Күшті қышқылмен күшті негізді (немесе керісінше) титрлеу нәтижелерін есептеу. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім:

Қышқыл және негіз ерітінділері 

Мектеп: НЗМ Көкшетау

Мерзімі:

Мұғалім: Манкей Болат

Сынып: 11

Қатысқан оқушылар саны:

Босатқан оқушылар саны:

Сабақ тақырыбы:

Күшті қышқылмен күшті негізді (немесе керісінше) титрлеу нәтижелерін есептеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Күшті қышқылмен күшті негізді (немесе керісінше) титрлеу нәтижелерін есептеуді жүргізу

Сабақтың мақсаты

  • Ерітіндідегі еріген заттың молін есептейді.
  • Концентрацияны есептеу формуласын түрлендіп есептейді.
  • Күшті қышқылмен күшті негізді (немесе керісінше) титрлеу нәтижелерін есептеуді қадамдар бойынша жүргізеді.

Бағалау критерийлері

Сабақ соңында оқушылар Күшті қышқылмен күшті негізді (немесе керісінше) титрлеу нәтижелерін есептеуді қадамдар бойынша жүргізеді.

Тілдік мақсат:

 

Оқушылар қышқылды -негіздік титрлеудің нәтижелерін есептеуді жүргізуде арнайы лексика және терминологияны қолданып түсіндіреді.

Пән бойынша арнайы лексика және терминология: моль, молярлық концентрация, титрлеу, эквиваленттік нүкте,соңғы нүкте

  • Бейтараптану реакциясы - қышқыл мен негіз сандық түрде өзара әрекеттесіп, тұз және суды өнім ретінде түзу.
  • Титрлеу - концентрациясы белгілі ерітіндіні (титрант), концентрациясы белгісіз ерітіндіге бейтарапталғанға дейін баяу қосу реакциясы
  • Эквиваленттік нүкте - химиялық реакцияның(бейтараптану) аяқталатын нүктесі
  • Соңғы нүкте - титрлеуде түс өзгерісінің орын алатын нүктесі.

Пән аралық байланыстар

-

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың ұқыптылыққа үйренуі зертханалылық жұмыс атқару кезінде жүзеге асады.

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, видео

Бастапқы білім

Ерітінділер және ерігіштік. (7.3C)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

7 минут

Миға шабуыл

1. Төмендегі қосылыстардың салыстырмалы молярлық массасын есептеңіз.

(a)HCl(b) KOH(c) NaOH

2. Моль, масса және молярлық масса формуласын жазыңыз. Moль = Маса / Mr

3. Төмендегі заттардың зат мөлшерін және массасын есептеңіз.

  • 50г KOH(қ)
  • 0.75 моль KOH(қ)

Презентация

слайд № 2

8 минут

Жаңа сабаққа кіріспе сұрақтар:

1. Моль, ерітінді көлемі және ерітінді концентрацияны байланыстыратын формуланы жазыңыз.

Moл = көлем(дм3коцентрация (мол*дм-3)

2. Көлемі 2000 см3 концентрациясы 1.5 моль*дм-3 HCl ерітіндісінің зат мөлшерін есептеңіз,

3. Көлемі 500 см3 HCl ерітіндідегі еріген заттың зат мөлшері 0,003 моль болса, ерітінді концентрациясын есептеңіз.

Презентация

слайд № 3

10 минут

Мұғалім «Реакция теңдеуі бойынша концентрацияны есептеу» қадамдарын түсіндіреді:

Түсіндіру барысында оқушылар берілген есепті қадамдар бойынша шығарады.

Есеп: 10.0 см3 КОН ерітіндісі 0,1 моль / л көлемі 13,5 см3 HCl ерітіндісімен әрекеттесті.

КОН ерітіндісінің концентрациясын есептеңіз.

1- қадам: Реакция теңдеуін жазыңыз.

HCl(еріт) + КOH(еріт) → КCl(еріт) + H2O(сұйық)

2- қадам: Концентрациясы белгілі ерітіндідегі заттың молін есептеңіз.

Moль HCl(еріт) = көлем(дм3) x конц (моль*дм3) =

( 13,5 / 1000 ) x 0.1 = 1,35*10-3 моль

3- қадам: Реакция теңдеуі бойынша реагенттердің қатынасы бойынша КОН молін анықтап, концентрациясын есептеңіз.

1 HCl(еріт) + 1 КOH(еріт) → КCl(еріт) + H2O(сұйық)

(а) 1HCl(еріт):1КOH(еріт)=>КOH молі=1,35*10-3 моль

(b) Конц (моль*дм3) КОНl(еріт) = Moль / көлем(дм3) = 1,35*10-3 моль / 10.0*10-3 дм3 =0.135 моль*дм3

Презентация

слайд № 4

10 минут

Оқушылар өткен сабақта жүргізген

Практикалық жұмыс нәтижесі бойынша есептеулер жүргізу.

Презентация

слайд № 5

5 минут

Сабақ соңында оқушылар өздерінің оқуы туралы ойланады:

- не білдім?

- не түсініксіз болды?

- Немен жұмыс істеу керек?

Мүмкіндігінше оқушылар белгілі бір критерийлер арқылы өздерінің және сыныптастарының жұмысын бағалай алады.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға жоғары деңгейлі тапсырмалар ұсынылады.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Өзін-өзі бағалау

Өзара бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба?

Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?