1789-1799 жылдары Францияда қандай өзгерістер болды? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, дидактикалық материал.
1-қосымша.
Тапқа бөлу.
I сословие
II сословие
III сословие
2-қосымша.
Діни басқарма
Патша
Ақсүйектер
Шаруалар
Қала тұрғындары
Саудагерлер
Банк қызметкерлері
Кәсіпкерлер
Жалдамалы қызметкерлер
3-қосымша.
Ақпараттық бет
Францияның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. XVIII ғасырдың соңындағы шексіз монархиялық билік бір кезде біртұтас ұлттық мемлекет құруда үдемелі рөл атқарса, енді кертартпа күшке айналып, ақсүйектер мен дін қызметшілерінің мүддесін қорғауы капитализмнің дамуын тежеді. Ел ішіндегі сауда саласының кеңеюіне табиға шаруалар қожаларының кедергі болуы феодалдық қатынастарды жоюды қажет етті. Бұған шаруалар да, буржуазия да мүдделі еді. Өнеркәсіп пен сауданың еркін дамуын цехтық ұйымдастырылуы тежеді. Буржуазия цехтық құрылысты жоюға мүдделі болды және саудадағы, банк ісіндегі, несиелік, құқықтық, кедендік жүйедегі салықты жою үшін күресті.
XVIII ғасырдың 80-жылдары феодалдық абсолюттік билік дағдарысы асқына түсті. Ғасырдың орта тұсында орын алған экономикалық өрлеу тоқталды, елдің щаруашылығы нашарлап кетті. 1787-1789 жылдары өндірістік-сауда дағдарысы тереңдеді. Қалалар мен ауылдарды ашығущылар саны көбейіп, төменгі әлеуметтік топта кедейшілік кең етек алды. Мұнығ бәрі олардың күшті қарсылығын тудырды.
Осы кезде жоғарыдағылардың да дағдарысы басталған еді. Монархия күйреу алдында тұрды. 1614 жылдан бері Францияда Бас штаттар, яғни феодалдық-сословиелік уәкілдіктің жоғарғы мекемесі шақырылмаған еді. Дворяндар Бас штаттарды шақыруды талап етті.
Халық қолдауын сезінген депутаттар өкіметке қарсы шығуға бел байлады. Олар мемлекеттің таптық принципін әшкерелеп, 17 маусымда өздерін Ұлттық Жиналыс деп жариялады. 20 маусымда дөңгелек залға жиналған Ұлттық жиналыс депутаттары, конституцияның негізгі ережелері дайын болмайынша, залдан шықпайтындарына ант берді. 1789 жылдың 9 шілдесінде жиналыс мүшелері өздерін Ұлттық Құрылтай Жиналыс деп жариялады. Король XVI Людовик пен сарай маңындағылар толғағы жеткен төңкерісті қарулы күш көмегімен басуға шешім қабылдайды.
Революцияның басталуы. 1789 жалдың 12 маусымында, Париж қаласында қаржы министрі Н.А.Неккер өз еркімен қызметтен кетті деген хабар тарап, әскер ішінде толқулар басталды. 13 шілдеде Парижде көтеріліс бұрқ ете қалды. Ертеңінде таңертеңгілік Париж көтерілісшілердің қолында болды. Көтерісшілердің соңғы қимылы Бастилияны алумен аяқталды. Бұл француз революциясының басталғанын білдірді және бұл оның алғашқы жемісі болды.
1789 жылғы революцияның басты саяси жетістігі – буржуазия мен халықтың одақтастығы арқасында абсолюттік билікті құлату болды. Басты саяси басқарушы мекеме болып Құрылтай жиналысы танылды, оған мүше болғандар, негізінен, буржуалар еді. Жергілікті билік те буржуазияның қолына көшті. Осылайша Францияда аса маңызды тарихи оқиға – мемлекеттік биліктің буржуазияның қолына өтуі жүзеге асты.
1789 жылдың тамызында өткен Құрылтай Жиналысы екі маңызды құжат қабылдады. 4-11 тамыздағы декрет бойынша феодалдық «жеке» борыштар мен шіркеу ондығы жойылды. Бірақ негізгі жермен байланысты міндеттер сақталып қалды.Жер сеньорлардың меншігі болып табылып, оларды тек қана сатып алуға жол ашылды.
26 тамызда Жиналыс «Адам және азамат құқықтарының декларациясын » қабылдады. Декларацияның 17 бабында революциялық принциптер ретінде Ағарту идеялары: халық егемендігі принципі, әрбір адамның заңның алдында теңдігі, сөз, баспасөз және ар-ұждан бостандығы жөнінде жазылды. Өз позициясын нығайту мақсатында Жиналыс буржуазиялық өкіметті қалыптастыруға белсенді түрде кіріседі. Азаматтық теңдік принципін ұстай отырып, Жиналыс таптық жеңілдіктерді және дворяндық титулдар мен гербтерді, сондай-ақ дворяндық мұрагерлікті құртты. Өздерінің кәсіпкерлік еркін қызметін бекітіп, олар мемлекеттік шектеуді және цехтық жүйені жойды.
1789 жылдың 2 қарашасында Құрылтай Жиналысы шіркеу қызметкерлері мүлкін қайта қарау туралы декрет қабылдады.
Монархияның құлауы.Бұрынғы билеуші топтың көпшілігі-дворяндар революциямен бітіспес күрес бастады.Варенн дағдарысынан кейін эмиграция,яғни басқа елге қоныс аудару үрдісі ұлғайды.Француз революциясы басқа еуропалық мемлекеттердің феодалдық күшке қарсы күресіне жол салып берді.Австрия мен Пруссияда ортақ мүдденің,яғни революцияға деген өшпенділіктің пайда болуы,олардың арасындағы қайшылықты жеңе алды.1792 жылы Пруссия мен Австрия Францияға қарсы әскери одақ құрды.Бұл еуропалық мемлекеттердің француздарға қарсы құрылған алғашқы коалициясы еді.
1792 жылдың 20 сәуір күні Франция Австрияға соғыс жариялады.Соғыс барысы Франция үшін сәтсіз болып,Францияға нақты қауіп төнді.Революциялық көңіл күйдегі халық көтерілді.1791 жылғы монархиялық конституцияны негізге алған бүкіл мемлекеттік саяси жүйе құлау алдында тұрды.
Саяси дағдарыстың күшейе түсуіне орай,елдегі демократиялық қозғалыстар корольді құлатуды және монархияны жоюды талап етті.10 тамыз түні Парижде көтеріліс басталып,көтерілісшілер корольдің Тюильри сарайын басып алды.
1792 жылғы 10 тамыздағы көтеріліс революцияны жаңа деңгейге көтеріп, «ескі тәртіп » қалдықтары демократиялық жолмен жойылды.Көтеріліс барысында монархия іс жүзінде құлады.Жиналыс XVI Людовикті тоқтан түсірді.
Қайта қалпына келтірілген коалиция әскері шабуылға шықты.20 қыркүйекте Коллермен мен Дюмурье қолбасшылық еткен революциялық армия пруссиялықтарлың шабуылын тойтарып,Вальми жерінде оларды Франция шекарасынан кейін шегінуге мәжбүр етті.
Республиканы жариялау. 1792 жылы 20 қыркүйекте Ұлттық конвент өз жұмысын бастады. 21 қыркүйекте корольдік билікті жою туралы декрет қабылданды. Ал 22 қыркүйекте Франция республика болып жарияланды. Конвенттің жоғары орындағы 113 депутаты сол жақ қанатты құрады, оларды «таулар» немесе «монтаньярлар» (франц. Montagne-тау) деп атады. Олардың белгілі жетекшілері: Робеспьер, Марат, Дантон болды. Конвенттің оң жақ қанатын 136 депутат құрады, оларды жирондықтар деп атады, өйткені олар Жиронда аймағынан шыққан депутаттар еді. Ал орталық бөлігін құраған 500 депутат ешқандай топта болмағандықтан, олар Конвенттің «батпағы» немесе «тегістігі» деп аталды.
Конвент сотына берілген XVI Людовикке ұлт еркіндігіне және мемлекеттік қауіпсіздікке опасыздық жасады деген кінә тағылып, өлім жазасына кесілді. 1793 жылдың 21 қаңтарында оның басы алынды.
1792-1793 жылдардың қысында қалалық және ауылдық бұқара революцияны әрі қарай жалғастыруды батыл талап етті. Күн тәртібінде азық-түлік мәселесі өзекті болды. Халықтың экономиялық жағдайы күрт нашарлап кетті. Бірінші кезектегі азық-түлікке тұрақты баға қою қажеттілігі туды.
Кордельер саяси клубы секциясында қала кедейінен шыққан революционер кюре Жак Ру, пошта қызметкері Жан Варле және олардың ізбасарлары бағаның жоғарғы деңгейін нақтылауды талап етіп, үгіт-насихат жүргізді.
1793 жылдың көктемінде революция жаңа дағдарыс кезеңіне аяқ басты. Ауыл шаруалары буржуазияның ауылға қатысты әділетсіз саясатына өздерінің наразылығын білдірді. Бұл кезде әскер жағдайы да күрт нашарлап кеткен болатын. Республикаға төнген жаңа қатер бүкіл халықтың күшін топтастыруды қажет етті, бірақ бұған жирондықтар қарсы шықты. Жирондықтардың саясаты революция жеңісіне қауіп туғызды.
Якобшілдер, париждік секәиялардың көпшілігі, Коммуна мүшелері, Кордельер клубы, «құтырғандар» бірауыздан жирондықтарды жою керек деген пікірде болды. Жирондықтарға қарсы көтерілісті ұйымдастыруды астаналық нағыз революциялық бөлімдер басқаруға кірісті.
10 тамыздағы революциялық тәжірибеге сүйеніп, олар Көтеріліс комитетін құрып, 1793 жылы 31 мамырда қарулы күштің көмегімен жеңіске жетті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру