Оқушының күн тәртібі қандай болу керек? Дүниетану, 1 сынып, презентация.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1A бөлім: Өзім туралы Тақырып: Оқушының күн тәртібі қандай болу керек? | Мектеп: Талдықорған қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||
Тоқсан: 1 Мұғалімнің аты-жөні : Сейсембаева С.И. | |||||
Сынып: 1 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Оқушының күн тәртібі қандай болу керек? | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін ОБ сілтеме) | 1.1 Мен және менің отбасым | ||||
Сабақ мақсаттары | 1.1.2.4 Күн тәртібін сақтау маңызын түсіндіру және күн тәртібін құру 1.1.2.5 тәулік бөліктері мен апта күндерінің атауларын қолдану | ||||
Жетістік критерилері | Оқушылар. | ||||
Тілдік мақсат
| Күн тәртібі, уақыт, апта күндері, сағат,таң ату, таңертең, тал түс, күн, кеш, түн,күні бойғы әрекеттер мен оқиғалар. | ||||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ барысында оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, жұптасып тапсырма орындау, диалогтық сөйлесу мәдениеті қалыптасады. Татулық, достық, сезімдерін қалыптастыру. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Берілген тақырыпқа байланыст танысытырылым және өздік жұмыстарын орындау арқылы АКТ пәнімен байланыс орнайды. | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылар сурет бойынша күнделікті өмірде бізге қандай заттар қажет екендігімен танысқан. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 5 – 7 минут | Шаттық шеңбері. «Арайлап атсын әр таңым» Оқушылар бір-біріне жымиып қарап, жақсы көңіл күй сыйлайды. Қуан, шаттан! Қуан, шаттан! Қуанатын күн бүгін. Қайырлы таң, Қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін! | . | |||
Сабақ ортасы 25-30 минут | Сабақты тосын сыйдан бастаймын. Алдын ала сағат салынған қорапты дайындау. Оқушылардан ішінде не бар екенін сұрау және төмендегі жұмбақты жасыру. Жұмбақ Уақытты өлшеп,сана Таппайды тағат. Бұл не? (сағат)
(Т,Ә,Р,Т,І,Б,І) қима әріптерінен тақтада жазылып тұрағн КҮН сөзіне жалғастырып құрастырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын жазу. (Ұ) Мұғалім балаларға келесі сауалдарды қояды: «Сен күнде ұйқыдан қай уақытта тұрасың? Ұйқыдан тұрған соң сен әдетте не істейсің?». Өз уақыттарын қалай өткізетіні және не істейтіні туралы әңгіме құрайтынын ескертіңіз. Олар өздеріне әңгімелеуге көмектесетін және күн тәртібін көрсететін кесте құрастырады. Оқулықпен жұмыс. «Сен білесің бе?» айдарындағы мәтінді оқу. (МК) Күн тәртібі кестесімен таныстыру. (Ж) Жұппен жұмыс. Оқушылар жұптасып сурет бойынша әңгімелеседі. Берілген сөйлемдерді жалғастырады. (Ө)Уақыт кестесі шаблонын пайдалана отырып, оқушылар үйде өткізген бір күні бойынша өз кестесін құрастырады. Бұдан кейін белсенді тақтадан «Күн тәртібі» тақырыбында балапан және оның достары мультфульмін көруді ұсыну. |
Балапан және оның достары «Күн тәртібі» Мультфильм | |||
Сабақтың соңы 2 – 3 минут | Рефлексия. Сабақта. Мен білдім... Мен үйрендім... Маған ұнады.... Мен қиналдым.... Менің көңіл – күйім..... | ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Жазылым қабілеті жоғары оқушылардан сөйлемдерді жазып, тыныс белгілерін дұрыс қоя білуі күтіледі. | Оқушыларға берілген тапсырмалар арқылы әр баланың сабақты қаншалықты қабылдағанын бақылаймын. | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?