Атамекен - алтын бесік. Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-бөлім «Сәулет өнері» Мерзімі: 2-тоқсан Сынып: 3 | Мектеп: Модератор: Сейтахметова Ж.М. Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Атамекен-алтын бесік | |||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.2.3.1. Адамдардың табиғи жағдайларға байланысты орналасуын түсіндіреді (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары); 3.1.3.1. Елді мекендерді түрлі белгілеріне қарап ажырату (типі, көлемі, қызметі). | |||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар - табиғи жағдайлардың адамдардың өміріне әсерін талдайды; - елді мекендерді белгілері бойынша ажыратады. | |||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - Қазақстандағы елді мекендердің түрлерін атайды және оларды сипаттай алады; - қала мен ауылды ажырата алады; - табиғи жағдайлардың адам өміріне әсеріне дәлелдер келтіре алады. | |||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Қазақстандағы елді мекендердің түрлері туралы айтып береді. Терминология:
Талқылауға арналған сұрақтар: - Қала мен ауылдың айырмашылығы неде? Жазуға берілетін тапсырма: - Эссе «Атамекен – алтын бесік». | |||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Табиғатқа үйлесімділік – адам мен табиғат арасындағы өзара байланысты түсіну. | |||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Ана тілі: эссе жазу дағдылары дамиды. Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімі артады. | |||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылар елді мекендердің түрін, өз мекен-жайын, елді мекеннің географиялық орны туралы біледі. | |||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-2 3-6 7 |
Қазақстан туралы бейнефильм көрсетіледі. Ұзақтығы: 2 мин 18 сек.
«Не?» «Кім?» «Қашан?» «Қай жерде?» деген 3 «жіңішке» сұрақ және «Қалай?» «Неліктен?» «Қандай мақсатпен?» деген 3 «жуан» сұрақ қою арқылы бейнефильмнен көргендері талқыланады. Отанымыздың елді мекендер ерекшеліктеріне тоқталады.
- табиғи жағдайлардың адамдардың өміріне әсерін талдау; - елді мекендерді белгілері бойынша ажырату. | Менің Отаным Қазақстан https://www.youtube.com/watch?v=sJqvXKQ-Ukc (дидактикалық материалға қараңыз)
Слайд №3 | ||||||||||||||||||
Сабақ ортасы 8-15 16-20 21-26 26-35 |
(топта) Әр топтың оқушылары өзі тұратын елді мекенінің суретін салады. 1 топ: Ауыл 2 топ: Кент 3 топ: Қала 4 топ: Астана Салынған сурет бойынша елді мекендердің түрлі белгілері (қала, ауыл, кент), көлемі (үлкен, кіші), қызметі (астана, аудан орталығы) тірек сөздерін пайдаланып, өз тұратын елді мекеніне сипаттама береді. Елді мекендердің әр түрлі болатынын ұғынады. Басқа топтардан кері байланыс алу және толықтырулар үшін суреттердің барлығы тақтаға ілінеді. Бағалау критерийлері : - Қазақстандағы елді мекендердің түрлерін атайды және өз мекенін сипаттай алады.
Оқушыларға әр түрлі карталар ұсынылады. Оқушылар қажет картаны пайдаланып: - өз елді мекендерінің географиялық орнын; - рельефін; - климатын; - табиғат аймағын; - жақын орналасқан қалаларды; - су нысандарын анықтайды. Талқылауға арналған сұрақтар: - Сендер тұратын облыс қалай аталады? - Сендер тұратын облыстың орталығы қай қала? - Сендер тұратын елді мекен қалай аталады? Ол қандай түрге жатады? - Сендердің елді мекендеріңде қанша адам тұратынын білесіңдер ме? - Сендер тұратын елді мекен қолайлы, жайлы ма? Неліктен? -Елді мекендеріңнің табиғи жағдайы оның тұрғындарына қалай әсер етеді? Әңгімелесуді қорытындылаңыз. Бағалау критерийлері: - табиғи жағдайлардың адам өміріне әсеріне дәлелдер таба алады.
Елді мекендердің жіктелуі (қала, ауыл)
Жұмыстың қорытындысы бүкіл сыныппен мүмкін жауаптарын талқылағаннан кейін басқа жұппен тексеріледі. Бағалау критерийлері: - қала мен ауылды ажырата алады.
Оқушылар берілген тақырып бойынша эссе жазады. Эссені бағалау критерийлері: - Қазақстандағы елді мекендердің түрлерін атайды және өз мекенін сипаттай алады; Эсседегі сөйлемдер саны: минимум - 7, максимум - 12. Грамматикалық қателер болмауы тиіс. | Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз А3 қағазы, түрлі түсті қарындаштар, маркерлер, фломастерлер және т.б. Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Қазақстанның физикалық және саяси-әкімшілік карталары Өз аймағының картасы Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Эссе талаптары жазылған парақ | ||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 36-40 | Рефлексия «Алғыс айтамын» (жеке): Оқушыларға таратпа парақтар таратылады. Осы сабақта алғыс айтқысы келетін адамдардың аттарын және не үшін екенін жазу ұсынылады.
| Таратпа парақ Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз | ||||||||||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||
Қабілеті жоғары оқушылар эсседе сөйлем санын арттыруға болады (12 сөйлемге дейін). Сонымен қатар, шығармашылық бағыттағы тапсырманы өз таңдаулары бойынша беруге болады: өзі тұратын елді мекеннің тарихы туралы ақпараттарды жинап, сыныпқа таныстырылым жасау. Топқа бөлу үшін «Қалалар» ойынын ойнатуға болады: оқушылар Қазақстанның қалаларын атайды және сәйкесінше сол облыстың атауы тобына жинақталады. | Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. «Сурет бойынша әңгіме» және «Кестені толтыр» тапсырмаларында оқушылар елді мекендерді ажырата алулары бағаланады. Өзара бағалау әдістері қолданылады. «Атамекен – алтын бесік» тақырыбында жазылған эссе қорытындысы бойынша оқушылардың сабақтың барлық мақсаттарына жету деңгейін бағалауға болады. | Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?