Қозғалыс координациясына бағытталған қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 17 сабақ.
Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 17
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім – Қозғалыс және спорт ойындар | Мектеп: | |||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Қозғалыс координациясына бағытталған қозғалмалы ойындар | |||||||||||||
Оқу мақсаттары | 3.1.2.2 Дене дамуы үшін қарастырылған түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде қозғалыстарды қалай орындау керек екендігін білу және түсіну | |||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Түрлі дене жаттығуларын орындаған кезде қозғалыстардың қалай орындау керектігін біледі және түсінеді | |||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар:
Пәнге тән лексика мен терминология: Мыналарды қамтиды:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Талқылау үшін сұрақтар • Сіз айта аласыз ба, ойындарды әділ ойнап түбегейлі ережесін неге олай сақтадыңыз? • Сіздер айта аласыздар ма, неге біз ойын ойнайтын жерді мұқият таңдап аламыз? | |||||||||||||
Құндылықтарды даруыту
| Оқушылардың денсаулығын нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне әсер ету, қимыл дағдыларымен мен іскерліктерін қалыптастырау және жетілдіру, негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту. Топта әділ жұмыс жасауға бейімдеу, барлығын бірге, бірдей қарқынмен әрекет етуге үйрету. | |||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Биология, физика пәндерімен байланыстырылады. (Дене жаттығуларын орындау барысында дене мүшелерінің белсенді қызметін және бұлшық еттердің қимылын түсінеді). | |||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Қозғалыс координациясына бағытталған қозғалмалы ойындарды АКТ немесе ұялы телефондар арқылы көрсету. | |||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар бұл бөлімде қозғалысты үйлестіру үшін қозғалмалы және спорттық ойындар арқылы командада жұмыс атқару және қозғалыс дағдыларын, доппен ойын, жылдамдық реакциясын дамытатын ойындар ойнайды. Топтық және жұптық жұмыс істеу арқылы қозғалмалы және спорттық спектірлік қозғалыс дағдыларын дамытуға көмектеседі. | |||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы 10 мин | І. Сапқа тұрғызу. Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сантики, Фантики, Лимпопо» ойыны. Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір оқушыны таңдайды да бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі оқушылардың ішінен бір оқушыны жүргізуші етіп сайлайды, ол шеңбердегі оқушыларға қозғалыстарды көрсетіп тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің артынан көрсеткен қимылдарды қайталау керек. Қимылдарды қайталаған кезде жүргізушіге қарамай, білдіртпей жасау керек. Шеңбердегі оқушылар шапалақ ұрып, «САНТИКИ, ФАНТИКИ, ЛИМПОПО» деп айтып ойынды бастайды. Бөлме сыртында тұрған ойыншы ойыншылардың дауыстарын естіп, бөлмеге кіреді де шеңбердің ортасына тұрып, кім жүргізуші екенін табу керек. Егер жүргізушіні тапса, жүргізуші есіктің сыртына шығады. Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз» Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады. Кеңістікте топпен жүгіргенде неге сақ болу керек екенімізді айта аласын ба? Орташа қалыпта жүгіру, алаңның оң жағынан сол жағына қарай . 1. Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру. 2. Жеңіл жүгіріске көшу . 3. Аяқты артқа, қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру. 4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру, екі қол белде 5. Жылдамдыққа жүгіру 6. Қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп , түсіру, демді қалпына келтіру. Ж.Д.Ж. орнында ІІ. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады. «Тек бір минут» стратегиясын өткізеді Оқушылар бір-бірін бағалайды | Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, пішіндерді белгілеуге арнаған бор, жалаушалар, ысқырық. Жолдарды салуға арналған ленталар. | ||||||||||||
Сабақтың ортасы 25 мин.
| (Б, Т, БҚ) «Кедергілер жолағы». Дабыл бойынша екі команданың да бірінші ойыншылары алдыға жүгіріп шығады және кедергілер жолағын басып өтеді: - гимнастикалық матқа алға қарай екі рет тоңқалаң асады; - кедергілерден өтеді; - гимнастикалық орындықтан жүгіріп өтеді; - оқтау арқылы бес секіруді орындайды; Осы кедергілердің бәрінен өткеннен кейін кері қайтады. Жүгіріп келген ойыншы кезекті ойыншының қолынан ұстайды да бағанның соңына тұрады. Ойын команданың барлық мүшелері тапсырманы орындағаннан кейін аяқталады, — бірінші ойыншы қолын жоғары көтереді. Эстафетаны жылдам бітірген команда жеңеді. Оқушылардың тапсырмаларды орындаған кезде техника қауіпсіздігін қатаң сақтауына, кері тек бағанның сол жағы бойынша ғана жүгіруіне назар аударыңыз. Тоңқалаң асуларды орындаған кезде алдыңа қарай топтастырылу, гимнастикалық орындықтан сақтықпен жүгіру. Дескриптор:
ҚБ: бірін-бірі бағалау, бақылау | Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы әрбір қызмет үшін. Гимнастикалық орындықтар, конустар, жалаушалар, бор. Балаларға арналған қозғалмалы ойындары интернет ресурстарының сілтемесі: https://infourok.ru/dene-trbiesi-sabaini-a-siniptai-817107.html | ||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин. | Сабақты қорытындылау.
Рефлексия: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет? | Құрал-жабдықтарды жинау. Кері байланыс үшін парақ | ||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||
|
| Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру; Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу; Өзгелердің пікірін сыйлай отырып, олармен жұмыс жүргізу Қауіпсіздік ережелерін мұқтят сақтау Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету; Әр оқушының жүріс-тұрысын жіті назарда ұстау. Өзгелермен жұмыс, пікірді құрметтеу. | ||||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары/меңгеру мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? |
| |||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру