Қауіпсіздік ережесі. Арнайы қозғалыс дағдыларын дамыту. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 51 сабақ.
5-бөлім Шаңғы/кросс/коньки дайындығы
Оқу мақсаты:
6.3.4.1. Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіне білу
Сабақтың тақырыбы:
Қауіпсіздік ережесі. Арнайы қозғалыс дағдыларын дамыту.
Сабақтың мақсаттары:
Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіндіру.Бағалау критерийлері :
Шаңғы/кросс/коньки дайындығы кезіндегі денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіне біледі.
Тілдік мақсаттар
Денсаулықты нығайтуға және шыдамдылықты дамытатуға бағытталған бірқатар дене жаттығуларын талқылап көрсете алады.Мыналарды қамтиды:Тынығу кезіндегі тамыр соғысы, жұмыс кезіндегі тамыр соғысы, қалпына келу кезіндегі тамыр соғысыТалқылауға арналған сұрақтар:Сіздердің көңіл-күйлеріңізге және өздеріңізді жақсы сезінуге физикалық жаттығулар қалай әсер етеді?Жоғарғы, орташа және төменгі қарқында орындалған жатығулардың айырмашылығын сіз қалай түсінесіз?Құндылықтарды дарыту:
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.Пәнаралық байланыстар:
Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.
АКТ қолдану дағдылары:
Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.Алдын ала білімі:
Білім алушылар алдыңғы сыныптарда және сабақтан тыс уақытта алған күштік-жылдамдық дайындық және шыдамдылық бойынша алдын ала білімдері мен қозғалыс дағдылары бар.
1-ші тапсырма.
(С, ҚБ) Оқушыларға шаңғыны тарату.Білім алушылар кросс дайындығы кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады.Осыдан кейін білім алушылар келесі ЖДЖ орындайды:1. Б.қ. н.т. қолымыз белімізде, аяқ иық деңгейінде, басымызды 1 дегенде алға 2 артқа 3 оңға 4 солға еңкейтеміз.2. Б.қ. н.т. қол белде, аяқ иық деңгейінде басымызды оңға 4 рет солға 4 рет айналдырамыз.3. Б.қ. н.т. қолымыз иығымызда, аяқ иық деңгейінде, йығымызды алға 4 рет артқа 4 рет айналдырамыз.4. Б.қ. н.т. қолымыз кеуде тұсында аяқ иық деңгейінде 1 – 2 қолымызды артқа сермейміз. З – 4 оң жаққа сермейміз. Келесі З – 4 сол жаққа сермейміз.
5. Б.қ. н.т. қол белде аяқ иық деңгейінде 1 –артқа шалқаямыз, 2–алға иілеміз (қолымызды аяғымызға тигіземіз), 3–қолымызды жазып отырамыз, 4–б.қ.6. Б.қ. н.т. оң қол жоғарыда сол қол төменде 1 –2 қолымызды артқа сермейміз. 3–4 қолымызды ауыстырамыз.
7. Б.қ. н.т. қол белде аяқ иық деңгейінде. 1 –2–3–4 белімізді оңға айналдырамыз, келесі 1 –2–3–4 солға айналдырамыз.
8. Б.қ. н.т. қол белде, аяқ иық деңгейінен алшақ. 1 –оң аяққа қолымызды тигіземіз. 2 –сол аяққа қолымызды тигіземіз. 3 – ортаға еңкейеміз 4 – Б.қ.
Осы тапсырманың дескрипторлары:
Шаңғы/кросс/коньки сабақтарында болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;
Болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі.
Сұраңыз: Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? Шаңғы/кросс/коньки сабақтарында жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?2-ші тапсырма
(Т, ЖЖ, ҚБ) Командалар бір-бірінен 5м арақашықтықта сапқа тұрғызылады. Білім алушыларға тапсырманы орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау керек екендігі айтылады.Ойынның нұсқасы: ойыншылар төрт қатарға тұрады. Бірінші команданың ойыншылары бірінші және үшінші қатарға, ал екінші команданың ойыншылары екінші және төртінші қатарға тұрады. Әр команда ойыншыларының мақсаты – алдағы ойыншыларға қолын тигізіп дақтау және соңынан қуып келе жатқанға дақтатпау. Қайта жүгірген кезде командалар рөлдерімен ауысады. Белгі бойынша екі команда алға жүгіреді. Арттағы ойыншылардың мақсаты – алдағы ойыншыларды дақтау. Дақталғандарды есептегеннен кейін, командалар рөлдерімен ауысып, жүгіру қайта өткізіледі.2-ші тапсырманың дескрипторлары:
- Жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды; - Жаттығуларды орындау кезінде болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;- Болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі.Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?- нені толық түсінбедім?- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізу ұсынылады.Рефлексия
Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердімСары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым барҚызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедімРесурстар:
Үлкен бос кеңістік. Мұғалімнің таңдауына байланысты кросс дайындығына арналған спорттық құрал жабдықтар. Пайдалы интернет ресурстарына сілтеме:Қауіпсіздік ережесі: http://nsportal.ru/shkola/fizkultura-i-sport/library/2015/02/27/instruktazh-po-tekhnike-bezopasnosti-na-zanyatiyakhФизикалық жаттығудың адам ағзасына әсері:http://vahe-zdorovye.ru/novosti/vliyanie-fizicheskix-uprazhnenij-na-organizm-chelovekaДене жүктемелерінің адам ағзасына әсері:http://www.everlive.ru/how-physical-activity-affects-a-body/Назарларыңызға рахмет!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру