Нацистердің саясаты Германия тұрғындарына қандай әсерін тигізді? Дүние жүзі тарихы, 8 сынып, қосымша материал.


Рөлдік ойындарға арналған дидактикалық материалдар

Мартин Нимеллер

Сіз 1892 жылы туған протестанттық пасторсыз. Сіз 1920 жылдары Гитлер мен фашистерді қолдадыңыз және Гитлердің билікке келуін құптадыңыз. Бірақ нацистердің кейбір экстремальды көзқарастары сізде алаңдаушылық тудырады.

Карл Шейдеманн

Германияда 1895 жылы туған. Сіз фотостудия жабдықтары дүкенінінің иесісіз. Сіз ассимиляцияланған (неміс жағдайына бейімделген) еврей дүкеншісіз. Сіз өзіңізді неміс санайсыз және неміс тілінде сөйлейсіз. Сіздің отбасыңыз Германияда бірнеше ұрпақ алмасып өмір сүріп келеді.

Генрих Фишер

Сіз 1890 жылы тудыңыз және сіздің мамандығыңыз құрылысшы. Сіз отбасылысыз және үш балаңыз бар. Сізэкономикалық дағдарыс кезінде жұмыстан айырылдыңыз, бірақ жақында жаңа автобан(жол) салуда жұмыс таптыңыз. Сіздің жалақыңыз бұрынғыдай емес, бірақ бұл сіздің отбасыңызды асырауға мүмкіндік береді. Жақында сіз театрға алғаш рет бардыңыз. Сіз сатып алңан Volkswagen көлігі үшін несиені төлеп жатырсыз.

Лени Рейфеншталь

Сіз 33 жастағы актрисасыз және талантты режиссерсыз. Сіз тақауда Венецияда нацистерді позитивті жағынан көрсететін «Еріктің салтанаты» деректі фильміңіз үшін үшін алтын медаль жеңіп алдыңыз

Ханс Грубер

Сіз колледж студентісіз. Сіз « Гитлерюгенд» құрамына қосылмайсыз, өйткені сіз еркіндікті бағалайсыз. Сіз екі жыныстағы достарыңызбен араласқанды жөн көресіз, сонымен қатар сіздің еврей ұлты өкілдері арасынан таныстарыңыз бар. Сіз американдық музыканы тыңдағанды ​​ұнатасыз.

Фриц Сокель

Сіз 1894 жылы ұлтшыл ата-аналардың отбасында дүниеге келдіңіз.

Сіз 15 жасыңызда кемеде матрос болу және бүкіл әлемді көру үшін мектептен кетіп қалдыңыз. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде сізді француздар тұтқындады. Сіздің зауытыңыз барр, нацистік партияның мүшесісіз және Баварияда Галлейтер (аудан әкімшілігінің басшысы) лауазымындасыз.

Рут Видмар

Сіз жас қыздар лигасының мүшесісіз. Сіздің ата-анаңыз - университет оқытушылары. Сіздің анаңыз француз радиосының хабарларын жасырын тыңдағанды ​​ұнатады. Сіздің әкеңіз сіздің нацистерге қосылғыңызды қаламайды және сізді нацистік униформа кигеніңізді құп көрмейді.

Ика Хьюгель

Сіз аралас нәсілдісіз, яғни ақ нәсілді ана мен қара нәсілді әкеден туған неміс қызысыз.

Фридрих Морзик

Сіз 8 жасар баласыз. Сіздің әкеңіз әскери ұшқыш және СС мүшесі (гитлершілердің шабуыл жасақтары). Сіз Гитлерюгендтің ең жас буынының мүшесісіз.

Вернер фон Бломберг

Сіз 1878 жылы тудыңыз және сіз кәсіби әскери тұлғасыз. Бірінші дүниежүзілік соғыста сіз жараландыңыз, көптеген марапаттарыңыз бар. Сіз Гитлердің қызу қолдайсыз. 1933 жылы қорғаныс министрі лауазымын алдыңыз. Сіз фашистерге «Ұзын пышақтар түнінде» СА-ға қарсы (шабулшы жасақтарға) қарсы бүлік жасауға көмектестіңіз.

Эрнст Тельман

Сіз неміс коммунистерінің жетекшісіз. Сіз 1925 жылдан 1933 жылға дейін Германия Коммунистік партиясы атынан Рейхстагқа сайландыңыз және Гитлердің басты саяси қарсыластарының бірі болдыңыз. Рейхстагты өртегеннен кейін сізді қамауға алып, жеке камерада қамауда жатырсыз.

Фриц Тиссен

Сіз ірі кәсіпкерсіз және Германияның монархистшіл Ұлттық халықтық партиясының мүшесісіз. Сіз НСДАП-ты ашық қолдайсыз және елеулі материалдық қолдау көрсетесіз, өйткені сіз монархияны қалпына келтіруге және жұмысшы қозғалысын басуға үміттенесіз. Сіз Гитлерді Рейх канцлері етіп тағайындауды талап етіп 1932 жылы қарашада президент Пол фон Хинденбургке хат жолдаған өнеркәсіпшілердің, банкирлердің және жер иелерінің арасында болдыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу