Төзімділікті дамытуға бағытталған ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 62 сабақ.


Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 62

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім – Денсаулық және физикалық белсенділік

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Төзімділікті дамытуға бағытталған ойындар

Оқу мақсаттары

3.1.3.3. Уақытты, кеңістікті және бірқалыптылықты түсінетінін көрсететін машықтарды және жүйелілікті дамыту және жетілдіру

 Сабақ мақсаттары

Бірқалыптылықты уақытты, кеңістікті және жүйелілікті дамытады және жетілдіреді

 Бағалау критерийлері

  • Уақытты, кеңістікті және бірқалыптылықты түсінетінін көрсетеді, машықтарды және жүйелілікті дамытады, жетілдіреді.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • жалпы физикалық жүктеме және қозғалмалы ойындары мен дене қыздырумен байланысқан салауатты өмір салты тұжырымдамасын көрсету және талқылау

Пәнге тән лексика мен терминология:

Мыналарды қамтиды:

  • денсаулық, дене қыздыру, пульстің жиілігі, физикалық қасиеттер
  • қыздыру әрекеттері: бір орнында жүгіру, аяқтарын қосып секіру, аяқты қосып, ашып секіру, алға еңкею
  • жүгіру, тез жүріс, жәй жүріс
  • бұлшық, жүрек соғуының қысқаруы, жылдамдықтың

қалыпқа келуі

  • бағыт, кеңістік
  • ойын, команда, ынтымақтастық
  • тактика, стратегия

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау үшін сұрақтар

  • Сіздің командалық жүмысыңыз сәтті болды ма?
  • Жақсы нәтиже көрсету үшін командалық жұмыс көмектесті ме?
  • Берілген эстафета ойыны қандай дене қасиеттерін дамытады?

Құндылықтарды

дарыту

 

 

  • оқушының төзімділік, жылдамдық, күш, ептілік және икемділік сияқты қозғалыс дағдыларын дамытады;
  • ұлтжандық, құрмет, командада жұмыс;
  • оқушыларды өмір бойы салауатты өмір салтын ұстануға бағыттай отырып, алынған дағдыларды қолдануға ынталандырады;

Пәнаралық

байланыстар

Биология, физика пәндерімен байланыстырылады. (Дене жаттығуларын орындау барысында өзін-өзі басқару қызметін түсінеді).

АКТ қолдану дағдылары

Тақырып бойынша дене жаттығулары кезінде өзін-өзі басқару қызметін көрсету (АКТ қолданған жағдайда)

Бастапқы білім

Білім алушылар алдыңғы сыныптарда, сондай-ақ сабақтан тыс уақыттан алған дене жаттығулары кезінде өзін-өзі басқару бойынша білімдері мен дағдылары бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

І. Сапқа тұрғызу. Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. "Бастаймыз" деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен...қолмен... өкшемен...иықпен...құлақпен...тіземен....иекпен.... арқамен.

Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз»

Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды.

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

ІІ. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

(П) «Тек бір минут» стратегиясын өткізеді

Оқушылар бір-бірін бағалайды

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.

Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «Көңіл-күй ағашы» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Сабақтың ортасы

25 мин.

(С, Тәж, К, ҚБ) «Құрамдастырылған эстафета». Сынып екі командаға бөлінеді, командадағы әр оқушыны белгілі бір тапсырманы орындауға міндетті кезеңдерге тұрғызылады. Қатысушылар өздерінің тапсырмаларын орындайды және эстафетаны келесіге береді.

1. Бірінші қатысушылар өздерінен шеңберді үш рет өткізеді және эстафетаны келесіге қолына тигізіп беру үшін жүгіреді.

2. Екінші қатысушылар орнында тұрып секіртпемен 5 рет секіреді.

3. Үшінші қатысушы эстафетаны алып, қолының көмегімен отырғышта ішімен жатып сырғанайды.

4. Келесі қатысушы жатқан күйінде,аяқтары бірге, қолдары жоғарыға созылған гимнастикалық маттың басынан соңына дейін жылжиды.

5. Бесінші қатысушы орнында тұрып 3 рет жүрелеп отыруды жасайды.

6. Алтыншы қатысушы келесі кезеңге бір аяқпен секіріп жетеді.

7. Алтыншы қатысушы финишқа максималды жылдымдықпен жүгіреді

Жеңімпаз команда уақыт бойынша анықталады. Оқушылармен бірге эстафета өткізу кезіндегі техника ережелерін талқылаңыз. Тапсырмалары бар кезеңдерді ойын кеңістігіне байланысты өзгертуге болады. Тапсырмаларды қиындатуға болады.

Дескриптор:

  • Ойын алаңыдағы қауіпсіздік ережесін сақтайды.
  • Әр кезеңдерден өту кезінде түрлі қозғалыс әрекеттерді құрады;
  • Қозғалысты кеңістікте тиімді пайдаланады.

ҚБ: бірін-бірі бағалау.

Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді.

Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, пішіндерді белгілеуге арнаған бор, конус, ысқырық, гимнатикалық орындықтар, секундомер, секіртпе, шеңбер(круг), гимнастикалық төсеніштер. Қозғалмалы ойындары интернет ресурстарының сілтемесі:

http://мир-детей.дети/vospitatelyam-uchitelyam-pedagogam/igryi-na-svejem-vozduhe/2002-beregis-igra-dlya-detej-5-8-let.html

Сабақтың соңы

5 мин.

Сабақты қорытындылау.

  • Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;
  • Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;
  • Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;
  • Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;

Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды. Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

бәрін жақсы түсіндім.

Енді түсініп келемін

Түсінбедім

Барлығын түсіндім

Құрал-жабдықтарды жинау.

Кері байланыс үшін парақ

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Үлгере алмайтын, қалып қоятын оқушылар мықты және дарынды балалардың сонынан қайталап береді
  • Кеңістікте қозғалыс сөздік қорларын кеңейту үшін жаттығып жатқан қабілетті оқушыларға қиынырақ сұрақтар қойылады.
  • Қозғалыс ойын және эстафета ойын ойнаған кезде мықты дарынды оқушылар өз креативтік ойларын және қимыл қозғалыстарын көрсете алады «Көңілді кенгуру »
  • Мұғалімнің сырттан жүріп байқауы
  • Оқушылармен тақырып бойынша әңгімелесу
  • Керек кезінде оқушылар тоқтай ала ма?
  • Оқушылар ойын ойнаған кезде ерекше қимыл қозғалыстарын көрсете ала ма?
  • Бақылау, тыңдау, сұрақтар
  • Оқушылардың қалай жүргендерін бақылау
  • Оқушылар өз-өздерін бағалау, орындаған тапсырманы талқылайды
  • Сұрақ жауап арқылы топтағы және жеке қарым-қатынас сапасын анықтау

Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу;

Өзгелердің пікірін сыйлай отырып, олармен жұмыс жүргізу

Қауіпсіздік ережелерін мұқтят сақтау

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету;

Әр оқушының жүріс-тұрысын жіті назарда ұстау.

Өзгелермен жұмыс, пікірді құрметтеу.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/меңгеру мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз. Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар нені үйренді? Оқыту/оқу, Сәтті; Сәтсіз; Болашаққа жоспар.Сабақ мақсаты сабақ тақырыбына, оқушылардың жас ерекшелігіне, қимыл қозғалысқа деген қажеттіліктеріне сай қойылған.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу