Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңы мен барысында елдер арасында қандай келісімшарт қарым-қатынастары қалыптасты? Дүние жүзі тарихы, 8 сынып, қосымша материал 5.


Ялта конференциясы — Қырымдағы Ялта қаласында өткен халықаралық келісім. Оған Екінші дүниежүзілік соғыстағы одақтас үш держава — Ұлыбритания, АҚШ және КСРО-ның мемлекет басшылары: У.Л.С.Черчилль, Ф.Д.Рузвельт, И.В.Сталин, сыртқы істер министрлері, штаб бастықтары және т.б. кеңесшілер қатысты.

Барысы

Ялта конференциясында ұрыс қимылдарын Германия тізе бүккеннен кейін ғана тоқтату туралы келісім жасалды. Үш держава басшылары герман милитаризмі мен әсіресе ұлтшылдығын жоюға және Германия бұдан былай бейбітшілікті бұза алмайтындай берік кепілдік жасау туралы мәмілеге келді. Бұл үшін Германияның барлық қарулы күштерін қарусыздандыру және тарату, герман бас штабы мен соғыс өнеркәсібін жою немесе бақылауға алу, барлық соғыс қылмыскерлерін жазалау, фашистік партияны және барлық фашистік ұйымдар мен мекемелерді жою жөнінде шешім қабылданды. "Азат етілген Еуропа туралы Декларация" қабылдап, онда өзара келісілген саясат жүргізу, Еуропа елдеріндегі фашизмнің ізін толық жою, демократиялық мекемелерді қолдау принциптері белгіленді. Соғыстан кейінгі халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Біріккен Ұлттар Ұйымын құру туралы шешім қабылданды. БҰҰ-ның Жарғысын қабылдайтын конференцияны 1945 жылдың 25 сәуірінде Сан-Францискода өткізу туралы келісілді.

Ялта конференциясында Кеңес Одағының Жапонияға қарсы соғысқа кірісуі туралы мәселесі қаралды. Кеңес Одағы бұл соғысқа Германия тізе бүккеннен соң 2-3 айдан кейін кірісуге әзір екендігін білдірді. Жапония талқандалғаннан кейін Кеңес Одағына Оңтүстік Сахалин мен Куриль аралдары қайтарып берілетіндігі ерекше шешім ретінде жазылды. Сталиннің ұсынысымен Корея 38-параллель бойынша екі аймаққа бөлініп, біреуін КСРО оккупациялайды деп көрсетілді. Соғыстан кейін Германияны аймақтарға бөліп, ондағы жоғарғы өкімет билігін Ұлыбритания, АҚШ пен КСРО Қарулы Күштерінің қолбасшылары жүзеге асыратын болды. Германияға қатысы бар мәселелерді шешу үшін оккупациялық әскерлердің қолбасшыларынан тұратын Бақылау Кеңесін құру ұйғарылды. Жеңіске жеткен елдер шығынының орнын толтыру мәселесі талқыланып, репарац. комиссия құру туралы келісім жасалды. Польша мәселесі де қаралды. Польша мен КСРО-ның шекарасы "Керзон сызығы" бойынша өтуге тиіс болды. "Польша солтүстікте де, батыста да елеулі үлес алуға тиіс" делінді. Ялта конференциясында сондай-ақ үш державаның сыртқы істер министрлері арасындағы жүйелі кеңестің тұрақты механизмін жасау мәселесі де қаралды.

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу