Қазақ ұлттық ойындары. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 20 сабақ.


Сабақ жоспары № 20

Ұзақ мерзімді жоспар бөлім:

Қазақ халқының дәстүрлі ойындары 

Мектеп:

Күні:

Сынып: 8 Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақ тақырыбы: Қазақ ұлттық ойындары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.5.1 өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін көрсету және салыстыра білу, оны шешудің балама жолдарын ұсыну;

 Сабақ мақсаттары

- өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін көрсете алады;

- өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін салыстыра біледі;

 Бағалау критериі

- өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп салыстыра біледі;

-өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін көрсетеді және оны шешудің балама жолдарын ұсынады;

 Тілдік мақсаттар

- қазақ ұлттық және қозғалыс ойындары арқылы әр түрлі дене жаттығулары бойынша қозғалыс дағдыларын талқылай және көрсете алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • салт-дәстүр, тұрмыс
  • дала, «бәйге»
  • қамшы, орамал
  • салт атты
  • қазақ халқы, көшпенділер
  • қазан, «көкпар»
  • «теңге алу», «тоғызқұмалақ»
  • киіз үй
  • «тымақ»
  • арқан тарту
  • «ақ сүйек»

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау үшін сұрақтар

Сіз үшін жарыс ойындары кезінде төрелік ету ережелері қаншалықты қиынға соқты?

Құндылықтарды дарыту

(Өмір бойы үздіксіз білім алу) Оқуға деген сүйіспеншілікті білуге құмарлық, шығамашылық пен оқылатын материалға сыни қарау, қарым-қатынас пен мінезді, денені және ақыл-ойды үздіксіз дамыту арқылы бойға сіңіру. Оқушылардың өз бетімен оқуға болысатын дағдылары мен қабілеттерін дамытуды қамтиды.

(Ынтымақтастық) Жылы қарым-қатынасты орнату, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру мен құрылымдық ұстанымды дамыту, қарым-қатынас орнату кезіндегі сыни ойлау қабілеті.

(Академиялық шындық) Басқа адамдардың ойлары мен идеяларын құрметтеу, академиялық шындықтың ұстанымдарын сақтау, плагиатқа және ақпараттың көзін көрсетпеуге төзбеушілік.

Пәнаралық байланыстар

Тарих, өзін- өзі тану пәнімен байланыстыру.

АКТ қолдану дағдылары

Қазақ ойындарына сілтеме:

https://isclips.com/video/0HDQPa6dhis/%D0%B0%D1%81%D1%8B%D2%9B-%D0%B0%D1%82%D1%83-%D0%BE%D0%B9%D1%8B%D0%BD%D1%8B-%D2%AF%D1%88-%D1%82%D0%B0%D0%B1%D0%B0%D0%BD.html

Бастапқы білім

Ұлттық ойындар туралы мағлұматтар.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7

7-8

  • Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Күтілетін нәтижелер

Оқушылар қазақ тұрмысының тарихы туралы, салт-дәстүрлер туралы, қазақ халқының бос уақытты қалай өткізгені туралы білім алады. Бұл бөлім туған өлкеге деген сүйіспеншілікке баулуға арналған, қозғалыс дағдыларын және ойындардағы комбинацияларды жетілдіреді. Ойындардағы тактикалар мен стратегияларды құрастырады және әзірлейді. Ойын қызметін, сыни ойлауды пысықтайды, қазақ ұлттық ойындарының негізінде әр түрлі ойындар ойлап шығарады.

II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

ЖДЖ орындайды.(жүру, жүгіру, бір орында орындалатын жаттығулар т.б)

«Қыз қуу» ойынын ойнату

(бір қыз бен бір бала кезекпен мұғалім дайындаған сұрақтарды суырып, жауап береді. Кім сұраққа көп жауап берсе, соның аты алда келіп, жеңімпаз болады). 

Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Сабақтың ортасы

10-20

20-30

(К.Т.ҚБ) Үш табанБұл ойынды үш - төрт баладан топтап екі - үш жерде ұйымдастыруға болады. Ойын шарты бойынша әр балаға бір - бірден асық, бір - бір сақа беріледі.(Бұл ойынның жылдам әрі қызықты өтуіне сеп) Көмбеге бір - бірден асық тіккен әр топтың ойыншылары өз алаңдарында жеке - жеке сақаларын үйіріседі. Сақасы алшы түскен бала бірінші болып одан кейінгілері рет - ретімен (тәйке, бүк, ішік) «ұшуға» кіріседі. Ұшу дегеніміз - көмбеден алшақтау жерге барып сақа үйіру. Сақасы алшы түскен ойыншы бірден көмбедегі тігілуі асықты атуға жолдама алады. Осылай болмаған жағдайда асық ату бәрі ұшып болған соң бастапқы кезек бойынша жалғасады. Алысқа ұшқан мергендер тигізе алмаса, көмбеде қалған ойыншыға кезек тиеді. Көздеген асығына дәл тигізіп және оны көмбеге жиегін алып өлшегенде үш табан артық қашықтыққа ұшырған ойыншыны қашан келесі асыққа тигізе алмай қалғанша атауды жалғастыра береді. Болмаса атқан асығы үш табаннан аспай қалғанда ғана ойынды тоқтатып, өзінен кейінгі бәсекелесуіне кезек беруіне мәжбүр болады.Осылайша асық таусылғанша ойын жалғаса береді. Оқушылардан ойынның балама түрін құрастыруды ұсыныңыз.

Дескриптор :

-ойын кезінде қауіпсіздік ережесін біледі.

- көмбеде тұрған асыққа дәл тигізе алады..

-ойында жеңіске жетуге, іс әрекет көрсете алады.

-ойынның балама түрін құрастырады.

Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға екі жұлдыз бір тілек арқылы бірін бірі бағалайды.

Мұғалім сұрақ қояды:

Топтағы қарым-қатынасты сақтай отырып, бір-біріне баға береді. Бұл ойын қандай физикалық қасиеттерді дамытады?

Бұл ойындар ынтымақтастық дағдысын дамытуға жәрдемдесе ме және олар қандай дағдыларды жетілдіреді?

Мұғалім сабақ мақсаттарына қол жеткізген соң уақыт қалған жағдайда спорт ойындарын ұсынады.

(Футбол, волейбол, баскетбол т.б)

Қазақ ойындарына сілтеме:

https://isclips.com/video/0HDQPa6dhis/%D0%B0%D1%81%D1%8B%D2%9B-%D0%B0%D1%82%D1%83-%D0%BE%D0%B9%D1%8B%D0%BD%D1%8B-%D2%AF%D1%88-%D1%82%D0%B0%D0%B1%D0%B0%D0%BD.html

Әрбір әрекет үшін кең, бос кеңістік, ысқырық, секундомер, бор.

Сабақтың соңы

35-40

VI. Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.

Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.
  • Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.
  • Байқау, тыңдау, сұрақ қою.
  • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?
  • Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу