1789-1799 жылдары Францияда қандай өзгерістер болды? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, қосымша материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
8 СЫНЫП, САБАҚ 6.2
IV бөлім. Француз бұржуазиялық революциясының көрінісі.
Сабақ тақырыбы: 1789-1799 жылдары Францияда қандай өзгерістер болды?
Оқу мақсаттары:
7.3.2.1 - Батыс Еуропадағы буржуазиялық революциялардың себептерін сипаттау;
7.1.2.1 - экономикалық және саяси жүйенің өзгеруіне буржуазияның әсерін анықтау;
7.1.1.1 - «капитал», «буржуазия», «жұмысшы табы» \пролетариат\ ұғымдарын тарихи оқиғаны жан-жақты түсіндіру үшін қолдану
Тарихи концепт: өзгеріс пен сабақтастық
Сабақтың тақырыбына қатысты
қосымша теориялық материалдарМәтін: “Қарапайым халықтың Француз буржуазиялық революциясы
қарсаңындағы жағдайы”
1789 жылдың қарсаңында шаруалар мен қала тұрғындарының кедей сатылары мемлекет тарапынан алынатын салықтардан, жер иелеріне төленетін оброктан, діни қызметкерлерге тиесілі төлемдерден және осы үшеуінің де талап ететін барщинадан әбден жоқшылыққа батты. Кейбір елді мекендердің тұрғындары толығымен кедейлерге айналды. Әрбір провинцияда бес, он, жиырма мыңға жуық адамдар, ерлер, әйелдер мен балалар үлкен жолдарды кезіп жүрді.
1777 жылы 1 100 000 пақырлар ресми түрде тіркелді.
Ауылда аштық әдет болып кетті; ол қысқа мерзімде қайталанып, кейбір провинцияларды жоқ қылды. Шаруалар өздерінің ауылдарын қалдырып, жақсы жағдайды іздестіруге үміттенеді - үміттері, әрине, ақталмады.
Сонымен бірге қалалардағы кедейлер саны жыл сайын артып келді. Қалалық басшылары қала тұрғындарын нан және басқа да азық-түлікпен үнемі қамтамасыз ете алмады, сол себепті аш адамдардың бүліктері өршіді. Бүліктер барысында аш халықты ұрып-соғу Францияның өмірінде кең таралды.
Шаруалар кедейленді. Жыл сайын олардың өмірі тұрақсызданып келді; кішкене ғана құрғақшылық аштыққа алып келді.
Мұндай жағдайда өздерінің ауылдастарынан жоғары сатыдағы ауқатты шаруалардың жаңа табы қалыптасты. Ауылдық буржуазия пайда болды, бай шаруалар революцияның алдында бірінші болып феодалдық төлемдерге наразылық білдіріп, оларды жоюды талап етті. Олар революцияның 4-5 жылдары бойы феодалдық құқықтардың жойылуын, олардың жер иеліктерін тәркілеп, оларды шаруаларға бөліп беруды талап етті; және олар 1793 жылы өздерінің бұрынғы дворяндарына қарсы шабуылға шықты.
(Дереккөзі: П.А.Кропоткин «Ұлы француз революциясы, 1789-1793», жиналған жұмыстардың II томы, М., 1919)
Саралап оқыту мүмкіндіктері
1- тапсырма. Оқу қабілеттері жоғары оқушылар үшін.
Франциядағы, Солтүстік Америкадағы және Англиядағы революцияларының ұқсас себептерін анықтаңыз. Қорытынды жасаңыз.
2-тапсырма. Оқу қабілеттері жоғары оқушылар үшін.
«XVIII ғасырдағы Францияның мемлекеттік өкілдік билік органдары» атты кестені толтырыңыз.
Өкілдік билік органы | Қызмет еткен кезеңі | Құрамы (депутаттары кімдер болды) | Негізгі мақсаттары мен қабылданған шешімдері |
| |||
| |||
| |||
| |||
| |||
|
3-тапсырма. Көптеген оқушылар үшін.
Француз Республикасы кезеңінде Францияда таралған символдық суреттердің (эмблемалардың) тізімімен танысыңыз. Олардың интернет ресурстарында берілген суреттерін қарастырып, кестеде берілген олардың шығу тегі туралы мәліметті, сипаттамаларды және мағынасын толықтырыңыз.
Символдар | Сипаттамасы | Неліктен бұл символдар пайда болды? Олардың маңынасы қандай болды? |
Кокарда | Дөңгелек. Алғашқы жасыл, содан кейін үш түсті: ақ-көк-қызыл. Болып жасалды | |
Пика | Оның суреттері ресми құжаттарда, мөрлерде және елтаңбаларда кездеседі. | Бостандықтың символы. |
Бастилия тастарының сынықтары | Әйелдер оларды сақина, сырға, брошкаларға айналдырды | |
Қызыл фригийлік қалпағы | Ежелгі Грецияда мен Ежелгі Римде құл босатылған кезде оның басына Фригияның (Азиядағы кішігірім мемлекет) еркін тұрғындары киетін қызыл қалпақ кигізілген. | Бостандық пен қоғамдық теңдіктің символы |
Байлам (түйін) - фасцио | Араларына жасырын балта салынған темір шыбықпен байланған бірнеше тал шыбықтары (Ежелгі Римде мұндай байламды мемлекет қызметшілердің күзетшілер – ликторлардың - қаруы) | Бірліктің, беріктіктің символы |
Лавр мен емен жапырақтырмен безендірілген гүлтәжі | ||
Үзілген шыңжыр | ||
«Барлығын көргіш» (көз) суреттері | ||
«Бостандық ағашы» | Адамдар мен азаматтардың құқықтары туралы декларациясы мәтінімен, кокардалармен, жалаулармен, фригийялық қақпақтары мен парақшалармен безендірілген ағаш |
4-тапсырма. Көпшілік оқушылар үшін.
1793 жылғы 29 қыркүйекте Ұлттық Конвенция қабылдаған «Жалпыға ортақ бағаларды белгілеу» декретіндегі өнімдердің («тұтыну қоржынының») тізімін оқыңыз жіне келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
- Бұл тізім француз тұтынушыларының қажеттіліктері туралы қандай мәлімет береді?
- Бұл тізімде қазіргі таңда жиі қолданылатын қай өнімдер жоқ?
- Қандай қортынды жасай аласыңдар?
1793 жылғы 29 қыркүйектегі Дектерттен үзінді:
«1-бап. Ұлттық Конвенцияның, бірінші қажеттілікке сәйкес, және олар үшін ең жоғары баға мөлшері бекітілетін өнемдер келесі деп санайды: жас ет, солонина және шошқаның майы, сары май, өсімдік майы, тірі мал, тұздалған балық, шарап, арақ, сірке су, сидр (алма шарабы), сыра, отын ағаш, көмір, май шам, (жарықтандыру үшін қолданылатын), жылу май, тұз, ас содасы, сабын, поташ, қант, бор, ақ қағаз, былғары, темір, шойын, қорғасын, болат, мыс, кендір талшығы (пенька), зығыр, жүн, мата, шабата (аяқ киім), кебіс аяқ киім, шомыр (репа), темекі».
5 тапсырма. Көпшілік оқушылар үшін.
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Францияда 17 000 гильотина құрбандары ресми түрде тіркелді. Франциядағы революцияның 200 жылдығына орай, оның құрбандарын талдау жұмысы компьютер көмегімен жүзеге асырылды. Талдау, атап айтқанда, «ұлы террор кезеңінде» өлгендердің ішінде «ұлт жаулары» - дворяндар - 9% -ды құрады, ал 91% революцияның қарапайым мүшелері болды. Соңғылардың құрамында 28% - шаруалар және 30% - жұмысшылар болып шықты. Осы 58% ішінде аштықтың, алаяқтықтың, тонаудың шынайы кінә адамдар, «ұлт жаулары» ... 0,1% құрады.
- Бұл деректер нені көрсетеді?
- Революция кезеңінде «халықтың жаулары» деп кімдер болып шықты?
- Халықтың қай топтары революцияның негізгі қозғаушы күші болды?
(Дереккөзі: Гибов В.С. «Жаңа тарих бойынша 7-8 сынып оқушыларына арнлаған өзіндік жұмыс тапсырмалар жинағы» - М., 2004)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру