Буржуазиялық революциялар – индустриалды қоғамның құрылуының катализаторы. Дүние жүзі тарихы, 10 сынып, дидактикалық материал.


Сабақтың жұмыс парағы

№1 тапсырма

Мәтінде капитализмнің себебін табыңыз?

Мәтін

20 ғасырдан бастап капиталистік қоғамда мемлекеттің маңызы өзгерді. Экономиканың теңгерімділігін қолдап, дамыту жолында мемлекеттің рөлі күшейді. Әсіресе, рынок пен монополияларды бақылау барысында экономиканың жеке меншік секторымен қатар мемл. сектор, яғни “мемлекеттік капитализм” пайда болды. Мемлекет мүмкіндігінше экономиканың дағдарысын болдырмау саясатын жүргізді, халықтың табысын қайта бөлу арқылы қоғамдағы әділетсіздіктің “тігісін жатқызуға” тырысты. Осы кезден бастап нарықтық экономикаға негізделген капиталистік ш. жүйесінде кейбір мемлекеттендіру және қоғамдастыру нышандары енгізілді. Теорияшылар капитализм жүйесінің эволюциясына әр түрлі баға берді: кейбір идеологтар бұл өзгерістерді аралас жүйенің пайда болуымен, яғни экономикада рынок нышандарымен қатар жоспарлау нышандарының да болуымен байланыстырды, онда мемлекет төреші ретінде рыноктың жүгенсіз күштеріне бақылау жүргізіп, түзетіп отырады деп түсіндірді. Коммунистер бұл өзгерістердің мәні жүйенің жаңа жағдайға бейімделуінде деген тұжырым жасады; капиталистердің пайдасын өсіру үшін мемлекет тарапынан жан-жақты көмек қажет деп есептеді. Олар ұстанған мемлекеттік-монополиялық капитализм тезисінің мәні осында. Қазақстанда капитализмнің дамуына қажетті алғышарттар 19 ғасырдың 2-жартысында қалыптаса бастады. Осы кезден бастап натуралдық ш. күйреп, сауда-саттықтың едәуір ұлғаюына мүмкіндік туды. Сөйтіп, тауар-ақша қатынасының дамуына байланысты жергілікті рыноктың кеңеюіне жол ашылды. Жекелеген сауда капиталистері өнеркәсіп орындарын салуға қатыса бастады. Алайда Қазақстанда сауданың ең артта қалған, кіріптарлыққа негізделген түрі көп тарады, бұл несиеге сатумен, өсімқорлықпен ұштастырылды. Ақшаға зәрулік көшпелі халықты жоғары пайызбен қарыз алуға мәжбүр етті. Оның үстіне есеп айырысу заттай – қоймен және малдың басқа да түрлерімен жүргізілді. Өсімқорлық қазақ даласының еңбекші халқына зор ауыртпалық әкелді. Тауар-ақша қатынастарының қанат жаюы, сауда капиталы рөлінің артуы несие алу қажеттігін туғызды. 19 ғасырдың 80-жылдары қалаларда мемл. банктердің бөлімшелері ашылып, олардың айналымы шапшаң өсе бастады. Мысалы, Семей бөлімшесінің айналымы 1887 жылы15 млн. сомға жетті. Алайда жалпы ауылда капиталистік қатынастар баяу дамыды.Тауар өндірісінің дамуымен бірге бұрын көшпелі шарушылықтың мұқтажына қызмет еткен қолөнердің де сипаты өзгерді. 19 ғасырдың аяғына қарай майдагерлік өнеркәсіп дами бастады.

Шешім:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу