Секіруді дамытуға арналған іс-шаралар. Дене шынықтыру, 8 сынып, презентация.


Жеңіл атлетика

Секіру техникалары

Ұзындыққа секіру

Ұзындыққа секіруде спортшы еркін түрде екпін алып күшті аяғымен жерге көмілген ағаштан итеріледі (ағаштан асып кетпсе секіру есептелмейді) және алға-жоғары ұшуды орындайды. Ұшу кезінде қол жоғарыда, аяқ тізеден бүгіліп кеудеге барынша жақындайды. Спортшы екі аяғымен бірге қонады.

Үш адымдап ұзындыққа секіру

Үш адымдап секіру кезінде көмілген ағаш секіру шұңқырынан алыс орналасады. Спортшы күшті аяғымен итерілгеннен кейін әуелі итерілген аяына қонады, кейін екінші адымнан кейін келесі аяғына қонады да секіру шұңқырына екі аяғымен қонып, секіруді аяқтайды. Бұл секіру түрін 16-17 жастағы жасөспірімдер орындайды.

Ұзындыққа секірулер екпін алу жолының деңгейіне дейін құм төселген секіру шұңқырынды орындалады. Секіру нәтижесі ретінде спортшының қону кезінде көмілген ағашқа ең жақын жерге қалдырған ізі мен көмілген ағаштың ара қашықтығы алынады.

Биіктікке секіру

Биіктікке үшбұрышты 3х3х3 см-лік қимадан жасалған кедергі арқылы немесе диаметрі 23-26 мм болатын трубкадан секіреді. Трубканың екі жағы биіктік өлшемі бар бағандарда секіру алаңындатұрады. Бағандардың ара-қашықтығы 366-402 см аралығында болады.

Белгілі бір биіктікті өтуге спортшыға үш мүмкіндік беріледі. Егер үш мүмкіндік сәтсіз болса Секіруші жарыстан шығады. Бір биіктктегі секірулер аяқталған соң кедергі 3-5 см-ге көтеріледі, және бір секіруші-жеңімпаз қалғанша жалғасады. Егер соңғы биіктіктен бірнеше спортшы өтсе, жеңімпаз болып аз мүмкіндік қолданған спортшы табылады.

Сырықпен секіру

Сырықпен секіруең қиын жеңіл атлетикалық жаттығу. Спортшы қолына сырық алып 35-40 м жерден екпін алады, кедергіге жақындағанда сырықтың бір жағын тіреу жәшігіне түсіреді де жолақтан итеріліп денесімен алға-жоғарыға серпіле итеріліп денесімен сырыққа ілінеді. Осы мезгілде атлет қолымен тартылып, 180° бұрылады да тірелу қалпына келеді және кедергіден асып, сырықты жібереді. Сырық темірден немесе пластикалық болуы мүмкін. Сырық атлеттің бойы мен салмағына байланысты кез-келген ұзындықта және қалыңдықта болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу