Қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формалары. Дүние жүзі тарихы, 10 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1

Әлеуметтiк құрылым және әлеуметтiк стратификация

1. Қоғамның әлеуметтік құрылымы жайлы ұғым. Әлеуметтік қатынастар мен әлеуметтік қауымдастықтар.

2. Әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильдік теориялары.

3. Қазіргі Қазақстандағы әлеуметтік стратификация мен әлеуметтік мобильдік процесі.

1. Қоғам дегеніміз әлеуметтік құбылыстардың бір тұтас жиынтығы. Ал әлеуметтік құбылыстар дегеніміз не? Әлеуметтік құбылыстар деп адамдардың мінез-құлқы мен іс-әрекеттері табиғат пен қоғамда тудыратын өзгеріс, қозғалыстарды айтады. Мұндай әлеуметтік құбылыстардың түрлері толып жатыр: әлеуметтік қатынастар мен қоғамдық оқиғалар, түрліше қоғамдық құрылымдар мен әлеуметтік топтар, т.б.

Қоғамдык қатынастар тепе-теңдік қатынас (адамдардың қоғамдық жағдайының тепе-теңдігі) және теңсіздік қатынас (адамдардың қоғамдық жағдайының тең еместiгi) болып бөлiнедi. Мысалы, таптық-антагонистік қоғамдардағы қоғамдық қатынастар теңсіздік қатынастарға жатады. Қоғамдық қатынастар тағы да ынтымақтастық және бәсекелестік, материалдық және рухани, мақсатты және мақсатсыз (стихиялы), жасампаздық және бүлдірушілік, т.б. болады.

Әлеуметтік құрылымдар қоғамдық құбылыстардың екінші, айтарлықтай маңызды түріне жатады. Олар күрделі әлеуметтік процестер мен әлеуметтік топтарға бөлінеді. Қоғам адамдардың күрделі өзара қарым-қатынасының жиынтығы ретінде, онда алуан түрлі қатынастар мен байланыстар болып жатады. Солардың ішіндегі ең маңыздысы, негізгісі - адамдардың материалдық өндіріс процесіндегі экономикалық қатынастары мен іс-әрекеті. Алайда қоғам өмірі бұлардан басқа да толып жатқан қатынас түрлерінен, қоғамдық мекемелер мен іс-әрекеттерден, идеялардан тұрады. Бұл құбылыстардың бәрі өзара байланыста және бірлікте болады. Сондықтан, адамзат қоғамын, ішкі және сыртқы байланыстарын, өзара тәуелділіктерін қатаң ескере отырып, біртұтастықта зерттеу қажет.

Бірақ, сонымен бірге, біртұтас қоғамдық қатынастарды құратын жеке құбылыстарды егжей-тегжейлі зерттеп білу үшін, оларды классификация жасап, талдау қажет, қоғамдық кұбылыстарды белгілі бір жүйеге келтіру керек. Бұл классификациялау, жүйелеу, олардың белгілі бір тұрғыдан алғанда маңызды болып табылатын мәнді белгілері бойынша жасалуы тиіс.

Қазіргі кезде социологиялық теориялардың бәрі қоғамдық құбылыстарды, қоғамның әлеуметтік құрылымын өздігінше классификациялауға әрекет жасап, құбылыстардың топтары арасындағы байланыстарды анықтауға тырысады, яғни қоғамдық структура (құрылым) мәселесімен айналысады.

«Структура» термині латын тілінен алынған — ол, жалпы алғанда, белгілі бір заттың, құбылыстың элементтері арасындағы байланыстардың айтарлықтай біртұтастығын білдіретін термин.

Қоғамның әлеуметтік құрылымы жайлы ұғым қазіргі заманғы батыс социологиясында түрліше түсіндірілгенімен, бірақ, олардың бәріне ортақ, жалпы белгі бар: батыстың социологиялық теорияларының әрқайсысы өздігінше қоғамдық құблыстарды екі салаға: экономикалық құбылыстар саласына және экономикалық емес құбылыстар саласына бөлу критерийін немесе айырмашылық белгісін табуға тырысады. Содан кейін экономикалық емес құбылыстар саласы басқа белгілер бойынша одан кіші салаларға жіктеледі. Бұл кұбылыстардың бәрі өзара тәуелділікте болады, бірақ қоғамдық құбылыстардың жеке салаларының жекеше заңдары да, жекеше тіршілігі де болады деп дәлелдейді.

Қоғамның құрылымы жайлы К. Маркстің пікірін түсіну үшін оның «Саяси экономия сынына» деген еңбегінің кіріспесіндегі мына үзіндінің маңызы зор: «Өз өмірінің қоғамдық өндірісінде адамдар олардың еркінен тәуелсіз белгілі бір қажетті катынастарға - өндірістік катынастарға араласады, бұл қатынастар олардың материалдық өндіргіш күштерінің белгілі бір даму дәрежесіне сәйкес келеді. Бұл өндірістік қатынастарының жиынтығы қоғамның экономикалық құрылысын, реалды базисін құрады, бұл базиске саяси және юридикалық қондырма орнайды, оған қоғамдық сананың белгілі бір формалары сәйкес келеді. Материалдық өндіріс тәсілі жалпы алғанда әлеуметтік, саяси және рухани өмір процестерін айқындап береді. Адамдардың болмысын олардың санасы билемейді, қайта, керісінше, олардың қоғамдық болмысы санасын билейді» (К. Маркс, Ф. Энгельс. Шығ. 13 т., 67-б.).



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу