Біз немен тамақтанамыз? Дүниетану, 1 сынып, презентация.


Біз бақытты баламыз,

Ойнап ,күліп аламыз.

Жетілсін деп санамыз,

Оқып білім аламыз.

Сабақтың тақырыбы: Біз немен тамақтанамыз?

Оқу мақсаты: Тамақтану режимін сақтау қажеттілігін түсіндіру.

Біз не үйренеміз?

Ежелгі және қазіргі адамның тамақтану ерекшеліктерін салыстыруға ,тағам мен сусын түрлерін ажыратуға үйренеміз.

Қосымша ақпарат

Ертеде ежелгі адамдар жылы жерлерде өмір сүрген.Сондықтан олар жылы киім туралы ойланбайтын.Олар көп уақытын тағам іздеуге жіберетін. Әйелдер мен балалар жемістерді, өсімдік тамырларын, құстар мен тасбақалардың жұмыртқаларын терді, тіпті құртпен қоректенген.Ежелгі адам ұзақ уақыт бойы аңның етін шикілей жеген. Уақыт өткен соң от табуды білген адам етті отқа пісіріп үйренді. Отқа піскен ас жұмсақ болды, сонымен қатар түрлі бактериялар мен паразиттерді өлтірді. Ғалымдардың пікір бойынша алғашқы адамның рационы әр алуан еді, олар қолдарына түскен тағамның барлығын жейтін.

Суреттерді салыстыр

Мәтінмен жұмыс

Ертеде ежелгі адамдар жемістермен, өсімдік тамырларымен, құстар мен тасбақалардың жұмыртқаларын теріп, тіпті құртпен қоректенген.Ежелгі адам ұзақ уақыт бойы жабайы аң етімен шикілей қоректенген. Уақыт өткен соң от табуды білген адам етті отқа пісіріп үйренді. Отқа піскен ас жұмсақ болды, сонымен қатар түрлі бактериялар мен паразиттерді өлтірді.

Тағам және сусын адамның тіршілік етуі үшін қажет.Олар күш береді және шөлді қандырады.Дастарханда күнделікті көкөніс, жеміс, ет тұрады. Тағамның алуан түрлі болуы денсаулыққа пайдалы.

Ұн өнімдері

Жеміс-жидектер

Ет өнімдері

Сүт өнімдері

Сөйлемді толықтыр

Ежелгі адамдар ...................., ……………., ……………….. тамақтанды.

Бие сүтінен ………….. - емдік сусын жасалады.

Тағам алуан түрлі және …………….. болуы тиіс.

Рефлексия:

-Бүгінгі сабақта қандай жаңа ақпарат алдыңдар?

-Не жеңіл болды?

-Қандай тапсырма қиындық туғызды?

 

Беттер:
1 2


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу