Лақтыру, секіру және жүгірудің түрлері. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 7 сабақ.
№7 сабаққа арналған дидактикалық материалдар (керекті құрал-жабдықтар
Кіріспе бөлім
«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»
Мақсаты: Игергелі отырған тақырып пен оқыту мақсаттары жөнінде ақпарат беру.
Сипаттамасы: Мұғалім мен оқушының тақырып бойынша бірлескен іс-әрекеті. Сұрақ-жауап арқылы жүгіру, секіру, лақтыру кезінде дененің дұрыс дамуы үшін түрлі дене жаттығуларын орындау барысында қозғалыстарды қалай орындау керек екендігінің маңызы туралы мәселелер нақтыланады.
Мұғалім әрекеті: Тақырып, жоспардағы іс-әрекеттер жөнінде ақпаратпен, мақсаттар және бағалау критерийлерімен таныстырады, сұрақтарға жауап береді. Оқушыларды бағалау критерийлерін талқылауға жұмылдырады. Қыздырыну жаттығуларын қызықты қимыл ойындары арқылы ұйымдастырады. Мысалы: «Қуып жет!» Оқушылар белгіленген алаңда бір-бірінен қашып жүгіреді. Сәл уақыттан кейін мұғалім ысқырықпен белгі береді, одан кейін оқушылар екі-екеуден жұптасып жүгіреді. Жұпта ажырамай бірге қашып, бірге қуу керек. Ұсталынған жұптар қосылып, бірге басқа жұптарды қуады. Ойын осылай барлық жұптар ұсталынғанша жалғасады.
Тыныс алу, жалпы дамыту жаттығулары оырндалады.
Оқушы әрекеті: Мұғалімнің берген ақпаратын тыңдайды, мақсаттар және бағалау критерийлерімен танысады, сұрақтар қояды. Мұғаліммен бірлесе отырып бағалау критерийлерін талқылайды.
Тапсырмаларды орындау кезіндегі ойын ережесін, қауіпсіздік ережесін мұқият орындайды.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету. Ойын кезінде жұптарды мақтап, мадақтап отыру.
Негізгі бөлім:
Оқушы әрекеті:
Оқушылар екі топқа жасақталады. Өткен сабақтағы дағдыларды жетілдіру үшін күрделендірілген тапсырмалар ұсынылады:
- жаттығуларды бір-біріне көрсету барысында қате және дұрыс нұсқаларын көрсетеді;
- бір-біріне кері байланыс беріп, жаттығулардың маңыздылығын айтады;
- топта бірлесіп жұмыс жасауға тырысады;
- дененің дұрыс дамып, жетілуі үшін жүгіру, секіру, лақтыру жаттығулардын орындайды;
- жаттығулардың дұрыс және бұрыс түрлерін көрсетіп, түсіндіреді;
- топтар тапсырманы орындағаннан кейін бірін-бірі бағалайды;
Тапсырмаларды орындау деңгейін бағалау үшін дескрипторлар:
- жаттығуларды дұрыс орындап көрсетеді, өңдейді;
- қозғалыста жаттығуларды серіктесіне көрсетеді;
-жүгіру, секіру, лақтыру жаттығуларын түрлі әдісте көрсетеді.
«Кім қалай секіреді» ойынын ойнату.
Оқушылар шеңбер бойына тұрады. Ортада ойынды бастаушы сайланады. Ол секіртпе жіпті алып, төменнен белгі бойынша айналдыра бастайды. Шеңбер бойындағы ойыншылар сол секіртпеден ылдам секірулері қажет. ( бір аяқпен, қос аяқпен, аттап өту әдісімен болады.)
«Сабақты қорытындылау»
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.
Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар кері байланыс картасын толтырып қалдырады.
Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік болу үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басында мұғалім сұрағына жауап береді. «Кері байланыс картасын» толтырады.
Бағалау: Мұғалім оқушыларына «Кері байланыс картасын» таратып береді, оқушылар өзіндік бағалау арқылы парақшаларын толтырады.
Ойынға керекті құралдар
Ысқырық секіртпе
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру