Отбaсылық салт-дәстүрлерді туыстар арасында атап өту. Дүниетану, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім «Менің отбасым және достарым» | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Мерзімі: 2 тоқсан | Мұғалімнің аты-жөні: Cейсембаева С.И. | |||||
Сынып: 2 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Отбaсылық салт-дәстүрлерді туыстар арасында атап өту | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.4.1.1 Жанұя мүшелерін ауызша суреттеу; 2.4.1.2 Отбасының әрбір мүшесі міндетінің маңыздылығын түсіну. | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқушыларда жанұяда бірге атап өтетін мерекелер туралы түсінік қалыптасады. Ұлттық дәстүрге құрмет сезімдері қалыптасады. | |||||
Бағалау критерийлері | отбасы мүшелерін біледі және олардың аты-жөнін толық атайды,отбасы мүшелерінің сыртқы бейнесін сипаттай алады, отбасы мүшелеріне қысқаша мінездеме бере алады. | |||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар әңгімелеу барысында күйеу жігіт, қалыңдық, құда, құдағи, туыс, асаба, сәукеле, жар-жар, беташар, домбыра, музыка, би, ойын, дастархан, құттықтау, тойбастар сөздерін қолдана отырып, сөздік қорларын молайтады. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылардың бойында отбасына деген сүйіспеншілік, сыйластық, қамқорлық қасиетері дамиды. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Оқушылар әңгіме барысында тойға қанша адам жиналатынын есептейді. Үзінді көру және суретпен жұмыс кезінде өнермен байланыс жүзеге асады. | |||||
АКТ | Оқушылар әр ұлт өкілдерінің үйлену тойы туралы суреттер мен видеолар іздестіреді. | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Отбасылық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер туралы түсінік алды. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 минут | (Ұ) Оқушылар шеңберде отырып жақын арада болған отбасылық мерекелер туралы әңгімелейді. | |||||
Сабақ ортасы 30 минут
| (Ұ) Соңғы сабақта оқушылардан отбасылық салтанаттар, салт-дәстүрлер туралы не білгендерін сұраймын. (Ж) Жеке жұмыс. Жылдық күнтізбені пайдаланып Қазақстанда негізгі салтанатты мерекелер мен дәстүрлер қашан болатынын түсінуге және олардың мәнін ұғынуға талдау жұмысын жүргізу. Оқушылар өздері білген шаралар туралы айтады. Яғни, жар-жар, беташар, музыка, би, ойын, дастархан, құттықтау сөздер т.б. Тойға байланысты жеке сөздерді үш тілде айтып үйренеді. (Ұ) Оқушылардан отбасымен бірлесе өткізген мерекелері туралы сұрау. Мереке кезінде не болғанын сипаттаумен берілген тақырыпқа әңгімелесу. (Ж, Қ) Оқушыларды жұпқа бөлу. Әрбір жұп блиц-сұрақ алуға қатысатын оқушыға отбасында өткізілген салт – дәстүр туралы қима қағазға жазылған бір сұрақтан қояды. Блиц-сұрақ алуға қатысатын оқушы сұрақтарға жауап береді.
(Т, Қ) (Дифф.) Әр топқа салт – дәстүрге байланысты суреттерін зерттеуге уақыт беріледі. /Оқушылар мереке түрлерін өздері анықтауы тиіс/ Туыстардың маңыздылығы мен рөлін талқылау ұсынылады. Жанұя мүшелерін ауызша суреттеу. Отбасының әрбір мүшесі міндетінің маңыздылығын түсінулері. Тойда білдіретін тілектерді айтады. Қабілеті жоғары оқушылар сырттай бақылап, көп үлес қосып отырған оқушыларды анықтауға көмектеседі. Мысалы: жақын туыстар, алыс туыстар, достары. Әр топ тапсырманы қорғау барысында тойдың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айтады. | https://www.youtube.com/watch?v=Zr_5t-k6RfY https://www.youtube.com/watch?v=AQkMxojVE1I Сұрақтар | ||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия «Сәйкестендір» Оқушыларға отбасылық мерекелер, салт – дәстүрер туралы суреттер мен қима сөздер беріледі. Суретке сәйкес сөздерді тауып, сәйкестендіріп айтады және қояды. | Қима сөздер, суреттер | ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Оқушылар тақырып бойынша айтқан әңгімелері мен топтық жұмысқа қосқан үлестері үшін мадақталады. | Топтық жұмыста өз ойларымен бөлісуі, отбасында туыстармен бірге өткізуге, жанұя мүшелерінін ауызша сипаттауға байланысты сөздерді білуі бағаланады.
| Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды. АКТ-да бейнеролик 3 минутқа жоспарланды. Топпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?