Азаттық үшін күрескендер. Дүниетану, 3 сынып, дидактикалық материал.
Сабаққа арналған дидактикалық материалдар
- «Болжа» тапсырмасы
- Тақырыпқа кіріспе «Қазақстанның Ресейге қосылуы»
Видеоүзінді
Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=aRIyCqptlao
(2.24)
Таратпа мәтін:
Кіші жүздің ханы Әбілқайыр 1730 жылы Петерборға елші жібереді. Олар жаудан қорғану үшін Ресейдің қолдауын іздеді. 1731 жылы Ресей императрицасы Кіші жүздің Ресей астына кіргені жайлы грамотаға қол қойды. Осылайша, қазақ жерлерінің біртіндеп Ресей империясының қол астына өтуі басталды. Қазақтар үшін бұл жағдайдың жағымды да жағымсыз да қырлары болды. |
- «Дәлелдеуді үйрен» тапсырмасы
Таратпа мәтін:
Біртіндеп Ресей қазақ жерлерін басып алып, қамалдар сала бастады. Ресей империясы қазақтардың Жайық пен Ертіс өзендерінің оң жағалауында көшіп-қонып жүруіне тыйым салды. Хандардың өз жеріне билігі жүрмеді. Бұл халықтың Ресейдің отарлау саясатына қарсылығын туғызды. Қазақ халқы қайта-қайта өз бостандығы үшін көтеріліске шығып отырды. Бұл көтерілістердің басында Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы, Кенесары Қасымұлы, Амангелді Иманұлы тағы басқалар тұрды. Олар өз елінің бостандығы үшін күресіп, Қазақ елінің тәуелсіздік алатын күнін жақындата түсті. |
- Шығармашылық тапсырма (мәтіндерді сыныптың ақпаратты қабылдау және талдау деңгейіне сәйкес жеңілдетуге не толықтыруға болады)
Сырым Датұлы туралы ақпарат.
Сырым Датұлы (1712-1802)
Датұлы Сырым (1712–1802) – қазіргі Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Сарыой ауылында дүниеге келген. 1783–97 жылдары Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен. Шыққан тегі – Кіші жүздің Байұлы тайпасының Байбақты руынан. 20жасында өзінің асқан ақылдылығы арқасында өз ортасында тым ерте танылып, әділдігімен аты шыққан «Байбақтының бала биі» атанады. Сырым Кіші жүз бірлестігінің деңгейіне көтеріліп, ел ішінде құрметке ин болады.
Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс – Кіші жүздегі 1783–97 жылдардағы патшалық Ресейдің орталық саясатына қарсы болған көтеріліс. Көтерілістің басты қозғаушы күші – қарапайым көшпелі халық пен патша үкіметінің қысымына шыдамаған би, старшын және батырлар болды.
Көтерілісшілердің мақсаты – ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру, Орал казак әскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату.
Исатай Тайманов туралы ақпарат:
Исатай Тайманов (1791–1838 жж.)
Тайманұлы Исатай (1791–1838) – 1836–38 жылдары Батыс Қазақстанда болған халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры. Кіші жүз Байұлының Беріш руынан. Жоңғар шапқыншылығы.
1837 жылдың қазан айында Исатай 2000 жауынгермен келіп, хан ордасын қоршап алады. Бірақ көтерілісшілерге қосылғанымен, ханнан қол үзгісі келмеген билердің ықпалымен Исатай орданы бірден басып алмай, хан мен орыс полковнигі Геккемен пайдасыз келіссөз жүргізіп уақытты өткізіп алады. Осы уақытта ханға көмекке жіберілген казак орыс отрядтары ордаға жетіп үлгіреді.
Қазақ кедейлерінінң көсемі И. Тайманұлының есімі — мәңгі халық есінде.
Махамбет Өтемісұлы туралы ақпарат:
Махамбет Өтемісұлы (1804–1840 жж.)
Махамбет Өтемісұлы (1803–1846) — Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің көсемі әрі жалынды жыршысы, халқының азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, қазақтың өр рухты ақыны.
Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында туған. Бала кезінен мұсылманша, орысша білім алды. 1829 жылы Махамбет Ішкі Ордаға Жайықтан жасырын өтті деген айыппен ұсталып, Калмыков бекетіндегі абақтыға 2 жылдай қамалды. 1831 жылы түрмеден қашып шықты, бірақ артынша ақталды. 1834 жылы Исатай батырмен бірікті.
Жер мәселесі, жайылымның тарлығы, орыс империясының қазақ хандығын жою мақсатындағы іс-қимылдары көтерілістің тууына себепші болды. Исатай атынан жазылған «Әй, Махамбет, жолдасым!» атты ақын толғауы, ондағы «Хан баласы жылады-ай, Жанымды қи деп сұрады-ай» деген жолдар хан ордасын қоршауға алған соғыс күндерінің шындығын сипаттайды. Осы жылдың қараша айында көтерілісшілер Бекетай құмында өздерінен күші әлдеқайда басым Гекке әскерімен соғысып, жеңіліс тапты. Бұл оқиғалар ақынның «Соғыс» жырында бейнеленсе, «Жабығу», «Ереулі атқа ер салмай» туындыларында жеңілістің күйзелісті күйі шертіледі.
8
Кенесары Қасымұлы туралы ақпарат:
Кенесары Қасымұлы (1802–1847) — мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837–1847 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі. Қазақ хандығының соңғы ханы. Атақты Шыңғыс ханның 27-інші ұрпағы, Абылай ханның немересі. Жеке басының ерлік қасиеттері, бірбеттігі, алға қойған мақсатына жету жолындағы қайсарлығы мен күш-жігері оның жетекшілік қабілетін айналасына ерте мойындатқан.
Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалысына Патша үкіметінің 1822 жылғы «Сібір қазақтары туралы Жарғысының» қалыптасқан хандық құрылымды, дәстүрлі билік үлгілерін жоюы, қазақ елін жалпыресейлік басқару жүйесіне сіңістіріп жіберуді көздеген жымысқы саясаты негіз болды. Әуелі бұл саясатқа өз наразылығын қарт сұлтан Қасым төре білдірді. Ресей билеушілерінің қазақ елінің ең шұрайлы жерлерін тартып алып, Ақтау, Ақмола, Қызылжар, Көкшетауда өз әскери бекіністерін салуы, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда суы мен жайылымы мол Ертіс, Есіл өзендерінің бойындағы жерді біртіндеп орыс-казак шаруаларының өз иелігіне бөліп алуы, жергілікті халыққа алым-салықтың өсуі ұлт-азаттық қозғалысын тұтатты.
.
Синквейн шығарушы топқа арналған таратпа материал:
Infourok.ru
- Рефлексияға арналған таратпа материал:
Атым: | Сынып: |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру