Зертханалық тәжірибе №2 "Пластмассалар мен талшықтарды анықтау". Химия, 11 сынып, презентация.


11.2С

Синтетикалық полимерлер

(пластиктер)

Оқу мақсаты

қазіргі уақыттағы «пластик материалдардың» кең ауқымын зерттеу

полимерлер құрылысының ерекшелігі мен полимерлену реакциясының механизмін түсіну

полимерлік құрылымдарды блок-схема түрінде жаза білу

полимерлену мен поликонденсация реакциялары арасындағы негізгі айырмашылықтарды түсіну;

Жетістік критерийлері:

Дағдылар:

Білу, түсіну, қолдану

Оқушы мақсатқа жетеді:

- Жоғары молекулалы қосылыстардың құрылысын түсінсе;

Полимерлердің алыну жолдарын білсе;

Полимерлердің физикалық және химиялық қасиеттерін полиэтилен мысалында көрсетіп сипаттай алса;

Пластик материалдардан туындайтын экологиялық мәселердің мәнін түсінсе;

Пластмассалар, пластикалық материалдар

Пластмассалар, пластикалық материалдар — құрамында бұйымдарды дайындау кезінде созылғыштық немесе жоғары иілгіштік, пайдалану барысында шыны тәріздес немесе кристалдық қалпын сақтайтын полимер бар материалдар. Пластмассалар шыны тәрізді немесе кристалды, диэл. қасиеті жоғары, атмосфера әсеріне тұрақты, мех. жағынан берік болады. Пластмассалардың кез келгенінің (шайыр мен қарамай негізді Пластмассаларды қоспағанда) түп негізін полимерлер құрайды. Мысалы, фенол-фармальдегидті Пластмассалар, поливинилхлоридті Пластмассалар, т. б. аталуы да Пластмассаларға байланысты алынған.

Полимерлерден басқа Пластмассалардың құрамына пластификаторлар,  толықтырғыштар, стабилизаторлар, бояғыш заттар енеді. Макромолекуласы сызықтық, тармақталған немесе торланған құрылымды болады. Пластмассалар гомогенді (бір фазалы) немесе гетерогенді (көп фазалы) материалдар болуы мүмкін. Гомогенді Пластмассаларда полимер  материалдың қасиетін анықтаса, гетерогенді Пластмассаларда полимер байланыстырғыш қызметін атқарады, қалған құрам бөліктері өз бетінше жеке фазалар түзеді.

   Пласмассашикі мұнайдан алынатын қосынды болып табылады.

v  Полиэтилен – қаптама, шелек, сөмке жасау үшін қолданылады.

v  Перпекс (акрил спиртінің ерекше түрі) – көру линзасы, иллюминатор әйнегі, қауіпсіздік белдігін жасау үшін қолданылады.

v  Полиэстр – мата пен шыны талшық өндіру үшін,

v  Полистирол – бір рет қолданылатын ыдыстарды жасау үшін,

v  Эпоксидті смола – берік желім жасау үшін,

v  Акрилдер – бояғыштар мен кейбір киім түрлерін өндіру үшін,

v  Полихлорвинил – құбыр, шланг, көліктердің жабындарын өндіру үшін қолданылады.

Полимерлену өнімдері Пластмассалар (полиэтилен, полистирол, т.б.) негізіндегі Пластмассалар

Поликонден-сациялану (полиамидтерполиэфирлер, т.б.) негізіндегі Пластмассалар

Хим. модификацияланған табиғи полимерлер негізіндегі Пластмассалар (протеин, целлюлоза, галалит)

Табиғи және мұнай асфальттары мен шайыр негізіндегі пластмассалар 

Пластмасса

Шығу тегі бойынша

полимерлер жіктеледі

табиғи (био-

полимерлер)

жасанды

синтетикалық

Крахмал

Целлюлоза

Белок

Табиғи

каучук

Вискоза

Целлулоид

Ацетатты

талшықтар

Полиэтилен

ФФ полимерлер

Синтетикалық

талшықтар

Синтетикалық

каучуктер

Пластмасса қасиеттері:

Жеңіл (тығыздығы төмен)

Оқшаулағыштар

(диэлектрик)

Коррозияға тұрақты

Механикалық берік

Су, газ өткізбейді

Өңдеуі жеңіл

Салыстырмалы арзан

Пластмассалар температура

әсеріне қарай

Термопластикалық

термопластар

Термореактивті

реактопластар

Полиэтилен

Полипропилен

Поливинилхлорид т.б.

Фенолформальдегидті

шайырлар

Полиэфирлі шайырлар

Карбамидті шайырлар т.б.

Термопластикалық (термопластар) полимерлер қыздырғанда жұмсарып, иілгіш болады да, суытса қайта қатайып, өздерінің алғашқы қасиеттерін сақтап қалады. Қыздыру және қысым әсерінен әртүрлі бұйымдар жасауға және қажет болғанда оларды қайта өңдеуге болады.

Термореактивті (реактопластар) полимерлер қыздырғанда иілгіштігін жояды, балқымайтын және ерімейтін болып шығады. Себебі, ол кезде полимердің кеңістіктік құрылымы өзгереді, сызықты молекулалардан кеңістіктік құрылымды молекулалар түзіледі.

Полиэтилен

–(CH2-CH2)n

термопластикалы полимер. Қолмен ұстағанда май тәрізді білінетін ақ түсті зат. Сыртқы түрі жағынан парафинге ұқсас. Полиэтилен судан жеңіл, жаққанда күйесіз көгілдір түспен жай жанады, бөлме температурасында ешбір еріткіште ерімейді.

Оны жоғары қысымда және төменгі қысымда этиленді полимерлеу арқылы алады.

Полиметилметакрилат

–[CH2-C(CH3)CO2CH3]nтермопластикалық,

өте мөлдір, қатты зат, УК сәулелерді өткізеді. Ол

ацетонда, хлорлы көмірсутектерде, күрделі

эфирлерде ериді.

Полихлорвинил

–(CH2-CHCl)n

термопластикалы материал, механикалық беріктігі жоғары, жанбайды. Поливинилхлорид негізінде екі пластмасса алынады: винипласт, пластикат. Химиялық және құрылымдық зерттеулер арқылы полихлорвинилдің молекуласындағы хлор атомдары 1,3 жағдайларда орналасатыны анықталды:

....---СН2 – СН- СН2 – СН – СН2- ....

СI CI

Полипропилен

–[CH2-CH(CH3)]n

қышқыл, негіз және майлардың әсеріне төзімді, кәдімгі температурада ешбір еріткіште ерімейтін термопластикалы материал. Молекулалық массасы 300-700 мың аралығында.

Фенолформальдегид

шайыры

Фенолформальдегид полимерлері ароматты карботізбекті полимерлерге жатады. Қышқыл өршіткі қатысында ν6Н5ОН): ν(CH2O)=7:8 болғанда термопластикалық шайыр, ал өршіткі ретінде аммиак суын пайдаланып және ν6Н5ОН): ν(CH2O)=6:7 болғанда, яғни формальдегид мөлшері аздап артық болғанда кеңістік құрылысты термореактивті шайыр түзіледі.

Фенолформальдегид шайыры

Ұнтақталған шайыр мен толықтырғыш ретінде ағаш ұнтағын араластырып пресұнтақ деп аталатын зат жасайды.

Толықтырғыш ретінде қысқа талшықты мақталар тәрізді талшықты материалдар қолданып, волокниттер деп аталатын пластмассалар алынады.

Толықтырғыш ретінде мақта маталар пайдаланылған болса, ерекше мықты пластмасса- текстолит алынады.

Шыны талшықтарды пайдаланып шыныпластиктер алады. Шыныпластиктер жеңіл және өте берік материалдар.

Химиялық талшықтар:

Жасанды

Табиғи органикалық

материалдарды (ағаш, мақта целлюлозасы) әртүрліхимиялық заттармен:ацетон,сіркесу, азот,күкіртқышқылдарымен арнайы өңдеу арқылы алады.Мұндай талшықтарға нитро-жібек, вискозалы және ацетатты жібек жатады

Синтетикалық

Синтетикалық талшықты әртүрлі заттарды : мұнай,таскөмір,табиғи газ және ілеспе мұнай газын, ауылшаруашылық және және целюлоза-қағаз өнеркәсібінің қалдықтарын химиялық өңдеу арқылы алады.Бұл заттардан жоғары молекулалы шайыр алынады, олар синтетикалық талшықтарды (нейлон,капрон,лавсан,т.б.) өндіруге қажетті бастапқы материал болып табылады

Синтетикалық талшықтар:

Полиамидті(капрон, дедедрон, нейлон);

Полиэфирлі(лавсан, полиэстер);

Полиакрилді(нитрон,акрил, эластан)

1.Полиамидті

капрон, дедерон, нейлон

Ең берік талшықтар, ылғал күйінде де беріктігін сақтайды. Қолмен сипағанда қаттылау, өң жағы тегіс, беріктігі жоғары, жууға төзімді, өңі кетпейді, аз қыртыстанады, күйе түспейді, өтектеуді қажет етпейді.

Капрон маталардың кемшілігі: сусымалылығы, сетінегіштігі, ылғалсіңіргіштігі. Жоғары температураға төзбейді,.

2.Полиэфирлі

лавсан, полиэстер

Берік, жұмсақ және иілмелі талшықтар, қыртыстанбайды, оларды маталардың беріктігі мен созылғыштығын арттыру үшін әртүрлі талшықтармен жиі араластырады.Бұйымдағы қатпарлар жуу мен тазалаудан кейін де сақталады. Лавсан талшықтарын табиғи талшықтарға (жүн,мақта, зығыр)қосып, көйлекке арналған маталар, , трикотаж шығарады

Таза күйінде лавсанды жіптер,техникалық маталар, жасанды тері, кілем жасау үшін қолданады.

Кемшілігі: жоғары температураға төзбейді

Тапсырма: Берілген бірнеше пластмасс және талшық үлгілерінің қандай пластмасс талшық түріне жататынын анықта

Практикалық жұмыс 2

Пластмассаларды және талшықтарды тану

Мақсаты: Пластмассаларды және талшықтарды өзіне тән қасиеттеріне қарай анықтай алу

Пластмассаларды анықтау

Практикалық жұмыс № 13

Пластмасс үлгілерін анықтау

Практикалық жұмыс № 13

Пластмасс үлгілерін анықтау

Істелінген жұмыс қорытындысы

Практикалық жұмыс № 2

Талшық үлгілерін анықтау

Үй тапсырмасы:

Осы PowerPoint презентацияны оқыңыз.

Тақырып бойынша презентация дайындаңыз:

Пластмассаларды алу әдістері және олардың қоршаған ортаға әсері.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?