Топта ойын-сауық ойынын құру. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
Дене шынықтыру сабағынан қысқа мерзімді жоспары
№2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: Павлодар қаласы ХББ НЗМ 7-бөлім –Командалық ойын – белсенді қозғалыс нысаны Мұғалімнің аты-жөні: Күні: Сынып: 10 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
| ||||
Сабақ тақырыбы: | Топта ойын-сауық ойынын құру. | |||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 10.1.2.2. Түрлі дене жаттығулары аясында және жағдаяттарда үйлесімділік пен бірізділікті ойлап табу және қолдану. 10.2.4.4. Дене жаттығуының сапасын жақсарту мақсатында баламалы ережелер мен құрылымдық әдістер құру. | |||
Сабақ мақсаттары | -командада түрлі жаттығуларды қолдану арқылы үйлесімділік пен бірізділікті ойлап табу және баскетбол ойынында қолдану. -баскетболшының арнайы қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы оқушылардың физикалық қабілеттерін дамыту. | |||
Жетістік критерийлері | - оқушылар қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды; - баскетболшының арнайы қимыл-қозғалыстарын техникасын орындайды; - спорттық ойын барысында командамен жұмыс жасай алады және қажетті стратегияны қолдана алады. | |||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: Спорт ойындарының жеке және командалық қозғалыс дағдыларын дамытуға көмектесетіндігі туралы өзінің түсінігін талдап, көрсете алады. Пәндік лексика және терминология
Талқылауға арналған сұрақтар:
| |||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылар арасында ынтымақтастық құндылығын дамыту арқылы сабақ кезіндегі оқушылардың бір-біріне деген сенімділігін арттыру. | |||
Пәнаралық байланыстар | Физика сабағымен байланыстыру, жылдамдық, күш, төзімділік. | |||
Бастапқы білім | 9 сыныпта өткен баскетбол сабағынан алған білімдері бар. | |||
Ғаламдық ойлау дағдыларын қалыптастыру | ХХХІ жазғы олимпиада ойындарының жүлдеге іліккен елдері туралы мәлімет беру. Баскетбол (әйелдер): 1.АҚШ; 2. Испания; 3. Сербия Баскетбол (ерлер): 1. АҚШ; 2. Сербия; 3. Испания | |||
Сабақ барысы | ||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||
Сабақтың басы | 1.Оқушыларды сапқа тұрғызу, сәлемдесу. Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Good afternoon! Қолайлы ортаға талаптау, оқушылар ортаға шығып шеңбер құрып, бір-бірімен амандасады. 2. Пазл құрастыру арқылы топқа бөлінеді және тақырыпқа шығады. 3. Оқушыларды сапқа тұрғызып бір орында; «Оңға!», «Солға!», «Кері бұрыл!». 4. Жүру: Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды жанға созып өкшемен жүру. Жартылай отырып, толық отырып жүру. 5. Жүгіру: Сағат тіліне қарсы үш айналым жеңіл жүгіріс. 6. Еркін жүріп бастапқы қалыпқа келу. 7. Екі қатарға тұрып қозғалыстағы арнайы жаттығуларын жасау: - тізені көтеріп жүгіру - аяқты артқа сермеп жүгіру - қиғаштап жүгіру - дене артымен жүгіру - жылдам жүгіру 8. Жүріске ауысып, тыныс алу жаттығуларын орындау. 9. Жалпы даму жаттығулары: - Оқушыларды екі қатарға тұрғызылып жалпы дамыту жаттығуларын орында тұрып орындайды, мұғалім белгі берген кезде алаңның ортасына дейін жүгіріп орнына жүгіріп қайтулары керек. | Жабдық: секунд өлшегіш, фишкалар Қауіпсіздік техникасы. | ||
Сабақтың ортасы
| 1 тапсырма А) Оқушыларға баскетбол ойынындағы «дриблинг» термині нені білдіреді? деген сұрақ қойылады. Оқушылар өз ойларын айтады және дәлелдейді. Содан соң Википедиядағы «дриблинг» сөзінің түсінігі беріледі. Оқушылар сол түсінікті өзінің ойларымен салыстырады. Терминнің мағынасын ашады. Б) Оқушыларға екі «дриблинг» жасауға ұсынылады. Олар допты жүргізу және жүргізу арқылы допты себетке лақтыру. Дескриптор: 1. топпен бірлесе жасаған жұмысты жауапкершілікпен орындауы; 2. таратпа материалмен жұмыс жасай алуы; 3. өз ойын анық жеткізу; 4. допты жүргізе алу; 5. допты аралас қолмен жүргізе алуы. 2 тапсырма Оқушылар бір-біріне доп беру түрлерін қарастырады. Олар: екі қолмен кеудеден допты беру, бір қолмен иықтан допты беру, екі қолмен кеудеден еден арқылы допты беру. Осында оқушылар жұппен бірге жұмыс орындайды. Дескриптор: 1. екі қолмен кеудеден допты беру; 2. бір қолмен иықтан допты беру; 3. екі қолмен кеудеден еден арқылы беру. 4. допты бере алады және допты қабылдай алады. 3 тапсырма Баскетболшының арнайы қимыл-қозғалыстарын орындау арқылы допты себетке салуды орындау.
Дескриптор: - қауіпсіздік ережелерінің сақталуы; - жұппен жаттығуды орындау; - екі адым жасауды орындау; - себетке доп салу. 4 тапсырма Оқушыларға екі жақты үйрету ойыны беріледі. Ойында допты беру, допты қағып алу, допты лақтыру және екі адым жасау арқылы допты себетке салу әдістерін оқушылар орындау керек. Дескриптор: - қауіпсіздік ережелерінің сақталуы; - ойын ережелерінің сақталуы; -ойын барысында бірлесе жасаған жұмысты жауапкершілікпен орындайды; - екі адым жасауды орындау; - себетке доп салу. | Әр бір әрекет үшін кең, таза кеңістік. Фишкалар, ысқырық, доптар, секунд өлшегіш, таратпа материалдар. Баскетболдағы «дриблинг» сөзі туралы википедиядағы түсінігі: https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%94%D1%80%D0%B8%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BD%D0%B3 Фишкалар, ысқырық, доптар, секунд өлшегіш. Фишкалар, ысқырық, доптар, секунд өлшегіш. Фишкалар, ысқырық, доптар, секунд өлшегіш. | ||
Сабақтың соңы | Жаңа материалдарды бекіту. Қателерін жою мақсатында кері байланыс алу. Сабақтың қорытындысын шығару. Оқушылардың оқу мақсатына жетудегі жетістіктерін талдау және бағалау. | Сұрақ-жауап арқылы өткізіледі. | ||
Саралау - барлық оқушылар қыздырыну жаттығуларын орындай алады; - - оқушылардың күш-жылдамдық қасиеттерін дамыта алады; - көпшілік оқушыларда көшбасшылық қасиеттері жоғары деңгейде дамыған; - оқушылардың басым көпшілігі денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтауын біледі; - жұптық іс-әрекет түрлерін қолдану арқылы оқушылардың күш-жылдамдықтары жоғары деңгейде дамыған; | Бағалау Әр білім алушы өзінің іс-әрекеті туралы сыныптастарымен талқылай алады; Оқушылардың сабақ барысында үйренгенің бағалау үшін дайындалып қойылған белгілі бір критерийлермен немесе кері байланыс беру арқылы жүзеге асыруға болады; | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы:Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру; Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы; Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті; | ||
Сабақ бойынша рефлекия: 1. Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар нені үйренді? | ||||
2. Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? | ||||
3. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? | ||||
4. Сабақта уақыт кезеңдері сақталды ма? | ||||
Жалпы оқушыларды бағалау: | ||||
Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға,үйренуге қатысты.) 1. Жаттығу адамды табандылыққа үйретеді; 2. Өзін-өзі ептілікке, табандылыққа баулиды. | ||||
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену) 1. Оқушылардың сабаққа берген рефлексиясы мен мінездемелері; 2. Сабаққа әріптестердің қатысуы, сабақтан кейінгі талдаулар. | ||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру