Қауіпсіздік ережесі. Дене шынықтыру, 7 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім

Жеңіл атлетика

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шүйінішқалиев.Қ.О

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қауіпсіздік ережесі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.6.

Жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін білу

Төменгі сөре және старттық үдеу

 Сабақ мақсаттары

7.1.5.1.Жарақат алу себептері және олардың болдырмау әдістерін түсіну

7.1.1.1. Тапсырмаларда спецификалық қозғалыс әрекеттерін қолдану

 Жетістік критерийлері

Жеңіл атлетика бөлімінде техника қауіпсіздік ережелерін сақтайды;

Төменгі сөренің орындалу техникасын көрсетеді;

 Тілдік мақсаттар

 

Жеңіл атлетикадағы қозғалыс әрекеттерін, ағазадағы функционалды өзгерістерді көрсете және талқылай алады

қауіпсіздік техникасы,

қысқа қашықтыққа жүгіру, старт, мәре, стайерлік жүгіру, дистанция бойынша жүгіру

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Құрмет, шығармашылық, әріптесін тыңдай білу. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту, жаттығу жасау барысында сыни тұрғыдан ойлану.

Сана сезім, адалдық, басқа адамдардың ойын құрметтеу, адал болу,

бір-бірін құрметтеу, мәдени, этикалық қасиеттерді дамытады

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру, Отанымыздың игілігі үшін өмір бойы оқытуға, сыни ойлауды дамытуға және білім берудегі үш тілдік саясатты іске асыруға бағыттау.

Мәдениетаралық түсінікті дамыту

 Пәнаралық байланыстар

Физика (оқушылар өз жүгіру жылдамдық күштерін есептеп бағалайды)

АКТ қолдану дағдылары

Қысқа қашықтыққа жүгірудің техникасы: http://msuathletics.ru/books/sprint/sprint_technique.html

Бастапқы білім

Оқушыларың жеңіл атлетика бойынша білімдері бар және жүгірген кезде тыныс алуды қалыпты ұстауды біледі.

Сабақтың жоспарланған

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет.

Ресурстар

Сабақтың басы

10-15 минут

Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару.

Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру.

Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау

Жеңіл атлетикамен айналысу кезінде қауіпсіздік ережесі бойынша жалпы талаптар.

Оқушыларға қыздыру жаттығуларының орнына «қуыспақ» ойынын ойнату. Оқушыларға ережені түсіндіріп, ойынды өз ережесімен әділ ойнауға шақыру.

Ойын ережесі: Оқушылар қыз, ұл болып екі-екеуден жұптасады. Жұптар қолдарынан ұстап, бірге жүгіреді. Белгіленген алаңда оқушылар жұппен қашып қуыспақ ойнайды.

Мақсаты: қашқанда да, қуғанда да жұптар ажырамауы тиіс. Ажырап кеткен жұп қайта қуады. Ойын осылай 5 минут ойналады.

Ойыннан кейін тынысты қалыпқа келтіріп, оқушыларды демалдыру және бұл ойынды ойнағанда мақсатымыз не? Бойымызда қандай дағды қалыптасты? Деген сияқты ашық сұрақтар қойып, осы ойналған ойынға кері байланыс беру. Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Шеңбер бойындағы әр оқушы бір-бір жаттығудан айтып, санақ бойынша орындатқызады. Пульсометрия жүргізу.

Бос кеңістік,

түрлі түсті

конустартар, ысқырық, секундомер.

Сабақтың басы

Сәлемдесу,оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру, жүрек қағысын(пульсін) тексеру. Сабақтың мақсатын түсіндіру .

Оқушыларды суреттер құрастыру арқылы топтарға бөлу. Әр топ өз беттерінше жалпы дене жаттығуын жасайды.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Сабақтың ортасы

Оқушылар жұптарға бөлініп, төмен старт қалпынан 10-20 метр ара-қашықтықты, бастапқы екпін техникасын игеру қажет. Тапсырманы жұптармен ақылдаса практика жүзінде орындап жаттығу.

Топқа бөліну.

Спорттық құрал жабықтардың суреттері беріледі. Мағыналас суреттерді біріктіру арқылы оқушылар 2 топқа бөлінеді.

1-топқа тапсырма

3-4 оқушы сөре сызығының бойымен тұрады.

Старт оқытушы командасы бойынша, 60 метр қашықтыққа , төменгі старт қалпынан жүгіреді.

Топтағы қалған 2 оқушы жүгірген оқушылардың барлық жүгіру кезеңдерін бағалайды (старт, старт екпіні, қашықтық бойынша жүгіру және мәреге жету)

Әр жаттығу үшін үлкен, таза кеңістік. Мәре колодкалары, конусы, доптар, ысқырық, секундомер.

Сабақтың соңы

Құрал-жабдықтарды жинау. Бүгінгі сабақты қорытындылау.

Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

-нені білдім, нені үйрендім.

-нені толық түсінбедім.

Оқушылармен қоштасу.

Үлкен, таза алаң.

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу