иесі болады деп өзінің төл туындыларында жазып өсиет ретінде қалдырған секілді.

Сөйтіп, азаматтық қоғам институттарының зерттелуіне елеулі үлес қосқандар: Т.Гоббс, Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо,Т.Пейн жəне тағы басқа.

Азаматтық қоғам тұғырнамасын жасауда ерекше еңбек еткен немістің атақты фəлсафашысы – Гегель. Оның ойынша, азаматтық қоғам мемлекеттен тəуелсіз нарықтық экономиканы, əлеуметтік топтарды, таптарды, корпорацияларды, институттарды қамтиды. Олардың мақсаты қоғамның өміршеңдігін жəне азаматтық құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуде.

Адам қоғамы қалай қалыптасты, оның себептері қандай – бұл туралы бір қорытынды пікір жоқ. Бірақ бұл түсінікті ең бірінші ғылымға енгізген Адам Смит, Давид Рикардо, оған саяси сипаттама берген Гегель. Дүниежүзілік ғылыми, саяси қайраткерлердің, ойшылардың айтуынша - қоғам саналы адамдардың ерікті түрде бірігіп өмір сүруі. Бұл бірігудің негізгі себебі адамдардың бір мүдделігі, бір тілектестігі. Мүдде екі түрлі болады: жеке адамның мүддесі жəне қоғамның мүддесі. Қоғам осы екі мүдде-мақсатты біріктіріп, дамытып отырады. Осы объективтік даму процесінде адамдардың өзара ынтымақтастығы қалыптасты. Сол арқылы жеке адамның қолынан келмейтін, əлі жетпейтін істерді атқаруға мүмкіншілік туды. Карл Маркс өз еңбектерінде қысқаша: “Қоғам – адамдардың өзара еңбек жасауының одағы” – деп жазған.

Қоғамдық мүдде-мақсат, қоғамдық тілек уақытша емес, түпкілікті, нақты, объективтік мағынада қалыптасуы керек. Сонда ғана қоғамның жақсы дамуға, нығаюға мүмкіншілігі болады. Себебі қоғам саналы адамдардығ ерікті түрде қалыптасқан одағы. Егер бұл одақ, бұл бірлік еріксіз, озбырлық түрде ұйымдастырылса, ондай қоғам нəтижесіз тез таралып кетер еді. Адам қоғамның ең басты құрылымы. Қоғам адамдардың күрделі əлеуметтік бірлестігі. Бұл бірлестік, бұл қоғам дұрыс, жақсы даму үшін оның ішіндегі қатынастарды реттеп, басқару қажеттілігін тудыртты. Оны қоғамның объективтік даму процесінің заңдарына сүйене отырып, адамдар өздерң əлеуметтік нормалар арқылы реттеп, басқарып отырады. Сондықтан мемлекет пен құқық пайда болды. “Адамдар өз тарихын өздері жасайды, деп жазды Маркс. – бірақ олар оны өз қалауынша жасай алмайды, қолындағы барды, бұрынғыдан қалған мұраны қолдануға мəжбүр болады”.

Адамдардың объективтік тарихи даму процесіне жəне күнделікті қарым-қатынасында қоғамның бірнеше түрлері болады: өндірістік қоғам, шаруашылық қоғам, əлеуметтік қоғам, азаматтық қоғам жəне т.б. Осылардың ішіндегі ең күрделісі, ең түпкіліктісі адаммен бірге дамып кележатқан азаматтық қоғам. Қоғамның басқа түрлері тез құрылып, тез арада тарап жатады. Олардың өмірі, іс- əрекетінің шеңбері кеңістігі көп өлкеге жайылмайды, уақыты көпке созылмайды.

Азаматтық қоғам – мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Осы қатынасқа қатысушылардың табиғи жəне азаматтық құқықтарын, бостандығы мен міндеттерін автономиялы даму жолы қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғамда үзіліссіз болмайды, уақыты шектелмейді, аумақтық - аймаққа бөлінбейді, мемлекеттің барлық аумағын, халқын біріктіреді.

Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени –рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады. Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне аралауына шек қойылады. Ал олардың атқаратын міндеттерін азаматтар өз еркімен оларға берген жəне орындалуын өздері тексереді. Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар (отбасы, кооперациялар, ассоциялар, қоғамдық ұйымдар, кəсіби, шығармашылық, спорттық, этникалық жəне басқа бірлестіктер), азаматтардың, өндірістік жəне жеке өмірі, олардың əдеп-ғұрпы, салттары кіреді. Азаматтық қоғамда адамдардың экономикалық, саяси жəне рухани өмірінің түрін еркін таңдауына жəне жүзеге асыруына заң жүзінде кепілдік беріледі. Олар мемлекет тарапынан қатаң тəртіпке алынудан сенмді түрде қорғалады. Адамның жалпы құқықтары сақталады, бұзылмайды. Азаматтық қоғам экономикасының негізгі-əр түрлі меншіктегі көп укладты экономика. Бұл қоғамның əрбір мүшесінің нақтылы меншігі болады жəне оны өз қалауына алады. Сондықтан мұнда белсенді іскерлікке , тапқырлыққа, жемісті еңбек етуге кең жол ашылады. Саяси өмірде азаматтық қоғам барлық азаматтарға мемлекеттік жəне қоғамдық адамның халықаралық дəрежеде танылған ережелерде сай төмендегідей азаматтық құқықтары жүзеге асырылады:

  • ұлттық-этникалық, саяси, діни, жастық, жыныстық белгілері бойынша қандай да долсын алалаушылыққа жол берілмейді;
  • жеке тұлға мен азаматтың абыройы болып саналатын пəтер үйі мен мүлкі, мамандық таңдау еркіндігі, тұратын мекенін анықтау, елжұртқа келіп кету, хатта жазылған жəне телефонмен сөйлеген сөз құпиялылығы, сөз, баспасөз жəне хабарлама бостандығы заң жүзінде сенімді қорғалады;
  • адам өзінің көзқарасы мен рухани мүдделерін өзі шешеді;
  • азаматтық құқықтар сот органдары мен қоғамдық ұйымдар жағынан толық қорғалады. Азаматтық қоғамдағы жеке тұлғаның құқықтық жағдайы құқықтық мəртебемен анықталады.

Оның элементтері: құқық, бостандық, құқықтық кепілдіктер тұлғаның міндеттері мен жауапкершілігі. Жеке тұлға құқығы –бұл белгілі бір құндылыққа, игілікке деген құқық. Бұл құндылықтар əр түрлі – материалдық, рухани, мəдени. Бостандық- бұл да құқық, құқықтың бір түрі. Конституцияда көрсетілген бостандық түрі сол уақытта жеке тұлғаның құқығы болып табылады. Мысалы, сөз бостандығы- бұл азаматтың еркін өз ойларын, көзқарастарын айту құқығы жиналыс, митинглер бостандығы-азаматтардың өз өміріндегі жəне қызметіндегі проблемаларды шешу үшін жиналу құқы.

Сонымен, мемлекет пен азамат арасындағы қарым-қатынас өзара тең құқықты міндеттермен құқықтар арқасында қалыптасады. Бұл азаматтық қоғамның басты белгісі.

 

Әдебиеттер

  • Кант И. Идея всеобщей истории во всемирно-гражданском плане / Кант И. Сочинения на немецком и русских языках. – М., 1994. – Т.1. – С. 60-95.
  • Сартаев С.С., Назарқұлова Л.Т. Қазақстан Республикасының қалыптасуы: проблемалары мен болашағы. – Алматы, 2005. – 464 б.
  • Баймаханов М.Т. Верховенство права как системообразующий признак понятия правового государства // Научные труды “Əділет”. – 2001. – № 1(9). – С. 36-46.
  • Бусурманов Ж.Д. Евразийская концепция прав человека: Монография. – Алматы: КазГЮУ, 2006. – 481 с.

Автордың аты-жөні, тегі: И.Э. Молдабаева



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу