Буферлік ерітінділер. Химия, 11 сынып, қосымша материал 1.


Судың иондық көбейтіндісі. Буферлік ерітінділер

Су, әлсіз электролит болғандықтан, иондарға өте аз ыдырайды.

Н2О Н+ + ОН-

Бұл процесс үшін әрекеттесуші массалар заңын қолданып жазуға болады

К – судың диссоциациялану константасы, 220С температурада судың константасы Кдисс=1,810-16 тең болады.

Судың концентрациясы тұрақты деп алып, оны диссоциациялану константасымен Кд біріктіруге болады

Кд Н2О = Н+ОН-

Н2О = 1000 / 18 = 55,56 моль/л

Кд Н2О = КН2О

КН2О = Н+ОН-

КН2О – судың иондық көбейтіндісі

КН2О = Н+ОН- = 1,810-16 55,56 = 10-14

Таза суда Н+ = ОН- = КН2О = 10-7 моль/л

Ерітінді ортасын Н+ концентрациясы арқылы көрсетуге болады:

Н+ = 10-7 - бейтарап орта

Н+ 10-7 - қышқыл орта

Н+ 10-7 - сілтілік орта

Есептеулерде дәрежесі теріс сандарды қолданбас үшін, есептеуге ыңғайлы болу үшін Н+ иондарының концентрациясы сутектік көрсеткіш рН арқылы көрсетеді.

Сутектік көрсеткіш деп теріс таңбамен алынған сутек иондары концентрациясының ондық логарифмі аталады.

рН = - lg Н+ және рОН = - lg ОН- рН + рОН = 14

рН = 7 бейтарап орта

рН 7 қышқылдық орта

рН 7 сілтілік орта

Практикада ерітінді ортасын индикаторлар көмегімен анықталады. Индикаторлар өздерінің түсін ерітінді ортасына байланысты өзгеретеді, оны төмендегі кестеден көруге болады. Мысалы, лакмус рН = 5 – қызыл түсті, рН = 8 – көк түсті

Индикатордың аталуы

Ортаға байланысты индикатор түсінің өзгеруі

Қышқылдық орта

Лакмус

қызыл

көк

түссіз

Фенолфталеин

түссіз

қызғылт

түссіз

Метилоранж

қызыл

сары

қызыл

Тұздардың гидролизі деп тұз иондары мен су иондары әрекеттескенде әлсіз электролит түзілуі нәтижесінде ерітіндідегі сутегі және гидроксид иондарының концентрацияларының өзгеру арқылы жүретін реакцияны айтады.

CH3COO- + HOH CH3COOH + OH- рН 7

Әр бір тұзды қышқыл мен негіз әрекеттескенде түзілген зат деп қарастыруға болады. Осыған байланысты гидролиздің төрт типін бөледі.

1) әлсіз қышқыл және күшті негізбен түзілген тұз гидролизі. Гидролиз анион бойныша жүреді.

CH3COO- + HOH CH3COOH + OH- рН 7

Ерітінді ортасы сілтілік болады.

Егер анион көп зарядты болса, онда гидролиз сатылап жүреді. Бірінші сатыда қышқыл тұз және негіз түзіледі.

SO32- + HOH HSO32- + OH-

Екінші сатыда түзілген қышқыл тұз әрі қарай гидролизденеді.

HSO32- + НОН OH- + H2SO3

2) әлсіз негіз және күшті қышқылмен түзілген тұз гидролизі. Гидролиз катион бойынша жүреді.

NH4+ + HOH NH4OH + H+ рН 7

Егер катион көп зарядты болса, гидролиз сатылап жүреді. Бірінші сатыда негіз тұз және қышқыл түзіледі.

Fe2+ + HOH (FeOH)+ + H+

Түзілген негіз тұз әрі қарай гидролизденеді.

(FeOH)+ + НОН Fe(OH)2 + H+

3) әлсіз негіз және әлсіз қышқылмен түзілген тұз гидролизі. Гидролиз катион және анион бойынша жүреді.

СH3COONH4 + H2O CH3COOH + NH4OH

СH3COO- + NH4+ + H2O CH3COOH + NH4OH

Ерітінді ортасы түзілген қышқылдың және негіздің күшіне байланысты.

Егер гидролиз нәтижесінде газ немесе тұнба түзілсе гидролиз қайтымсыз жүреді. Мысалы, Al2S3, Cr2S3

Al2S3 + 6H2O 2Al(OH)3 + 3H2S

4) күшті қышқылмен күшті негізден түзілген тұздар гидролизге ұшырамайды. Мысалы, NaCl, Na2SO4 т.б.

Гидролизді сандық жағынан гидролиздену дәрежесімен hг және гидролиздену константасымен Кг сипаттайды.

Гидролиз константасы.

Кг – гидролиз константасы

Кқыш – гидролиз нәтижесінде түзілген қышқылдың диссоциациялану константасы

Гидролиздену дәрежесі – гидролизденген молекулалар санының жалпы молекула санына қатынасы.

Гидролиздену дәрежесіне әсер ететін факторлар:

1) температура (температура жлоғарлаған сайын гидролиз жоғарлайды);

2) тұздың концентрациясы;

3) тұздың табиғаты (неғұрлым гидролиз нәтижесінде түзілген қышқылдың немесе негіздің күші әлсіз болса, соғұрлым гидролиз күшті жүреді)

Тұздар гидролизі – жалпы гидролиз ұғымының бір мысалы. Гидролиз деп әр түрлі заттардың сумен алмасып, ыдырауын айтады. Ағаш гидролизі арқылы этил спирті, глюкоза, фурфурол, скипидар, метил спирті т.б. заттар алынады. Тұз гидролизін суды тазарту үшін пайдаланады. Тірі организмде полисахаридтердің, белоктардың т.б. органикалық заттардың гидролизі үздіксіз жүріп жатады.

Буферлік ерітінділер – бұл жүйедегі тепе-теңдікті ығыстыратын шамамен мөлшердегі заттарды қосқанда, сондай-ақ сұйылтқанда немесе концентрлегенде аз өзгеретін, сутегі (гидроксид) иондарының концентрациясы тұрақты ерітінділер.

Буферлік ерітінділер құрамына байланысты бірнеше түрге бөлінеді:

1. әлсіз ыдырайтын қышқыл + осы қышқылдың күшті негізбен түзетін тұзы (бикарбонатты буферлік жүйе )

2. әлсіз негіз + осы негіздің күшті қышқылмен түзетін тұзы (аммонийлі буферлік жүйе )

3. ()

4. амфотерлі ()

Буферлік ерітінділердің негізгі қасиеттерінің қатарына, олардың буферлік сыйымдылығы және рН тұрақтылысы жатады.

Буферлік жүйенің рН-н белгілі бір шамаға дейін ғана бір қалыпта ұстау мүмкін. Ол ерітіндінің сыйымдылығымен анықталады. Осы буферлік сыйымдылық неғұрлым көп болса, ерітіндінің рН-ін өзгертпей, соғұрлым қышқыл мен негіздің эквиваленттік мөлшерлерін көп қосуға болады.

Буферлік сыйымдылық В 1л буферлік жүйенің сутектік көрсеткішін (рН) бір бірлікке өзгертуге қажет қышқыл мен негіздің моль санымен анықталады:

мұндағы с – 1л буферлі ерітіндіге қосылған қышқылдың немесе негіздің мөлшері;

рН1 – қышқыл немесе негіз қосылғанға дейінгі ерітіндінің рН-тың мәні;

рН2 – қышқыл немесе негіз қосылғанға кейінгі ерітіндінің рН-тың мәні

Буферлік әсер сақталынатын рН мәні аймағы буферлік әсер аймағы деп аталады, ол мына теңдікпен анықталады: рН=рК 1 мұнда рК= – lgKдисс

Қышқылдық буферлік жүйелердің рН көрсеткішін келесі формуламен есептеуге болады:

Негіздік буферлік жүйелердің рН көрсеткішін төмендегі формуламен есептеуге болады:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?