Қауіпсіздік ережесі. Денсаулық туралы негізгі түсініктер. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері | Мектеп: | |||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Қауіпсіздік ережесі Денсаулық туралы негізгі түсініктер | |||||||||||||
Оқу мақсаттары | 3.3.1.1 Дене жаттығуларының, сауықтыру пайдасы денсаулықты нығайтуға ықпал ететін көрсете білу және түсіну | |||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Жаттығулардың сауықтыру пайдасын, денсаулықты нығайтуға ықпал ететіндігін көрсетеді және түсінеді | |||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар:
Пәнге тән лексика мен терминология: Мыналарды қамтиды:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Талқылау үшін сұрақтар
| |||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
| |||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Биология, физика пәндерімен байланыстырылады. (Дене жаттығуларын орындау барысында дене мүшелерінің белсенді қызметін және бұлшық еттердің қимылын түсінеді). | |||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Тақырып бойынша дене жаттығуларын орындау әдісін көрсету (АКТ қолданған жағдайда) | |||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар алдыңғы сыныптарда, сондай-ақ сабақтан тыс қызметте іс- шаралар кезінде жеңіл атлетика бойынша түсінігі бар. | |||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы 10 мин | І. Сапқа тұрғызу. Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. "Бастаймыз" деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен...қолмен... өкшемен... иықпен...құлақпен...тіземен....иекпен.... арқамен. Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз» Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады. Кеңістікте топпен жүгіргенде неге сақ болу керек екенімізді айта аласын ба? Орташа қалыпта жүгіру, алаңның оң жағынан сол жағына қарай . 1. Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру. 2. Жеңіл жүгіріске көшу . 3. Аяқты артқа, қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру. 4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру, екі қол белде 5. Жылдамдыққа жүгіру 6. Қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп , түсіру, демді қалпына келтіру. Ж.Д.Ж. орнында ІІ. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады. «Тек бір минут» стратегиясын өткізеді Оқушылар бір-бірін бағалайды Оқушылар тамырдың ырғағын санайды. | Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, пішіндерді белгілеуге арнаған бор, жалаушалар, ысқырық. Жолдарды салуға арналған ленталар. | ||||||||||||
Сабақтың ортасы 25 мин.
| (Ж, Т, Тәж, ҚБ) «Үйір» ойыны Барлық ойнаушыларды бірнеше топқа бөледі. Бір «жылқы», екі-үш «қасқыр», екі-үш «құлыншақ» таңдалынады. Қалған ойнаушылар «жылқы үйірі» болады. Оқушылар қолдарынан мықтап ұстап, шеңбер жасайды. Шеңбердің ішінде «құлыншақтар» болады. «Құлыншақтар» шеңбердің ішінде жүріп, «жылқылардың кісінегеніне» еліктей алады. Үйірдің айналасында «жылқы» жүреді. «Үйір» мен «құлыншақтарды» күзетеді. Егер «қасқырлар» жақындаса, оларды кісінеп, оқыранып қорқытады, «қасқырға» қолын тигізсе, «қасқыр» ұсталған болып есептеледі. «Қасқырлар» «үйірдің» жанында аңдып жүреді. Шынжырды үзіп, «құлыншақтарды» ұстап, өзінің «апанына» алып кетуге тырысады. «Құлыншақ» еш қарсылықсыз «қасқырмен» кетеді. «Жылқы» «қасқырлардың» барлығына қолын тигізгенше жалғасады. Дескриптор:
ҚБ: бірін-бірі бағалау, бақылау. (Ж, Б, ҚБ) Шаршы пішінінде төрт гимнастикалық орындық қойылады. «Тауықтар» бірде сырғауылдарға қонады, бірде жерге түседі. «Түлкі» тауық қораға жақындап, ішіне кіріп бір аяғы жерге тиіп тұрсадағы «тауықты» ұстай алады. Ұсталғанды «түлкі» «апанға» апарады. Ойынды бірнеше рет қайталауға болады. Бірде бір рет «түлкіге» ұстатпаған жеңеді. Ойынды екі жарты алаңда, екі топпен өткізуге болады. «Ең епті түлкі» кім көп тауық ұстайды деп жарыс ретінде өткізуге немесе белгіленген уақытта қанша ұстап үлгереді деп өткізуге болады. Дескриптор:
ҚБ: бірін-бірі бағалау | Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, пішіндерді белгілеуге арнаған бор, жалаушалар, ысқырық. «Балаларға арналған қозғалмалы ойындары» сілтемесі: http://flaminguru.ru/pi45.html Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, пішіндерді белгілеуге арнаған бор, жалаушалар, ысқырық., секундомер, гимнастикалық орындықтар саны оқушылардың қатысатын тобына немесе мұғалімнің қандай тәртіпте қоюына байлайланысты. «Балаларға арналған қозғалмалы ойындары» сілтемесі: http://ktonazdorovogo.ru/kartoteka-podvizhnyx-igr-s-pryzhkami-dlya-detej.html | ||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин. | Сабақты қорытындылау.
Рефлексия: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет? бәрін жақсы түсіндім. Енді түсініп келемін Түсінбедім Барлығын түсіндім | Құрал-жабдықтарды жинау. Кері байланыс үшін парақ | ||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қаблеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||
|
| Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру; Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу; Өзгелердің пікірін сыйлай отырып, олармен жұмыс жүргізу Қауіпсіздік ережелерін мұқтят сақтау Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету; Әр оқушының жүріс-тұрысын жіті назарда ұстау. Өзгелермен жұмыс, пікірді құрметтеу. | ||||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары/меңгеру мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? |
| |||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру