Секіруді дамытуға арналған іс-шаралар. Дене шынықтыру, 8 сынып, презентация. 8 сабақ.
Секіруді дамытуға арналған
іс-шараларОқу мақсаты:кең ауқымдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың орындалу реттілігін түсідіру және көрсете білу
Күтілетін нәтижелер
- қауіпсіздік ережесін біледі. -секіру техникасын түсінеді.-техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсінеді және біледі.;Сыныпты екі командаға бөліп, кезекпен екі тапсырманы орындау.
1.Станция «Жоғары». Жоғарыға секіру жарысы. Екі бағананың ортасына 50-60 см биіктікте (жарысқа қатысушылардың жасына байланысты). резеңке жгутты тартады. Резеңке жіптерінің жанында, секіріп түсу аймағында гимнастикалық маттар жатады. Әр қатысушы, шағын екпін алғаннан кейін «қайшылау» әдісімен жоғары секіреді. Осы биіктікті бағындырған қатысушылар, өз командаларына 10 ұпай әкеліп, 5 см жоғары көтерілген келесі биіктікке секіру кезегіне ие болады. Егер қатысушы, секіру кезінде денесінің кез келген бөлігімен резеңке жіпке тиіп кетсе, берілген станцияда жарысты тоқтатады. Одан кейін оқушы секіру орына өтеді.
2.Станция «Ұзын». Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру жарысы. Әр қатысушыға үш мүмкіндік беріледі. Әр секіру нәтижесі үшін секіру орында сызықтармен белгіленген ұпайлар беріледі, 1м – 2 ұпай, 1м 50см – 3 ұпай, 2м – 4 ұпай және с.с. Осыдан кейін ұпайлар саналып, жеңімпаз команда анықталады.
Сұрақтар?
- биіктікке секіру сіздің ағзаңызға қалай әсер етеді?- Осы тапсырма қандай дене қасиеттерді дамытады?Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.
Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығуларды орындау
Назарларыңызға рахмет!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру