Акробатикалық жаттығулар комбинациясын орындау. Дене шынықтыру, 6 сынып, сабақ жоспары. 28 сабақ.


 

 

 

 Дене шынықтыру сабағының №28 қысқа мерзімді жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3 бөлім: Құрал жабдықтар арқылы гимнастика дағдыларын арттыру

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Акробатикалық жаттығулар комбинациясын орындау

Оқу мақсаттары

6.3.2.1. Дене қыздырыну мен қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсерін түсіндіру және оларды орындау.

Сабақ мақсаттары

Дене қыздырыну мен қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсерін және олардың орындалуын түсіндіру.

Бағалау критерийлері

Дене қыздырыну мен қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсерін түсіндіре және оларды орындай алады.

Тілдік мақсаттар

 

Композициялық дайындық кезінде жеке, жұптық және топтық гимнастикалық тапсырмаларын көрсете және сипаттай алады.

Мыналарды қамтиды:

  • гимнастикалық снаряд, көтеру орнына қою;
  • мақсат, тәуекел, қауіпсіздік;
  • алға домалау, артқа домалау.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Акробатикалық жаттығулардың денеге әсері қандай?
  • Снарядтарда жаттығулар орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзушылықты болдырмау үшін не істеу керек?
  • Егер сіз сабақ кезінде өзіңізді нашар сезінсеңіз, қолыңыздың терісі немесе жаралардың қызаруы, пайда болса қандай әрекет жасайсыз?

Құндылықтарға баулу

Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, өмір бойы оқу, бір-біріне көмектесу.

Пәнаралық байланыстар

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі

Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған гимнастика бойныша білімдері мен дағдылары бар.

 

 

 

 

 

 Сабақтың барысы

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы (тайм-менеджмент)

0-4мин

Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

Білім алушылар гимнастикамен айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады. Білім алушылар жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне дене қыздыру жаттығуларын орындайды.

Үлкен бос кеңістік.

 

Сабақтың ортасы

(тайм-менеджмент)

5-18мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

18-34мин

 

(С, Ж, ҚБ) Білім алушылар алға домалау техникасына арналған жаттығуларды орындайды.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Гимнастика сабағындағы қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;
  • Негізгі қалыпта тұрады. Оң(сол) қолын түзу жоғары көтереді;
  • Гимнастикалық маттың алдында аяқтарын қосып, оларды тізеде бүгіп, сәл отырады;
  • Қолдарын алдында гимнастикалық матқа қойып, шынтақта сәл бүгеді (қолдарын иық деңгейінде қояды);
  • Иықтарын алға жіберіп, дене салмағын қолдарына түсіреді.
  • Аяқтарын тізеде түзеп, иегі кеудесіне тигенше басын алға иеді.
  • Аяқтарымен итеріліп, дене салмағын екі қолына түсіріп, желкесін тигізе алға аударылып, жауырынға, арқаға түсіп, аяқтарын бүгеді.
  • Топтасу: шынтақтарын денесіне қысып, қолдың буынымен жіліншігін ұстайды, арқасы дөңгелек.
  • Тұру: домалауды орындағаннан кейін табандары еденге толық қойылған, аяқтары жазылған, ал қолдарын басынан жоғары екі жаққа қояды, алақандары төмен.

Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

(Т, Ж, ҚБ) Жауырынға тұру жаттығуы:1. Теріс қарап жүреден отыру.2. Тізені ұстап артқа құлау.3. Аяқты бүгіп, қолды белге тіреу.4. Жауырынға тұрып аяқты түзу ұстау.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Гимнастика сабақтарында болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;
  • болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі.

Сұраңыз: Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? Гимнастикамен айналысқан кезде жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?

Үлкен бос кеңістік. Гимнастикалық маттар.

Алға домалау техникасын үйрену интернет ресурстарына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=F899XDLzmU4

https://www.youtube.com/watch?v=t8g-cyPt-2Q

https://www.youtube.com/watch?v=a86s8-eEhU0

Үлкен бос кеңістік. Гимнастикалық маттар.

Жауырында тұру техникасын үйрену интернет ресурстарына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=ZVMw-QZfeZI

https://www.youtube.com/watch?v=u98IVU1jgwU

https://www.youtube.com/watch?v=vdSlvmww6AI

Сабақтың соңы

(тайм-менеджмент)

35-40 мин

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

 - нені білдім, нені үйрендім?

 - нені толық түсінбедім?

 - немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалау ұсынылады.

Рефлексия парағы

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дене қыздырыну мен қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсерін барлық білім алушылар түсіндіреді және орындайды деп жоспарлап отырмын.

Қабілеті жоғары оқушыларға дене қыздырыну мен қалпына келу техникаларын орындау кезінде сыныптастарына ақыл-кеңес беруді ұсынамын.

Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады.

Сонымен қатар:

 Оқуды бақылау

 Сұрақтар мен жауаптар

 Өзін-өзі бағалау

 Білім алушыларды рефлексиялау арқылы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 Жалпы баға

 

 Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

 Белгілер:

 С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс

 Ж = жеке жұмыс Тәж = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
Пікір жазу