Лақтыру, секіру және жүгірудің түрлері. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 8 сабақ.


Дидактикалық материал8

 Жалпы дамыту жаттығулар

 Карточка №1

Негізгі қимылдар.

Секіру жаттығулары. Екі аяқты бірге ұстап, оң, сол жақтарымен 4-5 мжерге секіру; Бір аяғын қолымен ұстап, екіншісімен секіру; екі аяғымен кезек аттап  5-6 м. жерге секіру; биіктігі 20 см, заттың үстіне қос аяқтап секіріп шығу; ені 10 см. биіктігі15-20 см. болатын қатар жатқан 5-6 параллоннан оң (сол) жағымен біртіңдепсекіріп өту; жүгіріп келіп, 30-40 см. биіктікке секіріп шығу; жүгіріп келіп 1м. ұзындыққа секір;  жүресінен отырып, жоғары секіруді 10-12 рет қайталау; бір орында тұрып, қос аяқтап 80 см. қашықтыққа секіру; өз бетімен секіртпемен секіру.

Лақтыру және қағып алу жаттығулары. Жоғары лақтырылған доптыбір қолымен 4-6 рет, екі қолымен 10-15 рет қағып алу; жүгіріп келе жатып, доптыекі қолымен жерге кезек соғып ыршыту; допты бір қолымен соғып ыршытуды өз орныңда бір айналып келіп қайталау; екі-екі баладан жерге соғып келе жатқан допты ұстап  алып, екі қолыменлақтырып, лақтырған допты қағып алып жүрістерін қайта жалғастыру; екі  аяқты  алшаққойып (тізерлеп, тұрып, аяқты созып отырып), 1 кг. мақта допты екі қолымен желкетұсынан бастап асыра лақтыру; теннис добын екі қолымен желке тұстан бастан асыралақтыру; теннис добын, 200 г. қалташаны оң (сол) қолымен алысқа лақтырып, көрсеткішінанықтау; өз беттерімен әртүрлі заттарды лақтыру.

Еңбектеу және өрмелеу жаттығулары. Гимнастикалық орындықтың үстіне тізерлеп тұрып, екі қолымен ұстап тартылу; қырынан жерге тигізе ұстап тұрып, басыниіп астынан өтіп шығу; гимнастикалық қабырғаға сүйеп қойған бөренемен, тақтайменбаспалдақпен еңбектеп барып, қабырғамен өрмелеу; салбырата ілінген арқанмен ұстап,аяқтың көмегімен тартылу және арқанды бойлай сырғып түсу;   екі қолымен гимнастикалық қабырғадан ұстап, екі аяқты кезек-кезек алға көтеру және қолымен бірнеше рет жоғары тартылу.

Тепе-теңдікті сақтау жаттығулары. Гимнастикалық орындықтың үстімен 1 кг, доптыдомалатып журу; орындықтың үстіне тұрып, қолындағы добын лақтыру (өзіне лақтырылған допты қағып алу); 1 кг, толтырылған допты төбеге, желкеге қойып, орнында бірайналып жүріп кету; қолды жоғары созып, өкшені біріктіре көтеріп ұзақ тұру; мақта доптың үстіне бір аяқпен тұрып, екінші аяғын алға (жанға, артқа) көтеріп, тізесін бүгіп ұзақ тұру; жалғыз (екіден қол ұстасып) тұрып, әртүрлі қимылдар жасап айналу; көзін жұмып, бір аяқпен ұзақ тұру.

 

Жаттығу алдындағы қауіпсіздік талаптары.

Білімалушылар міндетті:

  • Спорттық форма мен аяқ киімін, киім ауыстыратын бөлмеден киінуі;
  • Өзге жаттығушыларға қауіп төндіретін заттарды шешуі (сағат, салбыраған сырға және т.б.);
  • Спорттық форманың жан қалталарынан үшкір және бөтен заттарды алып тастауы.
  • Жаттығуды өткізуге қажетті құрал жабыдықттарды оқытушының басқаруымен дайындап қойуы;
  • Жаттығу болатын жерге күректерді және тырмаларды үшкір жағын жоғары қаратып тасымау керек;
  • Жүгіру жолдарынан, секіру шұңқырынан оқытушының нұсқауымен бөтен заттарды және т.б. заттарды алып тастау керек;
  • Мұғалімнің белгісі бойынша жалпы сапқа тұру.
  • Жаттығу кезіндегі қауіпсіздік талаптары.

 Секіру кезіндегі қауіпсіздік ережелері.

 Секіруге арналған шұңқыр 20-40 см тереңдікте құм топырақпен толтырулы болуы керек. Секірер алдында секіретін шұңқырдағы құм топырақ қопсытылған болуы керек, күректер, тырмауыштар және басқа бөтен заттарды алып тасталуы керек.

Секіру техникасы оқу бағдарламасына сәйкес және оқушының аяғымен түсуін қамтамасыз ету.

 Білімалушылар міндетті:

  • Тырмаларды ұштарын төмен қаратып жатқызуы;
  • Тегіс емес, борпылдақ және тайғанақ топырақта секіруге болмайды, секіріп жерге түскенде қолмен тірелмеуі;
  • Мұғалім рұқсат еткен кезде және шұңқырда ешкім болмағанда секіру керек;
  • Біреудің жолын кеспей басқа оқушы секірген мезгілде, кезекпен секіру керек;
  • Секіріп болғанан кейін тез арада секіретін шұңқырды босатып өз орнына қайтып келіпкелесі секіру әрекетіне жолдың оң және сол жағымен екпін алуға даындалу керек.

Бір орынан тұрып секіру техникасын оқушыларға айтып түсіндіру және көрсету.

Бір орынан тұрып секіру техникасы.

Бір орынан секіру негізінде жаттығу кезінде қолданылады, деген менде бір орынан секіру және үш рет секіруден жарыстар өткізіледі. Секіргіштік пен аяқтың күшін анықтау үшін бір орынан биіктікке секірту бақылау сынағын өткізеді.

Бір орынан ұзындыққа секіру.

Бір орынан секіру техникасы бөлінеді:

  • серпілуге дайындалу;
  • серпілу;
  • ұшу;
  • қону, жерге түсу.

Дұрыс орындауы

Негізгі қателіктер

  • Волейбол добын қарсылас ойыншыларға лақтыру

Ойынды дұрыс түсіндірмеуі

Оқушылардың тең бөлмеуі

Тегіс жерде ойналмауы

Мұғалімнің белгісін күтпеуі

Ойыншылардың шамамен 10 метр қашықтықта алаңңның қарама-қарсы бағытына қатарға тұрмауы

Бір команда лақтыруды уақытында орындамауы

Екінші команданың артқа қарай жылжымауы

  • Қарама-қарсы волейбол ойыны

Ойыншылардың ойнайтын алаңының белгіленбеуі

Алаңда волейбол добының қойылмауы

Мұғалімнің белгісін тындамауы

Кіші допты волейбол доптарына лақтырмауы.

Қарама-қарсы командаға волейбол доптарын жылжытпауы

Ойыншылардың лақтырылған доптарды жинамауы

Белгіні дұрыс бермеуі допты лақтыруға

Қарсыластарға допты жылжытпаулары

Берілген кезекті сақтамауы

3. Волейбол добын лақтыруда жеңіске жетуі

Сызықтан добты бірінші болып асырмауы

Ойын ережесін дұрыс сақтамауы

Ойын барысында волейбол добының ойын алаңынан домалап кетуі

Оны алып алаңның аймағына қоймауы

Волейбол добын лақтыруды екі жақтан бір уақытта бастамауы

Екінші ойыншының орындай алмауы

Допты лақтыру кезінде дұрыс шешім қабылдамауы

Айналасындағы ойыншылардың жақын тұрғанын байқамауы

  • Сабақ басталмас бұрын денені қыздыру жаттығуларын жасау керек
  • Дене қыздыру жаттығулары
  • Жүру түрлері
  • Аяқтың өкшесімен
  • Сыртқы қырымен
  • Аяқтың ұшымен
  • Жартылай, толық отырып жүру
  • Жүгіру
  • Арнаулы жүгіру жаттығулары.
  • Тынықтыру жаттығулары
  • Орнында жасалатын жаттығулар.
  • Ойын алаңын мұқият қарап шығу керек
  • Жүгіру жолдарын тексеріп шығу
  • Басқа заттардың жоқ екендігіне көз жеткізу
  • Ойынды мұғалімнің рухсатымен бастау керек
  • Жүгіру алаңына басқа оқушылардың кедергі жасамауын қадағалау

Қорытынды  бөлім

Сапқа  тұру, жай  жүгіру, жүру  тыныс  алу  жаттығуларын  жасап  бастапқы  қалыпқа  түсу.

—          Сабақты  қорытындылау

—          Үйге  тапсырам  беру

—          Ұйымдасқан  түрде  оқушыларды  тарату

Оқушылардың  бастапқы  қалыпқа  түсу  жаттығуларының  дұрыс  орындалуын  қадағалау.

Ғаламторға сілтеме: «Балаларға арналған қозғалмалы ойындар»

https://library.wksu.kz/dmdocuments/%D2%9A%D0%98%D0%9C%D0%AB%D0%9B%D0%94%D0%AB%20%D0%9E%D0%99%D0%AB%D0%9D%D0%94%D0%90.pdf



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу